Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


бір ұғымда қолданылатын, сөйлем мүшелеріне ажыратуға



Pdf көрінісі
бет74/406
Дата13.06.2022
өлшемі3,22 Mb.
#146458
түріОқулық
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   406
Байланысты:
Қазақ тілі окулық Абуханов-лексика

бір ұғымда қолданылатын, сөйлем мүшелеріне ажыратуға 
келмейтін, грамматикалық мағыналарын өзгертіп, тіркестегі орында-
рын алмастыруға болмайтын тарихи қалыптасқан тұрақты сөз тіркес-
терін ф р а з е о л о г и я дейді. 
Фразеологиялық сөз тіркестерінің мынандай ерекшеліктері бар: 1) олар 
біртұтас сөз ретінде даяр қалпында жұмсалады ; 2) мағына тұтастығы болады, 
ол мағына фразеологиялық тіркесті құрастырушы сыңарлардың мағыналарына 
тәуелсіз, өздігінен өмір сүреді; 3) өзге тілге сөзбе-сөз аударуға келиейді;
Қазақ тілінде тұрақты сөз тіркестері беретін мағыналарына, тілдегі қол-
данылатын қызметіне қарай өзара идиомалық тіркестер және мақал-мәтелдер 
болып бөлінеді. 
Идиома.
Тарихи жағынан қолданыла келе бір ұғым ретінде қалыптасқан 
тұрақты сөз тіркестері, жалпы алғанда, бір тектес, бірыңғай болып келсе де,
тіркеске енген сөздердің арақатынастары, өзара мағыналары жөнінен бірдей 
бола бермейді. 
Белді бекем буу, ата жолын қуу, қол қусыру
деген сияқты 
тіркестер мен
қырғи қабақ болу, жүрек жалғап алды, бүйрегі бұрып тұрады
деген тіркестегі сөздерді салыстырсақ, олардың өзара байланысу тәсілдері мен 
мағыналары бірдей емес екенін байқауға болады. Алдыңғы сөз тіркесте-
ріндегі сөздердің жеке тұрғандағы мағыналары мен сол тіркеске еніп тұрған-
дағы мағыналары бір-бірінен алшақ емес және тіркестегі сөздерді бір-бірінен 
ажыратып, синтаксистік қарым-қатынастарын анықтауға болады. Ал кейінгі 
тіркестегі сөздердің жеке тұрғандағы мағыналары тіркеске еніп тұрған мағы-
наларына сәйкес емес. Ол сөздер бастапқы мағыналарынан айырылып, біртұ-
тас мағыналарға айналған. Ол тіркестегі сөздерді ажыратып, синтаксистік 
қарым-қатынас жағынан мүшеге бөліп талдауға келмейді. Мысалы,
жүрек 
жалғап алайық
дегенде
жүрек деген нәрсе бар, оны жалғауға болады
деген 
ұғым тумайды.
Жеңіл-желпі тамақтанып алайық
деген ұғым туады. Бұлар 
дың алдыңғылары жай фрозеологиялық тіркестер де, соңғылары идиомалық 
тіркестер. 
Сөйтіп, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет