шындығының көркем бейнелеу арқылы ашылуына жол бермеді.
Дегенмен, о лардың көбінде тарихи шындық жазушы қиялы арқау
болған көркемдік шешім арқылы ажарлана түсіп,шынайы өнер
туындылары да дүниеге келіп жатқанын әсте естен шығаруға
болмайды.
Қорыта айтқанда, ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті – шын
мәніндегі алтын ғасыр әдебиеті. Ол – қазақ әдебиеті дамуы
тарихындағы жазба әдебиеттің мейлінше дамыған, ең бір өркенді де
өскелең кезеңі. Алдыңғы дәуірлерді жаңашылдықпен дамытқан,
кейінгі кезеңге дәстүр ретінде жаңа серпін берген өміршең әдебиет.
Достарыңызбен бөлісу: