Аман абасилов әлеуметтік лингвистика



Pdf көрінісі
бет33/111
Дата20.09.2022
өлшемі2,06 Mb.
#150094
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   111
4. Диалекті
– өзге үш формадан ерекшелігі мынадай:
1.Тілдің жүзеге асу формасы бойынша – ауызша.
2.Тілдің қарым-қатынас актісінің жағдайы бойынша – жеке.
3.Тілдік қарым-қатынасқа субъектінің қатыстылық актісі 
бойынша – дайындықсыз.
4.Тілдік қарым-қатынасқа түсушілерді қаншалықты қамтыған-
дығы бойынша – шектеулі.
5.Тілдік құрылымның (форманың) таралу мүмкіндігі бойынша 
– шектеулі.
6. Сөйлеу нормасының сипаты бойынша – вариантты.
7.Сөйлеудің қалыпты нормасы бойынша –жүйеленбеген.
Кестеде көріп отырғанымыздай қарама-қарсы қою принципінде 
тілдің өмір сүру формаларының екі түрі – ауызша әдеби тіл мен 
әдеби тіл кейбір жағдайда күмәнділікте (-), (+) болуы мүмкін. Бұл 
нақтыланбаушылық әрбір тілдің материалын жекелей қарастыру 
нәтижесінде не алынып тасталынады, не басқаша түсіндірілуі 
мүмкін. 
Тілдік жағдаят шеберлігіндегі бұл әлеуметтік лингвистикалық 
әрі таза лингвистикалық жайттар тілдің аталған өмір сүру фор-
маларын толық ашып бере алады. Бұл әмбебап, сондықтан мұны 
кез келген саяси аумақтық ұйымдағы түрлі ұлттық тілдрдің өмір 
сүру формаларын зерттеуде қолдануға әбден болады, ол толық 
дәлелденген.


56
3.1.1 Әдеби тіл
Әдеби тіл – жалпыхалықтық тілдің ең жоғары формасы, жал-
пы адамзаттық құндылықтарының бірі. Ол – ұлт өмірінің әр алу-
ан салаларында прогреске, гуманистік мұратқа қызмет етіп келе 
жатқан, ғасырлар бойы жинақталған рухани құндылықтардың, 
білім мен ғылымның тілі.
Әдеби тіл жалпыхалықтық тілдің өзге тармақтарына: аумақ-
тық, әлеуметтік диалектілік, қарапайым сөйлеу тілі т.б. қара-
ғанда өзінің қырланып, екшеліп сымбаттала түскен ерекшелігі-
мен, тіл жұмсаушылардың бәріне ортақ нормаларының қалып-
тасқандығымен, стилдік тармақтарының тарамдала түскен қасие-
тімен айырықша болып тұрады. Оның қоғам өмірінің бұқаралық 
ақпарат, көркем әдебиет, саяси, мәдени өмір, ғылым-білім, ресми-
құқық т.б.салаларында және отбасы мен тұрмыста қолданылатын 
қызметтік стильдік тармақтары бар. Әдеби тілдің ең озық үлгілері 
ауызша және жазбаша түрінде ұрпақтан–ұрпаққа сабақтастығы 
үзілмей жетіп, дамып, жетіліп, нормаланып отырады.
Әдеби тілдің жалпы сипаты, анықтамасы, қызметі туралы 
көптеген зерттеулер, арнайы еңбектер баршылық. Солардың ішін-
де әдеби тіл төңірегіндегі құнды еңбектердің авторы, академик 
В.В. Виноградов тілдің бұл формасы жайында : «Трудно указать 
другое языковое явление, которое понималось бы столь различно, 
как литературный язык», – дейді [21, 288.]. 
Қазіргі ұлттық кезеңдегі әдеби тіл туралы жазылған тілші 
ғалымдар еңбектерін негізге ала отырып, Ф.П.Филин әдеби тілге 
анықтама беруге қатысты мынадай жеті түрлі белгіні көрсетеді 
[22,176.]: 
1) икемділігі;
2) нормалылығы;
3) қалыптылығы;
4) оны меңгерген қоғам мүшелерінің барлығына міндеттілігі, 
жалпыхалықтық тілдер жүйесінде жетекші рөл атқаратындығы;
5) стильдік тармақтарға тарамдалуы;


57
6) әмбебаптығы, яғни қарым-қатынастың барлық салаларын 
қамтамасыз етуі;
7) ауызша және жазбаша түрлерінің болуы 
Әрине «әдби тіл» ұғымның белгілері осылар ғана екен деп 
түсінуге болмайды. Оған жоғарыда келтірген А.Едличканың кес-
тесіндегі, сондай-ақ өзге де ғалымдардың көрсеткен сипаттамала-
рын, анықтамаларын атауымызға болады.
Сонымен


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет