Кәсіби қазақ тілі оқу пәні ретінде төмендегідей сипатқа ие:
-
пәнаралық (қазақ тіліндегі сөйлеу мазмұны түрлі білім
салаларынан: тарих, экономика, ақпараттану, химия, физика, биология,
география, математика, және т.б. хабар береді);
-
сан салалы (бір жағынан – сан алуан тілдік құралдарды тілдің түрлі
аспектілерімен: фонетика, лексика, грамматикамен байланысты меңгеру, екінші
жағынан – сөйлеу әрекетінің төрт түрлі әрекетін (тыңдалым, оқылым, жазылым,
айтылым ) жетілдіру қажеттілігі;
-
сан алуан қызметтілігі (оқыту мақсатында және түрлі білім
саласынан ақпарат алу құралы ретінде).
Кәсіби қазақ тілін меңгеру студентті шығармашылық ойлауға, көзқарасын
кеңейтуге, өзінің жеке қасиеттерін жан-жақты ашуға, яғни кәсіби білімін
дамытуға әсерін тигізеді. Студент өзіндік жұмыс орындаудың дағдысын
қалыптастырады, шығармашылық дербестікке қол жеткізеді, сол арқылы тілдік
түсініктерді, логиканың барлық түрлерін (талдау, синтездеу, салыстыру,
тұжырымдама жасау) жетілдіреді.
Бұл айтылғандардың бәрі кәсіби білімді жетілдіруге әсерін тигізетінін,
жоғары білікті мамандарды даярлау міндетін шешудің жолдарын көрсетеді.
«Кәсіби қазақ тілі» пәнінің мақсаты белгілі мамандықтың кәсіби тілінің терең
зерттеп оқу. Кәсіби терминологияның білу көп мағыналы ұғымның мәселесін
шешу үшін бағытталған. Белгілі бір тілде мамандықтын нақты
терминологиялырын, осы жағдайда қазақ тілі, өз мақсатында кәсіби қызметте
базалық санат және адекватты түсініктемелерді қолданады.
«Кәсіби қазақ тілі» пәнін оқыту тіл үйренушілердің белгілі бір тілдік
құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағытталған. Берілген пәнді оқу нәтижесінде
студенттер:
Достарыңызбен бөлісу: