Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



Pdf көрінісі
бет115/181
Дата12.09.2022
өлшемі3,39 Mb.
#149227
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   181
Байланысты:
2022-2023 оқу жылының ӘНХ (1)

Негізгі орта білім беру деңгейінің 5,6,7-сыныптарында «Қазақстан 
тарихы» пәні мазмұнына «Өлкетану» материалдары кіріктіріліп оқытылады. 
«Өлкетану» материалдарын оқыту: 
- білім алушыларда ежелгі дәуірден бастап қазіргі уақытқа дейінгі туған 
жер аумағында болып жатқан тарихи процестердің негізгі кезеңдері мен 
ерекшеліктері туралы білім қалыптастыруға; 
- туған өлкенің табиғи байлықтары, тарихи ескерткіштері және мәдени 
нысандары туралы білімдерін кеңейту;
- туған өлкенің дәстүрлі қолөнері, мәдени және әдеби мұралары мен өңір 
мақтанышына айналған адамдар туралы білімдерін кеңейту;


206 
- туған өлкенің бірегей табиғаты, тарихы мен мәдениетіне деген құрмет 
сезімдеріне тәрбиелеу; оларды қорғауға жауапкершіліктерін арттыруға 
бағытталған. 
Өлкетану материалдары 5, 6, 7-сыныптарда, яғни әр сыныпта 4 сағаттан
12 сағат көлемінде оқытылады. Өлкетану материалдары оқу бағдарламасының 
базалық білім мазмұны мен ұзақ мерзімді жоспарға енгізілді. Оқу 
бағдарламасына сәйкес тоқсандағы бөлімдер мен бөлім ішіндегі тақырыптар 
бойынша сағат сандарын бөлу мұғалімнің еркінде болғандықтан «Өлкетану» 
материалдарын әр сынып бойынша кіріктіріп оқыту ұсынылады.
Негізгі орта білім беру деңгейінде «Қазақстан тарихы» оқу пәні бойынша 
оқу процесін ұйымдастырудағы әдістемелік ерекшеліктер 
Пән мазмұнын зерделеуде: 
Әлемдік тарихи үдерістер аясында түркі өркениеті құндылықтары 
негізінде білім алушылардың тарихи санасын және жасампаз дүниетанымын 
қалыптастыруға басымдық беру; 
Түрік қағандығы, Ұлық Ұлыс – Жошы Ұлысы мемлекеттерін қазақ 
мемлекеттігінің бастауы ретінде көрсетіп, қазақ халқының тарихын тұтастықта 
және бірізділікте оқыту қажет. 
Тарихты оқытуда келесілерге ерекше көңіл бөлу ұсынылады:

тарихты оқыту процесі білім алушының ақпараттың белгілі бір көлемін 
(тарихи даталар, ұғымдар, тұлғалар, оқиғалар) механикалық есте сақтауға емес, 
алған білімі мен білігін оқу мен тәжірибелік міндеттерді өздігінен шешумен 
сипатталатын тұлғалық құзыреттілігін дамытуға;

тарихи оқиғаларды, құбылыстар мен процестерді және тарихи 
тұлғалардың қызметін әлемдік және Отандық тарих контекстінде талдау және 
баға беру дағдыларын қалыптастыруға; 

тарихи деректердің негізінде тарихи зерттеу жүргізу дағдыларын 
қалыптастыру мен дамытуға (гипотезаларды ұсыну, зерттеу сұрақтарын 
құрастыру, деректерді талдау, әртүрлі көзқарастарды салыстыру, нәтижелер мен 
қорытындыларды шығару, өзінің ұстанымын анықтау); 

қазіргі кездегі саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени 
процестерде бағдарлану үшін тарихи білімдерін қолдана білу дағдыларын 
қалыптастыруға бағытталуы тиіс.

Тарихты оқытуда білім алушының оқыған тарихи фактілер мен 
оқиғаларды кеңістікте бағдарлау дағдысын қалыптастыру мен тарихи картаны 
«оқып», оны білім көзі ретінде пайдалануына көңіл бөлу ұсынылады. 
Білім алушыларда тарихи картамен жұмыстың негізі 5-сыныптан 
қаланады, ол картаның шартты белгілерін қолдана білуі, тарихи және 
географиялық нысандарда дұрыс бағдарлана білуді қажет етеді.
Мысалы 6-сыныпта 
«
VI-IX 
ғасырлардағы мемлекеттердің даму 
ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын 
анықтау
» 
атты
 
оқу мақсаты бойынша мұғалім білім алушыларға тарихи картаны 
пайдаланып түсіндіруге тапсырма бере алады, бұл білім алушылардың бойында 
уақыт пен кеңістікте бағдарлану дағдыларының дамуына септігін тигізеді. 


207 
Сондықтан білім алушының алған тарихи білімін кеңістікте бағдарлауға 
мүмкіндік беретін картографиялық дағдысын дамыту ұсынылады. Бұл тарихи 
оқиғаларды, олардың өзгерісі мен даму жағдайын картада белгілеуге берілетін 
тапсырмалардан көрінеді. Білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере 
отырып, презентация, интеллект карталар, диаграммалар жасауға тапсырмалар 
беру ұсынылады. 
7-9-сыныптарда тарихи картаның мазмұнын талдауды қажет ететін 
тапсырмалар жасай отырып, картамен жұмысты күшейту қажет. 
9-сыныпта тарихты оқыту
 
білім алушылардың қазіргі заман тарихының 
маңызды процестеріне, құбылыстарға, оқиғаларға және ұғымдарға баса назар 
аударуға, тарихи оқиғаларды, талдау, салыстыру, көрнекті тарихи тұлғалар 
қызметін бағалау, алған білімі негізінде өз ойын дәлелдеу дағдыларын 
қалыптастыруға бағытталған.
Білім алушыларды оқытылатын кезеңдегі ғылым мен мәдениеттің көрнекті 
өкілдері мен саяси жетекшілердің қызметіне, тарихи оқиғаларға салыстырмалы 
талдау жасау, баға беруге дағдыландыру ұсынылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет