Бағдарламасы бойынша 5В090100-«Kӛлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру»



Pdf көрінісі
бет6/18
Дата08.06.2022
өлшемі237,33 Kb.
#146200
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
kubaeva azgaliev

 
3.2 Ӛндірістік практиканы басқару
Ӛндірістік практикадан ӛту мерзімі мен ұзақтығы ҚР Білім және ғылым 
министрлігінің 2013 жылғы 16 тамыздағы № 343 бұйрығымен бекітілген 
5В090100 – “Кӛлікті пайдалану және жол қозғалысы мен тасмымалдауды 
ұйымдастыру” мамандығы бойынша тұрпатты оқу жоспарының талаптарымен 
анықталады. 
Күндізгі оқу бӛлімінің студенттері үшін практика тӛртінші және алтыншы 
семестрлерде ӛткізіледі, кӛлемі алты кредитті құрайды, күнтізбелі ұзақтығы – 
15 апта. Сырттай оқу бӛлімінің студенттері үшін мамандықтарының оқу жұмыс 
жоспары бойынша тӛртінші және алтыншы семестрде ӛткізіледі, кӛлемі үш 
және екі кредитті құрайды, күнтізбелі ұзақтығы – 6 апта. 
Ӛндірістік практиканы автокӛлік кәсіпорындарында, жол қызметі мен кӛлік 
инспекциясы бӛлімшелерінде ереже бойынша жеке ӛтеді. 
Практика базалары болып практиканың ӛткізілуіне университет келісім шарт 
жасасқан кәсіпорындар мен ұйымдар болып табылады. Мұндай мекемелердің 
тізімімен, білім алушылар кафедрада немесе контингентті қалыптастыру, 
практика және жұмысқа орналастыру орталығында таныса алады.
Студент 
практика базасын ӛзі таңдай алады және осындай жағдайда міндетті түрде 
кәсіпорыннан практикадан ӛтуге жолдауын сұраған, оның ӛтуіне жағдай 
жасалатындығына 
кепілдеме 
берілген 
қатынас-хатын 
әкелуі 
тиіс. 
Кәсіпорыннан, ұйымнан, мекемеден оқуға жолдамасы бар студенттер 
практиканы осы аталмыш ұйымдардан ӛтеді.
Кафедра практикаға студенттерді олардың ӛтініштерінің негізінде келесілерді 
есепке ала отырып бӛледі:
- оқу-тәжірибелік орындар мен университеттің шаруашылық базаларын; 
- кәсіпорындардың сұранысын; 
- кәсіпорын базалары болып бекітілген орындарын; 
- кәсіпорындардан қатынас-хаттарды. 
Студент практика басталуына бір ай қалғанда, кешіктірмей кафедра 
меңгерушісінің атына ӛту орны, практикадан ӛтетін кәсіпорынның атауы, 
кафедрадағы практика жетекшісінің аты-жӛні, лауазымын кӛрсете отырып, 
ӛтініш жазады. Сырттай оқу бӛлімінің және дистанциялық оқу түрі бойынша 
оқытылатын студенттер ӛтінішті алдыңғы практика үшін сессия уақытында 
жазып тапсырады.



Студенттер практикасына басшылық ету үшін университет кафедрасынан 
практика жетекшісі тағайындалады, практиканың алғашқы кезеңінде туындаған 
барлық сұрақтарын ең бірінші осы жетекшімен бірлесе отыра шешіп, сонымен 
қатар кафедра жетекшісі мен жетекші маманмен кеңесе алады. 
Практика жетекшісі студенттердің ӛндірістік практикаларының қай түрі 
болмасын алдымен ұйымдастырушылық жиналысын ӛткізеді, онда практиканың 
бағдарламасымен, ұйым формаларымен, аралық және қорытынды бақылаумен, 
есептің құрылымы және мазмұнымен, практика бойынша күнделік жүргізу 
тәртібімен таныстырып, әдістемелік материалдар мен құжаттамаларды таратады. 
Сонымен қатар студенттермен еңбек қорғау жӛнінде арнайы жорналда белгі 
салып, инструктаж жүргізіледі, онсыз практикадан ӛту орнына жіберуге рұқсат 
етілмейді. 
Практикаға жолданған студент оның сапалы ӛтуін қамтамасыз ету үшін 
міндетті: 
- практика басталмас бұрын кафедрада жеке тапсырмалар кӛрсетілген 
практика бағдарламасын, күнделікті жүргізу ережесін, жеке тапсырманы 
орындау әдістемесін, кәсіпорынға арналған жолдамасын, кәсіпорыннан 
практика жетекшісіне сауалнама алып, техника қауіпсіздігі инструктаждан ӛтіп, 
жорналда қол қою қажет; 
- ӛзінің міндеттерін білу; 
- практика бағдарламасын оқу, жеке тапсырмасын және кафедрадағы
түсініксіз сұрақтарды анықтау; 
- практикадан ӛту орнына уақытында бару; 
- ӛндіріс орнының жетекшісіне барып, жеке тапсырма және бағдарламамен 
танысып, практика ӛту үшін нұсқау алып, уақытпен және кеңес алу орнымен 
келісу; 
- ӛндіріс орнында ішкі тәртіп ережелерін орындау; 
- ӛндірістік практикадан ӛту кезінде еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі 
және ӛндірістік санитарияны ережелерін сақтау; 
- кәсіпорындағы ішкі еңбек тәртібінің ережелерін сақтау
- жүйелі түрде күнделік жүргізу, университеттегі практика жетекшісі мен 
ӛндіріс орнынан практика жетекшісіне аптасына бір рет қолдарын қойдыртуға 
апару; 
- күнделікке кәсіпорынға, ұйымға, мекемеге келгендігі және практика 
аяқталған соң кеткендігін белгілеу; 
- қорытындылау аптасында практика бойынша есеп құру; 
- практика аяқталуға қалғанда кәсіпорыннан уақытша қолдануға алған 
әдебиеттер мен басқа заттарды, рұқсатнаманы тапсыру; 
- практика аяқталып, университетке оралған соң, 2 күн ішінде практика 
жетекшісіне барлық тапсырмаларды орындағандығы туралы жазбаша есеп, 
және кәсіпорындағы практика жетекшісінен мінездеме және сауалнамалары бар
күнделікті тапсыру; 
- қойылған уақытта практика бойынша есепті қорғау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет