211
Дт Кт Құжаттар
1010, 1040 3010—3050 Келісімдер, несиелерді есептеу
бойынша есептер, төлем
тапсырмалары
Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында тек қана
активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда баланстың активі мен
пассиві көбейетін 3 типті «Активті-пассивті» операция орын алады.
Бір жағынан кәсіпорын ақша қаражаттары, екінші жағынан бір
мезгілде сол сомаға оның несие берушіге кредиторлық қарыздары
көбейеді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысал
келтіреміз: кәсіпорын банктен 2005 жылы тамыз айының
28 жұлдызындағы № 1326 төлем тапсырмасы мен банктің келісім
шарттарына сәйкес, 3000000 теңге сомада қысқа мерзімді несие
алды. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
1040 — 3010 = 3000000 3 типті операция
А
Достарыңызбен бөлісу: