"жазушы" баспасы а л м а т ы — 1979 Каз 2



Pdf көрінісі
бет69/76
Дата02.07.2022
өлшемі2,49 Mb.
#147249
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   76
Байланысты:
files dj46sg45

Төртінші әңгіме
 

Естігеннің қоспасы көп, мен көргенімді айтайын,—
деп 
бастады Есен.

1952 жыл еді. Аспаны сұрқай, ұшпа бұлты қоймалжың, 
Батыс Сібірдің қоңыр күзі. Ит арқасы қиянда, сонау Омбы 
өзенінің жиегінде, Чумаково атты шағын село бар. Бараба 
даласының солтүстігінде, Тайға тоғайының қойнауында тұрады. 
Михайлов ауданының орталығы осы Чумаково.
309
 


Аудандық
тұтынушылар одағының бас бухгалтері Иван Лазаревич 
Зоновтың қарамағында 1949 жылдан бастап қызмет істеуші едім. Үнемі 
бірге жүрген соң «әкей
-
үкей» болып достасып кеттік. Осы Иван 
Лазаревич бір күні «Абай» романын орысша оқып шыққанын баяндай 
отырып; «Әуезов өзі қазақ па?»

деп тұтқиыл сұрау қойғаны бар емес 
пе?

Я, мынау бір соны сұрау екен, сонда сен қалай жауап бердің?

деп 
килікті Бота.

Оны бізге көпсініп отырсыз ба? Мұхтардан жүз жыл бұрын 
Шоқан Уәлиханов шықты, алты жүз беттей орысша кітап жазып, отыз 
жасқа толмай қыршын күнінде ана дүниеге мезгілсіз сапар шекті. Орыс 
елінің ілгергі буыны, адамзаттың тамыршысы Достоевскийдің, 
Чернышевскийдің досы сол Шоқан еді. Мұхтар Әуезов нағыз қазақ. Өзі 
айтпақшы «Басының
қасқасы болмаса, көңілінің басқасы жоқ». Мен оны 
1923 жылдан бастап білем,

деп мақтана жауап қайырдым.
Күтпеген жерден көлденең тартылған ой буып тастағандай Иван 
Лазаревич аңыра қалды. Аздан соң: Өзіңіз айтқан соң оқыдым, әйтпесе 
бөгде тілден аударылған кітаптың бетін де ашпаушы едім, –
деп сөзін 
енді баяу бастады ол. –
Ана бір жылы Карамзинді оқып түсіне алмай 
түңілгенім бар. Адамдарымың әрекет
-
қимылдары орысқа ұксамайтын
тәрізді, оның үстіне Эраст пен «сорлы» Лизаның арасындағы күйреуік 
махаббат біздің дәуірде болған да жоқ қой. Заты, енді оқитын 
шығармын,

деп маған бір жақсылық істейтіндей сілет қыла сөйледі 
Иван Лазаревич. Сәл бөгелді де енді оқыған кітабы туралы айтуға ойын 
қайта білтеледі:

Мына Абайдың әкесі
Құнанбай сахараны жеке 
меңгерген жалғыз көзді жалмауыз екен ғой, ал баласы Абай 
адамшылығы зор ақын да, әділ жан екен. Мен түсінсем, Әуезов осылай 
бейнелепті. Енді сіз анығын айтыңызшы, осы романдағы уақиғаның бәрі 
де рас па?

деп күдіктенгендей түйіле қарады ол.
310 



Иван Лазаревич
-
ау, бұл роман біздің ардақты ақынымыз Абай 
туралы жазылған. Ол кісі өлгенде Мұхтар сегіз жаста, әкесі Омархан 
Абайдың үзеңгілес досы. Ал, Абайдың аты аталғанда делебесі қозбайтын 
қазақ елінен тірі жанды таба алмайсыз, оның сөзіне ешкім шүбәленбейді. 
Өз әкесі Омарханның жақын досы Абайды Мұхтар көзімен көрген ғой, 
ендеше өтірік айтуға бара алмаса керек,

дей бергенімде сөзімді бөліп:

Дұрыс айтасыз

бірақ қазақ елінің атақты бұлбұлы, ұлы ақыны 
Жамбыл емес пе? Біз осылай түсінеміз. Тағы бір сұрағым бар:

Ақын 
Абай Октябрь революциясына дейін Пушкин мен Лермонтовты 
аударады, сонда тоқсан проценті хат танымайтын көшпелі елде осындай 
адамның
болуы мүмкін
бе?

деп енді қуа сөйлеуді доғарды да, алдымды 
орап буа сөйледі. Түксиген қабағын жазыңқырап жылы ұшырағандай 
кескінін көрсетті, тегі, менің ұлттық намысыма –
қытығыма тигісі 
келмеді білем.
Азырақ үнсіз отырды да:

Сізбен дауласудың қажеті жоқ сияқты, өйткені сол замандағы ет 
жеу әдеті өзіңізден әлі қалмапты. Алдыңызда дайын тұрған қасық пен 
шанышқыны тастай беріп, қолыңызбен қимылдайтын дағдыңыз бар,

деп жеңіл келемеждеп, бір түйреп өтті де:

Сол
Құнанбай, Абайларға 
сонша көп қатын неге керек
болды екен? Бұл салт па? Жоқ, мақтаныш 
па? Осы әйелдер төбелеспей, ұрыспай қалай сыйысқан? Ділдә мен 
Әйгерімі бар, ана бір Тоғжаны мен Салтанаты да қосарланып калмайды. 
Алмағанымен солар да Абайдың әйелдері
-
ау, сірә,

деп жымиды Иван 
Лазаревич. Күлбілтелеп айтылса да, қыңырлау әзілдің көлеңкесі көрініп 
тұрды.

Әл келсе көп әйел алу кемшілік емес қой. Қолыңыз жетпеген соң 
күндеп отырған боларсыз,
деп кезекті жерінде мен де қалжыңға кірістім,
Абайға екі әйелді көпсінесіз, ал орыс елінің князі Владимир
«Солнышко» 
тоғыз жүз әйел алған екен, мына 
311 


Үндістанның патшасы Шадирам он алты мың қатын алған сияқты, 
бұған қалай қарайсыз? –
деп, атты мүлде алысқа айдадым.

Рас болса, сұмдық екен, бірақ кезек үшін емес, «есеп» үшін 
шығар, –
деп шүбәленді де бастапқы ойына қайта оралды:

Сіз мені шытырман шырғалаңы мол қиырға сүйретпеңіз, 
оларыңыздан менің хабарым да жоқ, мына өз еліңіздегі бәйбіше, 
тоқалдың татулығында қандай себеп бар, соны ашып айтыңызшы,

дегенде, мен тұрып.

Ділдә мен Әйгерімде тәтті татулық болған емес, болуы мүмкін де 
емес, «күндестің –
күлі күндес» дейді қазақ елі. Ендеше олар сырттай 
тату, ал іштерінде талай әпжылан арбасып жатыр. Бірақ бәйбіше, тоқал 
күндес таласқанда айқай
-
шу шығара алмайды, өйткені мұсылман діні 
тыйым салған, Мұхамметтің өзі төрт қатын алған, ал кейбір молдалар 
Мұхаммет пайғамбарды мақтай сөйлегенде алпыс әйелі бар еді деп те 
көлгірсиді. Екінші бір тежеу тағы бар –
ол феодализм дәуірі, онда еркек 
қожа, әйелдің басында билік жоқ, ол қалың малға сатып алған күң 
есебінде. Осының бәрін Мұхтар Әуезов, баттита баяндамайды, сұлулап 
суреттейді де оқушысын еліктіре сүйреп отырады, ернінің емеурінімен 
ұқтырады,

деп енді бұралқы сөзді қойып турасына көштім.
Иван Лазаревич үндемей қалды. Әлдене уақыттан кейін әлгі үзілген 
әңгімені мен қайта жалғастырдым:

Біраз қалжыңдастық қой, енді шын жауап беретін екі 
сұрауыңызға келейін, Жамбыл туралы айтқаныңыз дұрыс, бірақ оны 
Абаймен салыстыруыңыз қате, өйткені Абай жазба әдебиеттің сом 
тұлғасы, ал Жамбыл ауыз әдебиетінің бұланайы (Гималай тауы) ғой, 
екеуі де дәулер, адам аспас асқаралы шың. Абай орыс әдебиетіндегі 
Пушкинге жақын, ал Жамбыл болса сонау
«Игорь жасағы жайлы жыр» 
(«Слово о полку Игореве)
312 


жазылған замандағы авторлар сияқты. Екінші сұрауыңыз тоқсан проценті 
хат танымайтын елде
Абайдай ақын болуы мүмкін бе? –
дейсіз. Бұл 
ойыңыз да жаңсақ, өйткені Пушкин, Лермонтовтар тұрғанда Собакевич 
пен Ноздревтер де өмір сүріп жүрді ғой, сіз осыны ескермей отырсыз. 
Вольтер туғанда француз елі де түгел хат танып, шекесі шылқып, 
мәдениеті шеңберінен асып кетті деп ойламаңыз! Тарих олай болған емес, 
«жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шықпай ма?» Әлгі айтқаныңызға орай 
менің сізге қарсы сұрақ қойғым келіп отыр, ол мынау: өзіңіз әдебиетті 
танитын
адамсыз, ендеше дүниежүзілік күллі туындылардан «Абай» 
романы артық па? Немесе қазақ елін білмегендіктен «кеңшілік» (скидка) 
жасап отырсыз ба? Осы «Абай» романын оқып таңырқауыңыздың себебі 
неде? Есіңізге сала кетейін, алғашқы орыс туындыларына Европа 
адамдары да таңырқаған
-
ды, олардың ойы үстірт еді. Сол заманда
-
ақ 
атақты Некрасовтай ақынымыз; «Белинский мен Гогольдерді орыс 
мұжығының базардан сатып алып келе жатқанын көретін күн болса» деп 
арман еткен ғой.
Олай болса, мәдениеттен кенде қалған қазақ елінің мұң
-
мүддесін лениндік совет дәуірі ақтаған болар да халық таланттарының 
бітелген көзін ашқан шығар,

деп ең әуелі шұқшия сұрақ қойып, артынан 
жадырата айтып, сипай қамшыладым.
Сонда Иван Лазаревич:

Мен Толстойдың «Соғыс және бейбітшілік» 
романын, Достоевскийдің «Қылмыс пен жаза» («Преступление и 
наказание») атты шығармасын, тағы толып жатқан дүниелерді оқыдым. 
Соның бәрінен «Абай» артық еді демеймін, алайда кем емес екенін 
байқағандаймын,

деді. Қысылмай, байсал баяндады, сондықтан ойында 
бүкпенің жоқтығын түсіндім,

Я, «шеру оты қаралас, тұяқты тұяқ жібермейді» деген қазақ елінің 
мәтелі бар. Сондай
-
ақ талантты
талант түсінеді, солармен
313 


қаралас отырса, қара үзіп қалмаса, мезгілдің тілегі орындалса болғаны, 
бұл бәрімізге де мерей ғой,

деп сәл кідірдім де:

Ал мына «Абай» 
романы сізге қазақ елін танытыпты, өзіңізді бөтен елдің әдебиетін оқуға 
баулыпты, сөйтіп, Мұхтар Әуезов екі игілікке жеткізген екен, мен осыған 
қуаныштымын,

деп кілт тоқтадым. Әрі қарай ежіктеуге Иван Лазаревич 
ұмтылмады, күн де кешкіріп қалған екен. Тек қызметтен шығар алдында 
маған шұғыл бұрылып:

Айтқаныңызды түгел түсіндім, дауласуым –
ұғыну үшін еді, ал енді 
Құнанбайдай қатал әкеден Абайдай биязы жорға ақын туған
-
ау, біз 
білеміз бе, рас та шығар! Мына Мұхтар да өте шебер жазушы ғой, бұрын 
естімеп едім, тегі қазақ елі үлкен ел екен!
–деп сөзін келте түйді.
Иван Лазаревичтің соңғы айтқан байламы мені қатты қытықтады, тіпті 
өзімді мақтағандай қысылып, азырақ арқам шымырлағандай сезіндім. 
Бөгде ағайынның аузынан тұтқиыл шыққан, қалтқысыз айтылған адал 
ойы жоғары көтерді, жүрегімді қобалжытты. Алайда, ол сөздің ішінде 
азырақ күдіктену де тұрғандай естілді. Мұхтар түгіл Абайдың қазақ 
екеніне кәміл сенбейтін сияқты және оның Құнанбайдан тууына да 
дауласатындай нысайын сездім. Бұл арада үндемей қалу маған қиынға 
соқты. Сонда –
жалғыз олар емес, мәдениетіміздің арнасы кең дегендей 
желіні алыстан тарттым. Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсариндарды 
айтып Абайдың алдын орадым. Кейіннен шыққан сом адамымыз, әлемге 
мәлім академигіміз Қаныш Сәтбаевты жеріне жеткізе суреттеп өттім. 
Сөйтіп шеңберді сомдап соқтым. Алды
-
артын түгел қамтығым келді де 
сүбелі жазушыларымыз: Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Ғабиден 
Мұстафиндерді көсіле мақтай жөнелдім. Ардақты артистеріміз Күләш 
Байсейітова, Қалибек Куанышбаевтарды көзінен тіздім. Кешегі елеулі 
революционерлеріміз Аманкелді Иманов, Әліби Жангелдиндерді
де 
басыңқырап баяндадым. Қыза

314 


қыза барып жаңа шыққан жас әншіміз
Роза Бағланованы да қосып 
қойдым (От басындағы, ошақ қасындағы кемістіктерді алыста жүрген 
адам көрмейді ғой). «Біздерде мынадай бар, мынадай бар» дейтін 
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың сөзін дәл осы арада ұмыта алмадым. 
Кішкене үзілістен кейін:

Иван Лазаревич
-
ау, мен сізге әлі айтпаппын, –
деп бастадым,

Абайды Мұхтар Әуезов үш салада көрсетті ғой. Соның 
бірі –
қазақ елінің асыл қазынасына ие болған жан, екіншісі –
күншығыс 
әдебиетін сарқа білген адам, үшіншісі

орыс мәдениетінен нәр алған 
Абай ғой, Пушкин, Лермонтовтарды аударуы былай тұрсын, солардың 
үлгісімен өзі өлең жазып, еліне сыбаға үлестіргендей. Тағы бір мықты 
жері
–бұл Мұхтар жасаған образдардың шындығы, оның ішіндегі әйел 
образдары қандай көз алдыңда тұрады.
Орыс елінің революцияшыл демократтары
мен жандарал, майорларын 
жарыса аққан қос арнадай етіп, әрқайсысын өз орнында жіліктеп, 
суреттей білген! Сіз Құнанбай образын дұрыс айттыңыз, ал Дәркембай, 
Базаралы бейнелері де ешкімнен осал соқпайды ғой. Өзіңіз де білесіз, 
біздің кейбір азаматтарымыз ұзақ
-
ұзақ романдар жазады. Солардың 
кейіпкерлері де өз тілінде сайрап
-
ақ тұрады, бірақ дауыстары естіледі де 
нағыз бейнелері көбінесе көрінбейді. Әлгі кейіпкерлер қорқу
-
үркуді де 
білмейтін
бір батылдар. Қиындықтан қиындыққа өршеленіп шапшып 
жатады, алайда ойдан туған құр сүлделер сияқты, тірі жанға ұқсамайды. 
Біздің дәуірде туған кесек образдар толып жатыр, өзіміз күнде соларды 
көріп отырмыз. Ендеше, сол бүгінгі ұлы бейнелерді бере білу керек емес 
пе? Жанды тебірентіп, бүгінгі ұлы қайраткерлерді суреттеудің орнына 
құйқылжыған қуаң, сумаңдаған сұйық сөздерге тұншықтырып, көміп 
тастайды
-
ау, түге! Ешнәрсе елестемейді. Бір кезде, сонау классицизм 
дәуірінде Сумароковтай трагедияшыл ақын:
315 


«Шыбын жаным, тамұққа еніп,
Мәңгі сонда болса тұтқын.
Айдай әлем күйреп
-
сөніп,
Бірге өзіммен кетсе
-
ау, шіркін!»
деп үздігіп, күйзелгендей айтқан ғой, бірақ соңынан
В.Г. Белинский 
шығып: «Бір қасық судың бетіне дауыл тұрғызып, жұртты 
тұншықтырғысы келген екен»,

депті.
Міне, Мұхтар Әуезов бұл жағынан келсеңіз бетіне бедер түскен көне 
бейненің өзін құлпырта суреттеп көз алдыңа қаз қалпында алып кеп 
тартқандай емес пе? Кешегіні бүгінгімен астастырғанда, тап осы күнгі 
өмірді жырлап отырғандай сезінесің. Мұхтардың шынайы абыздығы 
осында,

дедім.

Я, дұрыс айттыңыз, біраз кітаптарды мен де оқыдым, алайда, біз 
сыншы емеспіз ғой,

деп Иван Лазаревич езуін тартты да, орнынан 
тұрды.

Өзі өлсе де, сөзі өлмейтін, орны үңірейіп тұратын ағаларымыз 
болыпты, солардың бірі Мұхтар Омарханұлы Әуезов екен. Бетін 
топырақ басқалы бүгін үш жыл толса да оның жоқтығы әлі білініп тұр. 
Көзі барында елемеппіз. Күнделік тіршіліктің әуеніне еріп, оның 
көлеңкесі зор ұлы тұлғасын байқамаппыз. Өледі деп ойламадық та ғой. 
Ердің елеулі екенін бөгде жұрттың ішінде жүрген жан жақсы білсе 
керек. Сондай
-
ақ Мұхтардың аруағы күшті асыл аға, қиядан көретін 
қыран аға екенін мен сонау бір шекеде, Батыс Сібірде жүр

генде, Иван 
Лазаревичтің әлгі сөзін естігенде ғана анық түсіндім. Өз еліңдегі ұлы 
ағаның айбар екенін байқадым. Міне Мұхтарды сонда ғана 
танығандаймын, –
деп сөзін аяқтады Есен.

Тілің балдай екен, Есен, мен де сені бүгін танығандай болдым. 
Көп жылдай бірімізден біріміз адасып көз жазып та қалдық, сөйтіп сырт 
буын болып кеттік қой. Ана бір күні Сәкен туралы сөйлескенде 
құлағымның құрышы қанса да, үнемі күдіктенуге дағдыланған жүрек бір 
жерге тоқырап дауаламап еді.
316 


Біреуді жақсы көрсе мақтайтын, біреуді жек көрсе даттайтын 
тұрлаусыз көптің біріндей сезіну айықпай қойды. Жасырмай 
айтайыншы, бүгін сол күдіктен ада
-
күде ажырап отырмын. Сенің жаның 
адал, жақсының бәріне жалғыз өзің ие сияқтысың!..

деп, ойын 
аяқтамай күмілжіді Бота.

Тап кеше Ұлы Октябрь таңы атты, бұрын зомбылықтың шеңгелінде 
тұншығып қансыраған қазақ енбекшілері қара албастыдай басқан қалың 
ұйқыдан оянды,

деп екпіндете бастады Есен.

Қараңғылық серпіліп 
жарық дүниенің сәулесіне қарай құшағын жайып қуана аттанды, үлесін 
алатын ұлы майданға белсене шықты, оған бүгін тура қырық жеті жыл 
толды.
Талай аласапыранды бастан кешірдік. Баяғыда Сәкім деген кісі 
батырлығын айтып мақтанғысы келгенде "Біз не көрмедік, шырағым, 
өлген қасқырдың үстінен де шауып өттік қой",

деп лепіруші еді. 
Сондай
-
ақ біз де азын
-
аулақ көрдік.
Кейде аспанды темірдей қара бұлт торлап, нөсерлі жаңбыр шүмектеп 
құяды, нажағай ойнап әзірейілше төнгенде зәре
-
құтың қалмайды. 
Шыбын жан шүберекке түйіледі... Артынан айығып ашылады да, 
мажырап күн көрінеді, жердің беті тобарсиды да құлпыра түседі. Жан
-
жануардың бәрі жадырайды. Сөйтіп өткен ұмытылады. Сондай
-
ақ бір 
кезеңде ушыққан жара да жазылып кетеді. Сонау бір мезгілде Сәкеннің 
«Қызыл аты», Ғабиттің «Шұғыласы», Бейімбеттің «Талтаңбайы» жарық 
көрді. Ірі қалам қайраткерлерден осындай зор мұралар қалды да сол 
кезеңді мүлде ұмыттырмай қойды. Шын суреткер жазушының 
тегеурінді қуаты да осында.
Енді өрмектің жүзі ауды, жер ортасына да, ел ортасына да келдік. 
Бастан кешкенді шерте өтіп, шола кету мезгілі де туған сияқты.
Ержетіп есейген сайын бұрын көрген
-
білген азаматтардың біразын 
аңсайды ғой. Бірақ жасы үлкеннің бәрі
бірдей сый
-
құрметке
13

2462 
317 


бөлене бермейді. Ердің ерін, егеудің сынығын көксейді. Игілі еңбектің 
иесіне ажалдың да әлі келмесе керек.
Баяғыда Пушкин өлгенде Лермонтов әлемді тебірентті. Бальзак өлгенде 
Гюго жұртты теңселтті, Гоголь өлгенде Тургенев дүниенің қабырғасын 
қайыстырды, ана жылы Мұхтар Әуезов өлгенде көңіл күйін Ғабит те 
жеріне жеткізе шертті. Халықтың сай
-
сүйегін сырқыратып, жаны 
елжіреп, осындай шын күйіне сөйлеулер күнде бола бермеуі кәдік.
Мен Мұхтар Әуезовтің терезесі тең сырлас досы болғам жоқ, елеусіз 
інілерінің бірімін. Үлкен ағаны пір тұтып, айтқан сөзін көлденең отырып 
тыңдаушымын, –
деп ойын бір түйіп өтті Есен.

Сен қымсынбай
-
ақ айта бер. Сәкен мен Мұхтардың үзенгілес 
достары едік десек те екеумізге ешкім нанбас. Шынайы достарының 
сыбағасына қол сұқпалық. Жасымыз да, біліміміз де олармен 
қанжығаласа алмайды,

деп бір тежеп қойды Бота.

1923 жылдың бас кезінде Мұхтарды Ташкентте көрдім,

деп сөзін 
әрі қарай созды Есен.

Ол заманда
қазақ азаматтарының
фамилиясын, 
әкесінің атын атау түйеден түскендей естіліп, түрпідей тиетін, түптеп 
барғанда әдепсіздікке саятын.
Сквердің алдынан күншығысқа қарай «Москва» көшесі тартады. Ол
көшеде трамвай жүреді. Оңтүстігінде азырақ қиыстай барып, Салар 
өзеніне беттейтін «Қойлық» көшесі бар. Сквердің қақ қасындағы осы 
мүйісте Қазақстанның өкілдік үйі тұрады. «Түрік республика атқару 
комитетінің жанындағы Қазақстанның «хұқықты өкілдігі» (орысшасы: 
«Полпредство Казахстана при турцике») болып атанады. «Хұқықты 
өкілдігі»
–деп әдейі айтып отырмын, өйткені 1922 жылдың бас кезінде 
«Ақ жол» газетінде «Тоқпақ» деген бүркеншік атпен Сұлтанбек Қожанов 
Сәкен Сейфуллинге қарсы мақала жазды, сол мақалада
318 


«Қазақстанның хұқықты өкілі Сәкенге болысты» дейтін
сөз бар. Ал 
Қазақстанның сол кездегі дербес өкілі
Әшім Омаров, оның
орынбасары 
Иван Федорович Киселев болатын. Атын атамай әлгі «Тоқпақ» сол 
Омаровты
соғып өткен
-
ді. Ол дәуірдегі аударма әдісі де осы
тектес еді. 
Ол заманда Түрік Республикасына Тәжікстан, Өзбекстан, Түрікменстан, 
Қырғыз, Қарақалпақ елдері, өзіміздің Сырдария, Жетісу губерниялары
кіретін.
Сол «өкілдік» үйіне Қазақстан азаматтары үнемі
келіп
-
кетіп 
жүрді.
Әшім Омаров Орта Азияның мемлекеттік университетінде, оның 
«фон» (факультет общественной науки) деген факультетінде, екінші 
курсында
оқиды. Полпред болып қызмет істейді. Үлкен бір
бөлмесі бар, 
терезесі скверге қарайды. Осы бөлмеде үш
ағаш кереует (тапчан) 
тұрады, бір кесек кигізбен
ортасынан бөлінген, сөйтіп тағы бір «олжа» 
бөлме
шыққан, сонда мен жатушы едім. «Сұлтанбек Қожанов
қатар 
тұрады, оның кішірек екі бөлмесі бар, ауыз үй
ортақ. Ол кездегі қазақ 
коммунистерінің үйінде дүниемүлік деген болмайды. Совет ақшасы 
(«совзнак»)
миллиондап саналады, өзі үйіліп жатады. Мен қырғыз
-
қазақ 
институтының 
(киринпростың) 
төменгі
даярлық
(младший 
подготовительный) класында
оқимын.
Сол бір қарсаңда Бағаналы Найманнан –
осы күнгі
Ұлытаудан Мұхтар 
Жылқайдаров деген кісі келіп
Әшімнің үйінде жатты. (Ұмытпасам ол 
кісі Өзбекстанға ауысқан өз елінің бір жылқыларын іздеп келіп
жүрді).
Күн жұма болатын. Үстінде қара көк мауыты пальтосы бар, соған сай 
қара көк кепке киген, қайырған қаршығадай дембелше қара жігіт кіріп 
келді. Әшім орнынан
түрегеліп, құшақтасып көрісті, өзінің әйелі 
Зурәмен таныстырды да, Мұхтар Жылқайдаровқа бұрылып:

Бұл
сізбен 
аттас Мұхтар Әуезов қой,

деді.
13* 
319 


Мұхтар
Әуезов шешініп отырды. Дауысы құлаққа майда естіледі, 
сөйлемі де, сөзі де ауыр, шұбалаңқы шығады. Алғаш сөйлегенде тамағын 
кенеп, жөтеле түсіп, кібіртіктеп отырады да бірте
-
бірте көсіледі. Мінезі 
салмақты, ойы өте терең жатқандай. Кейбір орысша сөздері маған 
түсініксіз. Қою қара бұйра шашы шашау шығып ербиіп көрінбейді. Бәрі 
өз орнында жарасып, көлденең қараған жанды магнитше тартады. Ойлы 
көзі тереңдей қадалатын, әдемілеп сөйлеуге аса тырыспайтын адам екен, 
бірақ салдыр
-
салақ та емес. Кедір
-
бұдыр, үзік
-
үзік айтса да естіген 
құлақты табындырып, үйіріп әкетеді. Кере қарыс маңдайына қарап көзің 
тояды. Сөзінің арасында «интеллектуальный, герой, образ» дегендерді 
қолданып отырады. Бір мезгілде: –
Абайды жеңгелері «Телғара»

деп 
атаған екен,

деп қалды. Осыдан былай әңгіме Абайға көшіп неше алуан 
саққа жүгірді. Абайды жақсы көрдім бе, жоқ Мұхтарды
жақсы көрдім бе, 
білмеймін, әйтеуір сөз арасында оқыс айтыла қалған осы бір «Телғара» 
жадымда сақталды. Мұхтар онда шылым тартушы еді –
мені жұмсағанда 
«Селимді» («Селим» –
папиростың аты, сыртына латынша жазылатын) 
әкел деп қадағалап тапсырды.
Артынан осы екі Мұхтарды айыру үшін біреуін (Әуезовты) «Телғара 
Мұхтар», екіншісін (Жылқайдаровты) «Ерғара Мұхтар» деп атайтын 
болдым. Естіп жүрсе де олар мұны елемеді. Міне бүгін, көп заман 
өткеннен кейін бала күндегі шалдуарлықтың көлеңкесі ретінде мұны 
саған ғана
баяндап отырмын ғой...




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет