Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



Pdf көрінісі
бет42/181
Дата12.09.2022
өлшемі3,39 Mb.
#149227
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   181
Байланысты:
2022-2023 оқу жылының ӘНХ (1)

 
 


66 
Мектепалды даярлық сыныбының педагогіне қойылатын талаптар
Мектепке дейінгі білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында педагог 
мамандығының мәртебесін арттыру негізгі бағыттардың бірі болып табылады. 
Бұл бағыт дамыту Моделінде белгіленген.
 
Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамытудың жаңа моделіндегі 
педагогтер өз ұйымдарындағы өзгерістердің агенттері болуға тиіс. Ол үшін білім 
беру процесін ұйымдастырушыдан баланы дамыту мен оқыту процесінің
фасилитаторы рөліне өз рөлін өзгерту қажеттілігі талап етіледі. Педагогтер үнемі 
оқып, зерттеу жүргізіп, балалардың даму процесін бақылап және күнделікті 
жұмысына рефлексия жасай отырып, өздерін балалар рөлінде, сондай – ақ 
педагогтер ретінде көруі тиіс. Педагогтің үнемі даму, балаларды тыңдай білу, 
сұрақтар қою, дәлелдер іздеу, оларды сыни тұрғыдан талдау және 
шығармашылық эксперименттер жүргізу қабілеті маңызды.
Педагог сабақтар мен режимдік сәттердің білім беру міндеттерін 
айқындауда тәсілдерді өзгертуі қажет: балаларға үйрету емес, дербес шешім 
қабылдау үшін жағдай жасау, балаларға ойлануға, зерттеуге, салыстыруға және 
осы әрекеттерді бағдарлауға мүмкіндік беру ұсынылады.
Педагогтер үнемі өзін-өзі бағалау процесінде инновацияшыл және 
жауапты бола алады, сонымен қатар белгіленген құжаттаманы уақтылы және 
ұқыпты жүргізеді (№130 ҚР БҒМ бүйрығына сейкес 1,2,3 қосымшалары
)

Балаларды тәрбиелеу және оқыту процесінде мектепке дейінгі ұйымның әрбір 
қызметкерінің рөлі маңызды, сондықтан ұйымның әр қызметкері қажетті 
біліктілік деңгейіне ие болуы тиіс.
Педагогтер мен басқа да қызметкерлер жұмысының негізгі қағидалары:
- оқытудың кіріктірілген тәсілі; 
- баланы толыққанды дамыту; 
- ойын арқылы оқытуға баланы тарту; 
- балаларға өз білімін құрастырушы ретінде қарым-қатынас жасау; 
- маңызды өзара әрекет арқылы шынайы оқыту; 
- инклюзивті білім беру кеңістігін құру; 
- баланың жеке басын құрметтеу; 
- баланы дамыту мақсатында күтім жасау. 
Педагогтің құзыреттілігі: 
- баланы дамыту мен оқытуды терең түсіну; 
- баланың көзқарасын түсіну және қабылдай білуі; 
- баланы мақтай білу, тыныштандыру, сұрақтар қоя білу және балаларды 
жақсы көру; 
- көшбасшылық дағдылары; 
- туындаған мәселелерді шешуге қабілеттілігі; 
- сөздік қордың байлығы және балалардың ой-пікірін айту мүмкіндігі; 
- өз тәжірибесіне үнемі рефлексия жасай білу және оны жетілдіру; 
- эмоционалды интеллекттің жоғары деңгейі. 


67 
Мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері Қазақстан Республикасы Білім 
және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы №514 бұйрығымен 
бекітілген, 2021 жылғы 25 мамырдағы 
№ 232 бұйрығымен өзгерістер мен 
толықтырулар енгізілген жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық 
және халықаралық олимпиадалар мен
ғылыми жобалар конкурстарының 
(ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік 
конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесіне енген «Мектепке дейінгі 
ұйымның үздік педагогі» және «Мектепке дейінгі ұйымның жыл әдіскері» 
республикалық конкурстарына қатыса отырып, кәсіби педагогикалық қызметтегі 
өз жетістіктерін, балалармен өз жұмысының, ата-аналармен бірлескен 
жұмысының нәтижелерін көрсете алады.
Сонымен қатар, жыл бойы балаларға арналған келесі байқаулар өткізіледі: 
1. «Шымырлық пен шеберлік күні» Наурыз мерекесіне орай балалардың 
түрлі әрекет түріне негізделген шығармашылық байқау.
2. «Әжем, анам және мен» аналар мерекесіне арналған отбасылық және 
ұлттық құндылықтарды дәріптеу байқауы.
3. «Мен зерттеушімін» республикалық мектеп жасына дейінгі балалар 
байқауы.
4. «Өнерлі бала» республикалық балалар шығармашылығы байқауы (би, 
ән айту, мәнерлеп оқу және басқа).
5. «Ана тілім - айбыным» Қазақстан халқының Тілдері күніне орай 
шығармашылық байқау. 
6. «Ән шырқайық бәріміз» Республика күніне арналған патриоттық әндер 
байқауы.
7. «Қызыққа толы сәттер» жазғы сауықтыру кезеңін ұйымдастыру 
кезіндегі бейнебаян, фото-сюжеттер байқауы. 
8. «Балаларға базарлық» кітап бұрышын ұйымдастыру байқауы.
9. «Әкем – асқар тауым» әкелердің тәрбие мектебін дәріптеу байқауы. 
Осы байқаулардың ережелері Институттың 
www.irrd.kz
сайтында 
орналастырылған.
Мектепке дейінгі білім беру жүйесін әдістемелік қамтамасыз ету 
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің педагогтеріне кешенді 
әдістемелік қолдауды Балаларды ерте дамыту институтының (бұдан әрі -
Институт) 
www.irrd.kz. 
порталы қамтамасыз етеді. 
Сайтта: 
- мектепке дейінгі білім беру жүйесін реттейтін нормативтік-құқықтық 
актілер (НҚА айдары); 
- әдістемелік ұсынымдар, құралдар және т.б. (әдістемелік әзірлемелер 
айдары);
- Институттың жылдық жұмыс жоспары: 
- республикалық конкурстарды өткізу туралы ережелер, сондай-ақ 
өткізілген іс-шаралардыңт қорытынды ақпараттары және т.б. орналастырылған. 
Сонымен қатар Орталықтың сайтында «Дана бала» республикалық 


68 
ғылыми-ақпараттық 
журналы (әдістемелік материалдар айдары) 
орналастырылған, 
онда 
мектепке 
дейінгі 
ұйымдардың, оның ішінде 
мектепалды даярлық сыныптарының 
педагогтері тегін 
өз мақалаларын 
жариялай алады. Осы айдарда мақаланы рәсімдеуге қойылатын талаптар мен 
ережелермен танысуға болады.Сонымен қатар өткізілген вебинарлардың, 
практикалық семинарлардың материалдары, бейнежазбалары педагогтер үшін 
сайттың «Жаңалықтар» айдарында орналастырылған. 
Бұл портал қолжетімді, материал тегін жүктеледі. 
Сонымен қатар, сайтта Jivosait айдары жұмыс істейді, онда Институт 
мамандары педагогикалық және ата-аналар қауымдастығының сұрақтарына 
жауап береді. 
Мектепке дейінгі білім беру бойынша өзекті ақпараттар орналастыру 
үшін әлеуметтік желілерде (Facebook, Instagram, Telegram, WhatsApp) 
білім басқармалары мамандарының, мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлері 
мен педагогтерінің чаты құрылған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет