172
Оқу жүктемесі төмендетілген Үлгілік оқу жоспарына сәйкес (Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 26 қаңтардағы № 25
бұйрығымен толықтырулар енгізілген) 7-9-сыныптарда 1 сағат көлемінде
оқытылатын «Физика» пәні бойынша вариативті компоненттен 2 сағат алуға
мүмкіндік берілген:
1) оқу пәндері: «Алгебра», «Физика» және инвариантты компоненттен
таңдалатын бір пән;
2) оқу пәндері: «Химия», «Физика» және инвариантты компоненттен
таңдалатын бір пән.
3. Оқу пәнінің мазмұны бойынша Үлгілік оқу бағдарламаларына енгізілген
өзгерістер мен толықтырулар
2022-2023 оқу жылында «Физика» пәні бойынша оқу процесін
ұйымдастыруда Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ресми
сайтында https://www.uba.edu.kz орналастырылған Үлгілік оқу бағдарламаларын
басшылыққа алу керек.
Үлгілік оқу бағдарламасы (төмендетілген оқу жүктемесімен) бойынша 7-
9-сыныптарда «Физика» пәнінен қарастырылатын бөлімдер толығымен
қалдырылған, оқыту мақсаттары жүйеленді.
Үлгілік оқу бағдарламалары пәннің базалық білім мазмұнынан, оқыту
мақсаттары жүйесінен, ұзақ мерзімді жоспардан тұрады.
Барлық оқу бағдарламаларында да, Ұзақ мерзімді жоспарда да тақырыптар
мен бөлімшелерді меңгеруге қажетті сағат сандары көрсетілмеген.
Бөлімшелердің арасында сағат сандарын бөлу құқығы практик-мұғалімге
берілген, бірақ материал кестеде көрсетілгендей сол тоқсанда игерілуі тиіс.
Оқу жоспарының көлемін 1 сағатқа дейін
Достарыңызбен бөлісу: