Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


Сыпайы  тоңбас, қалтырар. («М. М.») 4. Аңқау



Pdf көрінісі
бет280/406
Дата13.06.2022
өлшемі3,22 Mb.
#146458
түріОқулық
1   ...   276   277   278   279   280   281   282   283   ...   406
Байланысты:
Қазақ тілі окулық Абуханов-лексика

Сыпайы 
тоңбас, қалтырар. («М. М.»)
4.
Аңқау 
аңдамайды,
әңгүдік 
тыңдамайды. («М. М.»)
5.
Қорлық, мазақ 
көрген Ғазизаның көзінен дүниенің барлық 
қызығы 
кетті. (М. Ә.)
4. Белгілі затқа тіркеліп айтылмай, заттың орнына жұмсалған және жалаң 
арифметикалық белгі ретінде қолданылған сан есімдер де атау тұлғада келіп 
бастауыш болады. Мысалы: 
1.
Алтпау
ала болса, Ауыздағы кетеді.
Төртеу 
түгел болса, төбедегі 
келеді.2. Аларманға 
алтау
аз, берерменге 
бесеу 
көп («М. М.»)
5. Заттық мағынада қолданылып, атау тұлғада тұрған есімше етістік пен 
тұйық райлы етістік те бастауыш бола алады. Мысалы: 
1. 
Тапқан 
қуанар, 
таныған 
алар. («М. М.») 
2. 
Үйде 
отырғандар 
үн шығарған жоқ. (Ғ. Мүсір.) 
3. 
Барғаным— 
жездем Болатбайдың үйі. 
4. 
Солардың түрлі түспен 
құлпыруы 
Ботакөздің көңілін көлден тауға аударды. (С. М.)
6. Сейлемдегі орнына қарай бастауыштың сұрауына жауап беретін үстеу, 
одағай сөздер де бастауыш болады. Мысалы: 
I. 
Оның жұмыс істеуінен гөрі 
ұһлеуі 
көп болды. 2. Еріншектің 
ертеңі 
бітпес. 
 
 149-жаттығу

Мына сөйлемдерді көшіріп жазып, бастауыштардың астын сызыңдар. 
Олардың қай сөз табынан жасалғанын, қандай тұлғада тұрғанын айтыңдар. 
1.Асқар таңертең кешірек тұрды. 
(С. М.) 
2. Ол Мұраттың бетінен көзін 
тайдырып әкетті. 
(Т. А.) 
3. «Кеңөріс» мысалынан біз бүгін колхозды ауыл 
адамдарының үш буынын көрдік. 
(Ғ. Сл.) 
4. Ескі жұмысшыларды басшы 
қызметке батыл көтеру салтқа айналған. 
(Ғ. М.) 
5. Тырағайлап шауып келе 
жатқан аттылардың алдыңғы екеу-үшеуі үйме-жүйме қатар жетті. 
(М. Ә.) 
6. 
Сендер осы мектепте оқисыңдар ма? 
(Б. С.) 7. 
Асықпаған арбамен қоян алар. 
8. Жақсы сөйлесе, аузынан гүл төгіледі, жаман сөйлесе, аузынан жын төгіледі. 


(«М. М.») 
9. Біреулер теңіз өмірінде болған түрлі оқиғаларды айтады. 
(Л. К.) 
10. Сақалын сатқан кәріден, еңбегін сатқан бала артық. 
(А. Қ.) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   276   277   278   279   280   281   282   283   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет