Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет333/406
Дата13.06.2022
өлшемі3,22 Mb.
#146458
түріОқулық
1   ...   329   330   331   332   333   334   335   336   ...   406
Байланысты:
Қазақ тілі окулық Абуханов-лексика

Тақырып бойынша сұрақтар: 
 
1)
 
Қандай сөздерді сөйлемнің бірыңғай мүшесі дейді? 
2)
 
Қандай сөйлем мүшелері бірыңғай болып қолданылады? 
3)
 
Бірыңғай мүшелердің тыныс белгілері қалай қойылады? 
4)
 
Бірыңғай мүшелі сөйлемдердегі жалпылауыш сөзөдер деген не? 
Олардың тыныс белгілері қалай қойылады? 
 
175-жаттығу. 
Сөйлемдерді көшіріп жазыңдар. Бірыңғай мүшелер мен жалпылауыш 
сөздерді тауып, тиісті жеріне тыныс белгілерін қойыңдар. 
1) Бұл жерде ағаш та шөп те атымен жоқ. 2) Орыс тілдерінде қазақ 
жазушылары мен ақындарының Абайдың Жамбылдың Әуезовтың 
Мұқановтың Тәжібаевтың Әбішевтің Жароковтың шығармалары шығуда. 3) 
Біздің алдымызда жатқан соғыс жылдарындағы газеттердің бетінен ерлік 
істерімен тылда да майданда да даңқы шыққан совет адамдарының бейнесін 
көресің. («ҚазССР») 4) Қазір онда киік те елік те бұғы да құлан да қаптап 
кеткен. 5) Қинода спектакль де концерт те осы клубта болады. 6) Жаманшұбар 
мен Досты басып темір жол өтеді деген ой не өңімде не түсімде менің басыма 
кірген емес. 7) Ол әнге әлдеқайдан гармонь гитар скрипка сияқты музыка 
кұралдарының күшті және сазды дыбыстары қосылып кетті. 
(С. М.) 
§ 131. Айқындауыш 
Айқындауыш мүше — анықтауыштың бір түрі. Анықтауыштар белгілі бір 
есім сөзін анықтап, оның түрін, түсін, заттық және қимылдық сапасын, сандық 
мөлшерін көрсетіп тұрады. Сөйлемде өзінің анықтайтын сөзінің алдында 
келіп, не қабыса, не матаса байланысады. 
Айқындауыштар өзінен бұрынғы сөзді екінші бір сөзбен айтып түсіндіреді. 
Айқындауыштардың біркқатары өзінен бұрынғы сөзбен тең мағыналас болып 
та келеді. 
Қазақ тілінде айқындауыш екі түрлі болып келеді: 1) оңашаланған 
айкындауыш мүшелер, 2) қосарлы айқындауыш мүшелер. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   329   330   331   332   333   334   335   336   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет