Аударманың Өзекті мәселелері алматы, 2015


бинарлы және бірнеше тілдерден бір тілге немесе бірнеше  тілдерге аударуға арналған –  көптік



Pdf көрінісі
бет45/120
Дата04.09.2022
өлшемі2,17 Mb.
#148709
түріБағдарламасы
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   120
Байланысты:
audarmanyng ozektigi Kulmanov

бинарлы
және бірнеше тілдерден бір тілге немесе бірнеше 
тілдерге аударуға арналған – 
көптік
. Машиналық аударма 
жүйелерінің бірінші түрінің әр уақытта артықтық сипаты адам 
баласының аудару әрекетін модельдеудің және әрбір тілдер жұбы 
деректерінің бинарлық сәйкестіктерін анықтаудың теориялық және 
практикалық мүмкіндіктерінің табиғи жағдаятынан туындайды. 
Машиналық аударманың бинарлық жүйелерінің кемшілігі – 
аударуға тиісті «кіретін» тілге талдау жүргізу кезінде олардың 
қасиеттеріне қатаң түрде тәуелді болуы және әрі қарайғы аударма 
алгоритмін құрастыруда ол тәуелділіктің күрделене түсетіндігі. 


104
Көптік аударма
жүйесі аталған қатаң тәуелділікте болуына 
қарсы мүмкіндіктер тудырып, талдау мен жинақтаудың тәуелсіз 
алгоритмдерін құрастыруға жол ашты. Бинарлық аудармалардың 
қосындысы ретінде түсіндірілетін көптік аудармадағы тіл 
жұптарының саны 
n(n-1)
формуласы арқылы анықталады. Бұл 
өрнектегі 
n
– аудару процесіне қатысатын тілдер жиынының саны. 
Көптік жүйлерді зерттеуші ғалымдар талдау мен жинақтаудың 
баламасы (инвариантты) ретінде 
аралық-тіл
идеясын 
(интерлингва) ұсынды [24].
Көптік аударма жасаудағы «аралық-тіл» идеясын іске асыруда 
ең алғашқы елеулі орынға ие болатын ғалымдардың ішінен 
Н.Д.Андреевтің аты бөліп айтуға тұрарлық [38].
Н.Д.Андреев 
жетекшілік 
еткен 
зертхана 
(ЭЛМП) 
қызметкерлерінің осы бағыттағы көптеген ғылыми еңбектерінің 
жарияланғаны осы саладағы мамандарға мәлім. Осы кезде Кеңес 
Одағы мен шетелдердің ғылыми орталықтарымен басқа да ғылыми 
топтар арасында 
аралық-тіл
мәселесіне қатысты ой-пікірлер қызу 
түрде талқыға түсе бастады. 
Н.Д.Андреевтің концепциясы бойынша, 
аралық-тіл
ұғымының 
негізінде табиғи тілдердің табиғатында конгруэнттік сипаттың 
болмайтындығы жайлы түсінік жатыр. Яғни аралық-тілдің 
жасандылығының заңды екендігі, сол себепті одан конгруэнтті 
емес элементтердің (артикльдер және т.б.) алынып тасталуы мен 
көптеген тілдер үшін конгруэнтті элементтердің (етістіктің үш 
түрлі шағы, көптік жалғау және т.б.) сақталып қалуы қажеттігі 
туындайды. Сондықтан аталған мәселеге арналған алғашқы 
зерттеулерге 
аралық-тіл
өзінің құрылымы жағынан табиғи тілге 
жақын тұрып, соның терминдерімен баяндалады. 
Аралық-тіл идеясын өмірге әкелу мақсатындағы сан алуан 
әрекеттерге қарамай, көптеген тілдерден бір тілге аудару 
тәжірибесі машиналық аударма тарихында айтарлықтай өз орнын 
ала алмады деуге болады. Теориялық тұрғыдан қарастырғанда 
оның себебі аралық-тілдің грамматика мен лексика терминдерінде 
сипатталуында деп түсіндіріледі. Шындығында, ол тек қана 
семантикалық тұрғыда, семантикалық барабарлық түсінігінде 
көрініс табуы қажет болатын.
Сыншылар аралық-тіл арқылы аударма жасаудың төмен 


105
дәрежедегі барабарлығын айта келе, оның аударуға тиісті мәтіннің 
маңызды сипаттамаларының назардан тыс қалып қоятындығын 
айтады: мәтін авторының коммуникативтік және праграматикалық 
ұстанымы, талдаудың актуалдығы және т.б. 
Машиналық аударма жүйесіндегі аралық-тілдің жүзеге аспай 
қалуын лингвистикалық зерттеулердің практикалық тұрғыдағы 
көзқараспен түсіндіретін болсақ, ол өзгеріс енгізу кезеңдерінің 
әдеттен тыс күрделілігінен, ал техникалық жағынан алғанда 
ЭЕМ-ның алғашқы буындарының жад көлемі мен әрекет 
жылдамдықтары көрсеткіштерінің төменгі дәрежелігі деуге 
болады. Мұндай кедергілер бинарлы аударманың экспериментті 
жүйесін құру жағдайында да теріс әсерін тигізді. 
Қазіргі кезде аталған кедергілер әртүрлі аралық-тілді 
іске қосу кезінде өз шешімін табуда. Аралық-тіл мәселесіне 
қызығушылықтың екінші айналымы – жасанды интеллект жүйесін 
құрастыруға байланысты. Себебі, тек осы идея бойынша ғана 
қазіргі кездегі кибернетика саласында зерттеліп жатқан мәтіннің 
мазмұнын түсінетін интеллектуалды жүйелерге жол ашылды 
деуге болады. Бірақ бүгінгі таңның өзінде-ақ аралық-тіл арқылы 
машиналық аударма жұмысын жүзеге асыру кез келген аударма 
жүйесін құрастырушының арманы, жоғарғы мұраты деуге болады. 
Солай бола тұра, аралық-тіл мәселесін зерттеу семантикалық 
теорияның, табиғи тілдің фразалары мен мәтіндерінің 
семантикалық көрінісін анықтау жағдаяттарының даму процесіне 
зор ықпалын тигізді. 
Машиналық аударманың дамуына 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   120




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет