"жазушы" баспасы а л м а т ы — 1979 Каз 2



Pdf көрінісі
бет50/76
Дата02.07.2022
өлшемі2,49 Mb.
#147249
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   76
Байланысты:
files dj46sg45

САП АР АҒА ТУР АЛЫ
 
«Он бесте өлең айтқан Доскей едім,
Арқаның адыры емес, төскейі едім,
Салғанда алқа
-
қотан шаршы топқа,
Шалқыған шалқар кұлаш кештей едім».
(Доскей ақын)
.
 
Сонау Семей губерниясындағы Дегелең тауында 1895 жылы 
күзді күні шырылдап жерге түскен нәресте бүгін дәл жетпісте 
отыр.
Сапарғалидың әкесі –
Ысқақ, шешесі –
Зағипа. Ысқақтың 
шешесі Нәлтәй ақын Абайдың анасы
–Ұлжанмен шөбере туыс. 
Анасы Зағипаның тас емшегін жібіткен тұңғышы –
осы 
Сапарғали, көш
-
жөнекей сапарда туып, Сапар атанған болатын. 
Сақал
-
шашын қырау баспай,
198
 


жетпіске жеткенде де пионермен құрдас, комсомолмен тұстас, 
бәрімізбен де замандас Сапекеңнің мерекесі еліміздің зор 
табысы. Бұл өскелең замана сомдап соққан сұлу мүсін, ұлғайса 
да, құлын мүшесін қадірлеп сақтаған совет дәуірінің жемісі. 
Ұзақ өмір сүрсе де, талай тар кезеңді кешірсе де, бетіне бедер, 
сақал
-
мұртына қылау түспеген Сапар аға:
Ата қазақ айқайлап,
Көне өңінен нұр жайнап,
Шежіресін өмірдің
Шебер сөзбен тұр сайрап

Міне, бұған кім қуанбайды? Кигіз туырлықты елімізде 
құлыншақтай ойнақтап, аяғын бозбалаша кербез басып, жетпіске 
жеткен, халқын қуанышқа бөлеп тойлатқан жазба әдебиетінің 
мұндай тың еңбекқор уәкілі болған жоқ еді. Бәйгіден сурыла 
шығып, жеке
-
дара озып келген Дегелеңнің дүлдүлі деп 
атауымыз дұрыс болар.
Көне заманда әрбір жастың өзіне лайықты сыбағасын 
үлестіретін толғау болушы еді. Сонда:
Бес жаста бала болып тұрақтайсың,
Он жаста жарға ойнаған лақтайсың,
Келгенде жиырмаға жігіт болып,
Көрінсе қыз
-
келіншек ыржақтайсың.
Отызда көзі ашылған бұлақтайсың,
Қырықта қия шапқан қылыштайсың.
Елуде ерлер мінген пырақтайсың,
Алпыста ат жемейтін құрақтайсың.
Жетпісте сүйген жардан жырақтайсың,
Сексенде селкілдеген бір дерт келіп,
Тоқсанда балапанша бұлғақтайсың.
Келгенше сонау жүзге кім бар, кім жоқ,
Шыбынжан 
қ
айда барып т
ұ
ра
қ
тайсы
ң
?—
деп тебіренуші еді. Бұл толғаныста елуге жеткенше жедел өседі 
де, алпыстан әрі кейін қарай құлдилай жөнеледі. Сапар аға ескі 
өмірдің осы қағидасын да түбімен күйретіп шықты.
199 


«Көзі ашылған бұлақтай» Сапекең әлі отызда, озса елуге
-
ақ 
жетті, ерлер мінген пырақтай ол, «ат жемейтін құрақтай» 
алпыста да
емес, ал «сүйген жардан жырақтайтын» жетпісіңіз 
«барса келмеске» кеткен сияқты.
Сапекеңнің жас екеніне тап былтыр біткен
«Баян жүрек» 
поэмасы айғақ. Онда ақын көз жеткісіз көне заманды, жоңғар 
мен қазақ елінің арасында орын тепкен жауласуды сөз еткен. 
Соңынан жоңғар қызы Баян мен қазақ жігіті Сайым екеуінің 
арасындағы адал махаббат, сертіне берік адамгершілік дәнекер 
болады, қидаласқан екі елді табыстырып тынады. Ұнамсыз 
кейіпкер Дүркейдің алаңғасар есерлігі өз түбіне жетеді. С онда:
Ашылған жалғыз сөз жоқ
жан сырынан,
Алғандай ай бәһрә күн нұрынан,
Сайымға көзі түссе, елтитін қыз,
Лебізін естіп қалса жан жылынған.
Баян осылай ғашық болады да, сиқырлы сайда, сылдырап аққан 
бұлақтың басында Сайымға сертін береді:
Ант болсын айырылмасқа мынау аспан,
Мынау құм маржан шашу бізге шашқан.
Сыр болсын сылдыраған мынау бұлақ

Бұлғақтап ақ үкісі құрақ басқан,—
дейді. Осы сертін кейін әкесі хан Шажаның алдында да 
пысықтайды.
Біраз уакыт
өткеннен соң Баянның Сайымды сүйгенін сезіп, 
жоңғар жігіті Дүркей хан аулына ат ойнатады, қызды жекпе
-
жекке шақырады. «Кірме құл қазаққа бергенше, сені өз 
қолымнан өлтіргенім мақұл» –
деген байламға келеді ол. Сонда 
Баян сүйген жары Сайым үшін өлімге басын байлайды, жекпе
-
жекке шығуға әкесінен ұлықсат сұрайды:
Тағы да аз кідіріп Баян үнсіз.
Сырым бар жатқа күнгірт, сізге тілсіз.
Айтысқан өз алдыңда сертім қайда?
Өтермін, оны бұзсам, айсыз, күнсіз.

Сайымды күл деп тұр ғой Дүркей қорлап,
200
 


Өзіне бас идірмек мені зорлап,
Жанымнан ұстамасам арымды артық

Ері есер, қызы опасыз ел не болмақ?—
деп ыза қысқан Баянның күңіренген үні естіледі.
Сапар аға ескіні айтқан боп отырып, қазіргі жас ұрпаққа ой 
салады. Қамшыны қатты басты. Тәніңді кірлетсең де, жаныңа, 
арыңа кір жуытпа деп үндейді. Міне, осы поэма тап өткен жылы 
бітті. Жастар махаббатының орасан күшті екенін сонда шертті 
Сапар аға.
«Асыл төл» атты повесть жақында аяқталды. Ақ қағаздың 
бетіне маржандай
тізіліп, неше
-
алуан әуенді ырғақтың дыбыс 
белгілері қатарын түзеп әлі саптасуда. «Бір ауыз мың құлақтың 
хабаршысы»,–
деп, Сапекең өзі айтқандай, еңбекті қайратты жас 
Сапар істейді де, біз тек қана сіздерге жеткізушіміз, 
хабаршымыз.
Сапарғалидың арты жалаңаш емес, құйысқан тістесіп келе 
жатқан өкшелес інілері бар. Алпыстан асса да, әлі қылшылдаған 
жастардай, ат үстінен түспеген ағаларымыз да жетпіске мойымай 
жететініне 
иманымыз 
кәміл, 
сол 
келешектегі 
игілі 
тойларымызды да айта қалғандай
өткізу
адал тілегіміз болсын, 
той тойға ұлассын, мерекелерің құтты болсын, достар!
Біз бұл жерде жетпіс жыл дәурен сүрген, елу жылдай үдере 
еңбек еткен Сапекеңнің өмірбаянын тізбектеп тұрып алғымыз 
келмейді. Өйткені Сапар ағаның елу жылдық еңбегі Октябрь 
революциясымен түйдей құрдас. Қазақ даласына Октябрьдің 
таңы атқанда, елімен бірге мерекеше қарсы алған азамат өзінің 
еншісіне тиген заманның әр кезеңіне өр үнін де қосты. Бүгіп 
қалмай, барып ақтара айтқан ақын –
бұл бәріңізге де белгілі. 
Совет дәуірінің бел баласы, ендеше, оның өмірбаянына 
жаңғырған жаңа заманның өзі айғақ.
Сапарғали кім дегенде, ең әуелі айтарымыз –
ол ақ пейіл 
азамат, қара қылды қақ жарған әділ аға, арналы
ойы бар өрелі 
ақын, өзі жазушы –
прозаик, драматургияға да үлесін қосқан 
өскелең тәрбиеші, 
201
 


ұзақ ізденген, көп талпынған қалам қайраткері деп жауап 
береміз.
Көлемді шығармаларымен Сапекең, өзінің туған елін 
тәрбиелеп өсірсе, өз үйінде бала
-
шағаларына да сондай үлгі, ал 
жазушылар ортасында әділ төреші. Ақ пейіл азаматымыз деудің 
сарыны осында жатыр.
Сапекең өмірі асып
-
таспайды, толып төгілмейді, қойдан қоңыр 
жүреді, үлкен орнын шағын ұстайды:
Жанды еңбегім талпынған,
Орнымды таптым бойға шақ.
Ырзалық алдым халқымнан,
Халқым да шат, мен де шат!—
дейді ол. Осылай өлшеп айтқанына дән ризамыз.
Ол –
ақын, бірақ өлеңді ермек үшін жазбаған, үнемі өзіне тән 
ойын айтқан. Мысалы, 1914 жылы «Айқап журналының 9
-
санында «Қазақ бозбалалары» атты өлеңі басылып шықты:
Талапсыз, ойсыз, бос кеуде,
Ермегің елден ет жеуде,
Көп барған үйің мезі ғой,
Ұялар бірақ кет деуге,–
деп толғайды.
Сол күнде
-
ақ балапан ақын өз тұстарының теріс қылықтарын 
көре алды, жеріне жеткізе әжуалайды. Әбілетше басқан тоғышар 
заманның сиықсыз салт
-
санасын шенеді, еңбекке шақырады.
1916
жылы Сапар дәл жиырма бір жасында ақ патшаның 
июнь жарлығы бойынша қара жұмысқа алынады. Ит арқасы 
қиянда –
сонау Колпин станциясында жүріп, жерін, елін аңсаған 
ақын:
Сағым басып сарылған 
Қай күйде екен сары бел?—
деп сағына
-
сарғая жырлаған.
Сахарада киікше босып, мәдениеттен мешеу қалған елінің мұң
-
мұқтажына ортақ екенін білдіреді, қабырғасы қайысады. 
Ақынның бұл аңсауы өте заңды. Бір кезде
Александр Сергеевич 
202


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет