59
жетістіктерін бағалау кезінде оқу барысында алынған нәтижелер мен
жоспарланған мақсаттардың арақатынасы маңызды екенін ескеру қажет.
Инклюзивті ортадағы оқу жетістіктерін бағалау кезінде білім алушылардың
психикасына барынша ұқыпты қарау керек, баланың көңіліне тиюі мүмкін
жағдайлардан аулақ болу керек, ерекше білім беруді қажет ететін балалар
дамуының психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеру қажет.
«Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру
ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды
аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту
туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18
наурыздағы № 125 бұйрығына сәйкес
ерекше білім беруді қажет ететін білім
алушыларды бағалау кезінде мұғалім сараланған және/немесе жеке
тапсырмаларды қолданады, сондай-ақ білім алушының ерекшеліктерін есепке
ала отырып, оның ішінде жеке оқу бағдарламаларын іске асыру кезінде бағалау
критерийлеріне өзгерістер енгізеді
.
*
Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды бағалау бойынша толыққанды ақпаратпен
https://adilet.zan.kz/rus/docs/V080005191_
сілтемесі
бойынша,
сондай-ақ
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен әзірленген әдістемелік
ұсынымдардан таныса аласыз: https://uba.edu.kz/.
Достарыңызбен бөлісу: