159
табылады. Жобалау технологияларын қолдану пән бойынша оқу сапасын көтеріп
қана қоймайды, пәнаралық байланысты жүзеге асырады
және оқу пәнін игерудің
тиімділігін арттырады. Жобамен жұмыс істеу барысында білім алушылар топтасып
немесе жеке жұмыстарын жоспарлауды, мақсат қоюды, қажетті ақпаратты іздеуді,
гипотезаны ұсынуды және дәлелдеуді, тәжірибелер жүргізуді, орындалған
жұмыстың нәтижелерін көрсетуді, талдау мен бағалауды, сонымен қатар өз
жобаларын қорғауды үйренеді.
Пәндерді оқыту процесінде білім сапасын жетілдіру мақсатында жеке
тұлғаға
бағытталған проблемалық оқыту, саралап оқыту тәсілдерін, сонымен
қатар іс-әрекет түрлері мен тапсырмаларды ұқыпты іріктеу арқылы дамыта
оқыту тәсілдерін қолдану ұсынылады.
Негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейлерінде «Математика»,
«Алгебра», «Геометрия» пәндерінің базалық білім мазмұны мен оқыту
мақсаттарының жүйелері Үлгілік оқу бағдарлмаларының түрлеріне байланысты.
5-6-сыныптар, «Математика» оқу пәні.
5-6-сыныптарда оқытылатын «Математика» пәнінің білім мазмұнында
пәнді әрі қарай жалғастыруға қажетті материалдар игерілетін болғандықтан
оқыту жүктемесін төмендету
бұл сыныптарда қарастырылмаған, яғни Үлгілік
оқу жоспарларында бөлінген оқу жүктемесі аптасына 5 сағат болып
қалдырылған (11.1-кесте) және осы сыныптарда математика курсы жаңартылған
мазмұнның Үлгілік оқу бағдарламаларымен оқытылады.
Оқу бағдарламасы бойынша 5-6-сыныптарда «Математикалық моделдеу
және анализ» бөліміне баса назар аударылған. Әр бөлімді игерген кезде мәтінді
есептерді шығару ұсынылады. Практикаға бағытталған есептерді қарастыруға
байланысты статистикалық мәліметтерді ұсынуға арналған тапсырмаларды
орындауға көңіл бөлінген.
7-9-сыныптар, «Алгебра» оқу пәні.
Үлгілік оқу бағдарламасы (төмендетілген оқу жүктемесімен) бойынша
7-9-сыныптарда «Алгебра» оқу пәнінің әзірленген Үлгілік оқу бағдарламасында
(жаңартылған мазмұндағы) қарастырылатын бөлімдер толығымен қалдырылған,
айырмашылық бөлімше бойынша оқыту мақсаттарына өзгерістер енгізілген.
Мысалы, 8-сыныпта айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген квадрат
теңдеулерді шешу;
квадраттық функцияны қолданып, қолданбалы есептерді
шығару; 9-сыныпта геометриялық ықтималдыққа есептер шығару және т.б.
7-9-сыныптар, «Геометрия» оқу пәні.
Үлгілік оқу бағдарламасы (төмендетілген оқу жүктемесімен) бойынша 7-
9-сыныптарда «Геометрия» оқу пәнінен әзірленген Үлгілік оқу бағдарламасында
(жаңартылған мазмұндағы) қарастырылатын бөлімдер толығымен қалдырылған,
айырмашылық бөлімше бойынша оқыту мақсаттарына өзгерістер енгізілген.
Оқыту мақсаттарына қойылатын басты талап сәйкес теореманы, қасиетті білу
және қолдану. Апталық оқу жүктемесінің азайтылуына байланысты теоремалар
мен формулаларды қорытып шығару мақсаты білім алушылардан талап
етілмейді.
Сонымен қатар, кейбір бөлімдер мен бөлімшелердің атаулары
нақтыланып, кейбір оқыту мақсаттарының реті өзгертілді.
160
7-9-сыныптарда «Геометрия» пәнін
оқытуда пәннің практикалық
бағыттылығы күшейтіледі.
Төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспарына сәйкес 7-9-
сыныптарда «Геометрия» пәнінің апталық жүктемесі 1 сағатты құрайды.
Сондықтан, осы оқу жоспарымен оқытылатын «Геометрия» пәні бойынша
тоқсандық жиынтық бағалау өткізілмейді, қорытынды баға жартыжылдыққа
қойылады.
10-11-сыныптар, «Алгебра және анализ бастамалары» оқу пәні
11.1-кестеден көріп отырғандай, апталық оқу жүктемесі жаратылыстану-
математика бағытында және қоғамдық-гуманитарлық бағытта оқытылатын
«Алгебра және анализ бастамалары» пәндерінен ғана төмендетілген.
Жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша 11-сыныптағы «Геометрия» оқу
пәніне арналған оқу бағдарламасындағы ұзақ мерзімді жоспарға өзгеріс енгізілген («Жалпы
білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және
факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығына өзгеріс пен
толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2017 жылғы 27 шілдедегі №352 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 7 наурыздағы №105 бұйрығы).
Сондықтан 11-сыныптағы жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша
«Геометрия» оқу пәнінен күнтізбелік жоспар енгізілген өзгерістер бойынша
жасалады.
10-11-сыныптарда «Геометрия» оқу пәнін оқытуда пәннің практикалық
бағыттылығы күшейтіледі.
4. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың нормативтік
талаптарына сәйкес бөлім бойынша жиынтық бағалаудың саны
Білім алушылардың
оқу жетістіктерін бағалау
«Орта, техникалық және
кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың
үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды
өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің
2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығы (өзгерістер ҚР БҒМ 2022 жылғы
12 мамырдағы № 193 бұйрығымен енгізілген) негізінде жүргізіледі.
Осы бұйрықтың 11 тармағына сәйкес «Аптасына 1 сағат оқу жүктемесі
кезінде БЖБ қажет болған жағдайда бөлімдерді біріктіре отырып тоқсанына екі
реттен артық жүргізілмейді, қорытынды баға жартыжылдыққа қойылады». Яғни,
Үлгілік оқу жоспарларында бөлінген апталық оқу жүктемесіне қарай
жүргізілетін БЖБ және ТЖБ «Математика», «Алгебра», «Алгебра және анализ
бастамалары» және «Геометрия» пәндері бойынша 11.3-кестесінде көрсетілген.
11.3-кесте – Апталық оқу жүктемесіне қарай БЖБ және ТЖБ туралы