46
5; 12; 15; 16; 19; 42-суреттер) және қысқа (24а; 31; 32; 38; 45; 46; 76; 101-суреттер) сапты болып
келетіндігін көреміз. Қысқа сапты найза "жыда" деп аталады. Сондай-ақ найзаның "сүңгі" деп
аталатын түрі де кездеседі.
Қазақ найзасы басқа да халықтардың найзасы сияқты екі бөліктен, яғни қолға ұстайтын ағаш
бөлігі — саптан және түйреп, жарақат салатын темір бөлігі — бастан түрады. Найза сабына негізінен
қайың, қарағай, емен немесе жергілікті ағаш түрлері пайдаланылса, ал басы темірден,
болаттан
жасалынады. Оның екі қырлы, үш қырлы және төрт қырлы сияқты үштары әдетте қысқа әрі жалпақ,
үзын әрі жіңішке болып келеді.
Деректерге сүйенсек, қазақ найзасының бас жағына, яғни үшының сабына жал-ғанған жеріне
әртүрлі дәреже белгілері ретінде — ту, байрақ жалау, қыл (жібек) шашақтар тағылады (16-сурет).
Соның ішінде: ту — қолбасының, байрақ — әскерба-сының; жалау —
әскер бөліктерінің айыру
белгілері болып саналса, ал шашақ — батырлар белгісі (Ахметжанов, 1996, 70 б.). Кейде шашақорнына
үзынша келген өткір пьішақша бекітілетін болган (45-сурет).
Найзаны жорықта алып жүргенде ыңғайлы болу үшін сабының орта түсына және соңына
қайыстан ілгектер байланатын. Оның орта тұсындағысы қолдың қырына киілсе, ал соңындағысы
үзеңгідегі аяқтың басына ілінеді.
48-сурет
47
Сүңгі — бүл найзаның сауытты тесуге арналған түрі. Оның екі басы да жебелі болып келеді.
Сондықтан айқаста сүңгінің екі басы бірдей қолданылады. Бастарын-дағы "жебесі" негізінде ұзын әрі
жіңішке-үшкір болып келеді.
Жыда — найзаньщ лақтыруға арналған қасқа түрі. Оны көбіне жаяу әскерлер қолданған.
Сондай-ақ, атты әскерлердің қолданғандығы жөнінде деректер бар. Сол деректердің бірінде мөлшелері
10—15 қүлаштай қыл арқанның бір басы жыда сабы-ның соңына, ал екінші басы сарбаздың аяғына
байланады (Смоленский, 1873, 246 б.). Кьіл арқанның бүлай байлануын былай түсіндіруге болады:
біріншіден — сар-баз лақгырған сүңгісін қарсыласына немесе қайдай-да бір аңға тигізе алмай қалған
жағдайда тез табу үшін қолданса, екіншіден — оны асығыс кетіп бара жатқанда аттан түсіп алмау үшін
пайдаланған.
Достарыңызбен бөлісу: