308
Медициналық ұйымның психоневрологиялық, онкологиялық және
инфекциялық бөлімшелерінде оқыту тек жеке түрде жүргізіледі.
Психо-неврологиялық бөлімшелерде оқыту бастапқы және қайталама
бұзылуларды жеңуге, психикалық функцияларды дамытуға, балалар мен
жасөспірімдердің оңалтуына, әлеуметтік-еңбекке бейімделуіне және қоғамға
кірігуіне ықпал ететін компенсаторлық дағдыларды қалыптастыруға
бағытталған дамытушылық (түзету) оқыту форматында жүзеге асырылады.
Психоневрологиялық бөлімшелерде оқыту дамытушылық (түзету) оқыту,
бастапқы және қайталама бұзушылықтарды еңсеруге бағытталған, психикалық
функцияларды дамыту, компенсаторлық дағдыларды қалыптастыру, оңалтуға
ықпал ететін, балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік-еңбекке бейімделуі және
қоғамға кірігуі форматында жүзеге асырылады.
Әлеуметтік-психологиялық бейімделу мақсатында жеке дамыту сабақтары
өткізілген жағдайда оқу жұмыс жоспарының кейбір пәндері қысқартылуы
мүмкін.
Балаларды білім беру ұйымынан тыс оқыту барысында оқу пәндері
бойынша жиынтық бағалау жүргізілмейді.
Медициналық стационардан/оңалту орталығынан шығару кезінде білім
алушыларға қалыптастырушы бағалаудың ағымдағы балдары (1-ден 10 балға
дейін) бар анықтама беріледі.
Білім алушы стационарда/оңалту орталығында тоқсан ішінде болған
жағдайда, оқу жылы әрбір оқу пәні бойынша ағымдағы немесе тоқсандық
бағалары бар, мектеп директоры қол қойған және мөрмен расталған оқу туралы
анықтама беріледі.
Білім алушылармен өткен сабақтарын есепке алу үшін, талаптарға сәйкес
сынып журналы жүргізіледі, онда оқытуды жүзеге асыратын педагогтер өткен
оқу материалының тақырыбын және білім алушылардың алған бағасын жазады.
Журналға баланың тегі мен аты, келген және кеткен күні жазылады.
Жеке оқытудың түрінде өткен материалдың тақырыбы журналға осы
сыныптағы әр баланың оқуы есептеліп отырып жазылады.
Оқытуды тиімді және сапалы ұйымдастыру үшін: оқу жұмыс жоспары,
жалпы білім беретін және қосалқы оқу бағдарламалары, білім беру ұйымдарынан
тыс сабақтар кестесі, топтық/жеке оқыту үлгерімінің сынып журналдары,
балалардың келуін және кетуін тіркеу журналы, мұғалімдердің жұмыс уақытын
есепке алу журналы қажет.
Білім алушылардың ұйымнан тыс білім берудің төменгі ресурстарының
қол жеткізуін қамтамасыз ету қажет: мерзімді басылымдар, білім беру
ұйымының оқу жабдықтары.
Мектеп директорларының және балаларды білім беру ұйымынан тыс
жерде оқытуды ұйымдастыруға жауапты адамдардың іс-қимыл алгоритмі:
Достарыңызбен бөлісу: