Білім беру бағдарламасы тыңдаушыға арналған нұСҚаулық


Педагогтің жетекшілігімен жүргізілетін ойында



Pdf көрінісі
бет29/70
Дата19.07.2022
өлшемі1,05 Mb.
#147594
түріБағдарламасы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   70
Байланысты:
3 Тыңдаушыға арналған нұсқаулық 30.07.19 2

1. Педагогтің жетекшілігімен жүргізілетін ойында
педагог ойынға қажетті 
материалдармен балаларды қамтамасыз етіп, ойынды бастап береді немесе ойынды 
бағыттау не баланы бағдарлау үшін ойынға қосылады. Құрылымдалған ойын барысында 
әдетте балаға қашан және не істеу керектігі жөнінде нұсқаулар беріледі. Құрылымдалған 
ойынның/тапсырманың нақты аяқталу кезеңі болуы ойын барысында өрбуі мүмкін 
әртүрлі нұсқалар санын шектейді. Бұл баланың ойынды қабылдауын жеңілдетеді. 
Сонымен қатар ойынның айқын құрылымы балаға ойынның ақырғы нәтижесіне жету 
үшін қандай қадамдар мен іс-әрекеттерді орындау қажет екендігін түсінуге мүмкіндік 
береді. Құрылымдалған ойынның ерекшеліктері балалар үшін алаңсыз ойнауға жағдай 
жасалған ойын/оқу ортасын қамтамасыз етеді, бала мұндай ортада басқа балалармен 
өзара қарым-қатынаста ойынға қажет дағдыларын дамыта алады. Бала ойын ережелеріне 
сәйкес іс-әрекеттерді ұғынып алған соң, ойынды өз бетінше бастап, басқалардың 
көмегінсіз өзі аяқтай алатын болады. 
2. Құрылымдалған ойын 
– 
мектеп жасына дейінгі балаға белгілі бір дағдыларды 
үйретуге және дамытуға бағытталған ойын түрінде ұйымдастырылатын іс-шара. 
Құрылымдалған ойынға әртүрлі қимыл-қозғалыс ойындары мен жаттығулар (секіру, 
өрмелеу), суды, құмды, саз балшықты пайдаланатын ойындар, арт-терапия түріндегі 
ойындар (саусақпен, қылқаламмен, пастель бояулармен, түрлі түсті қарындаштармен 
сурет салу) жатады. 
Құрылымдалған ойында қолдануға болатын материалдарға су, құм, саз, ермексаз 
жатады, бала бұлардың көмегімен өзінің ой-сезімдерін білдіре алады. Бұл материалдар 
сондай-ақ сублимацияның дамуына ықпал етеді.
Атап айтқанда, құрылымдалған 
материалмен жұмыс істеуге арналған сабақ ойын терапиясының ерте кезеңдерінде, 
баланың сезімдері әлі қалыптасып және саналы түрде сезінгенге дейін ерекше маңызды.
Балалардың сумен, бояулармен, сазбен ойнауы олардың өз сезімдерін білдіруіне және 
белгілі бір нәтижеге, жетістікке жету сезімін сезінуге мүмкіндік береді 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет