Білім беру бағдарламасы тыңдаушыға арналған нұСҚаулық


Танымдық оқиғалар қалай жазылады?



Pdf көрінісі
бет44/70
Дата19.07.2022
өлшемі1,05 Mb.
#147594
түріБағдарламасы
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   70
Байланысты:
3 Тыңдаушыға арналған нұсқаулық 30.07.19 2

Танымдық оқиғалар қалай жазылады? 
Оқиғаларды жазу үшін алғашында оларды жазып үйрену керек, ал бұл өте күрделі 
және еңбекті талап ететін үдеріс болып табылады. Бала туралы оқиғаларды 1-ші немесе 
3-ші жақтан ата-анасына арнап жазуға болады. Бала туралы танымдық оқиғаны жазу 
барысында оның не нәрсені жақсы жасай алатынын немесе жақсы жасағанын, яғни оның 
жетістіктерін жазу керек, әр баланың ең жақсы қасиеттерін көре біліп, оның әлеуеттік 
мүмкіндіктерін танып-көре білу керек. Танымдық оқиғаны жазу үшін белгілі бір 
ережелерді сақтау керек және бала жайлы тек шындықты жазу керек. 
Бастапқыда 
педагог баланы/балаларды бақылайды, содан кейін нақты болған бір 
оқиға, не жағдай, не бір сәттік түсірілім немесе топтық белсенділікке (табиғат аясында 
серуендеу немесе өрт сөндірушілер станциясына бару) ден қойылатын, көлемі бір парақ 
немесе бір абзац болуы да мүмкін қысқаша жазба жасайды. 
Осыдан кейін
педагог өзінің түсініктемесін және баланың оқуға қарым-қатынасын 
(батылдық, құмарлық, қайсарлық) сипаттай отырып, өзінің түсініктемелерін қосады, бұл 
балаларды жеке оқыту барысында ең жақсы құрал – «Танымдық оқиға» болады. 
Мысалы, бала үнемі динозаврлардың (немесе теңіз жануарлары, гүлдер және т.б.) 
мүсіндеріне қызығады делік және педагог мүсіншелерді санауды, олармен әңгімелер 
құруды, олардың өміріне қызығушылық таныту, тұратын жерлеріне қызығушылық 
таныту, «Егер динозаврлар жойылып кетпегенде, қазір олар қай жерде өмір сүрер еді?» 
және т.с.с. тақырыптар төңірегінде қиялдап көруді ұсына алады. Осылайша педагог 
баланы дамудың басқа салаларына кіріктіре отырып, оқудың жаңа деңгейіне жетелейді.
Танымдық оқиғаларды айына бір рет немесе одан да жиі жазуға болады, сонымен 
қатар баланың оқушы ретіндегі толыққанды суретін қамтамасыз ету үшін ұзақ уақыт 
мерзімі ішінде жазылуы да мүмкін. 


Прогресс сүзгісі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет