Аман абасилов әлеуметтік лингвистика


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТІЛ ТУРАЛЫ



Pdf көрінісі
бет95/111
Дата20.09.2022
өлшемі2,06 Mb.
#150094
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   111
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТІЛ ТУРАЛЫ 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ 
1997 жылғы 11 шілде № 151
Осы Заң Қазақстан Республикасында тілдердің қолданылуының 
құқықтық негіздерін, мемлекеттің оларды оқып-үйрену мен дамы-
ту үшін жағдай жасау жөніндегі міндеттерін белгілейді. Қазақстан 
Республикасында қолданылатын барлық тілге бірдей құрметпен 
қарауды қамтамасыз етеді.
I
тарау
Жалпы ережелер
1-бап. 
Негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
диаспора
 
– өзінің тарихи шығу тегінен тысқары елде тұрып 
жатқан халықтың бір бөлігі (этникалық қауымдастық);
ономастика 
– тіл білімінің жалқы есімдерді, олардың пайда бо-
луы мен өзгеруінің тарихын зерттейтін бөлімі;
орфография
 
– дұрыс жазу ережесі, сөйленген сөзді (сөздер мен 
грамматикалық тұлғаларды) жазбаша беру тәсілдерінің бірізділігін 
белгілейтін ережелер жүйесі;
топонимика 
– ономастиканың географиялық объектілердің ата-
уларын, олардың пайда болуы, өзгеру, қолданылу заңдылықтарын 
зерттейтін бөлімі;
транслитерация
 
– бір графикалық жүйедегі мәтіндер мен же-
келеген сөздерді басқа графикалық жүйенің құралдарымен әріппе-
әріп арқылы беру.
2-бап. 
Осы Заңның реттейтін мәселесі
Мемлекеттік, мемлекеттік емес ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі 


208
басқару органдарының қызметінде тілдерді қолдануға байланысты 
туындайтын қоғамдық қатынастар осы Заң реттейтін мәселе бо-
лып табылады.
Осы Заң жеке адамдар арасындағы қатынастарда және діни бір-
лестіктерде тілдердің қолданылуын реттемейді.
3-бап. 
Қазақстан Республикасындағы тіл туралы заңдар
Қазақстан Республикасындағы тіл туралы заңдар Қазақстан 
Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан, 
тілдерді қолдануға және дамытуға қатысты Қазақстан Респуб-
ликасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Тіл туралы заңдар Қазақстан Республикасының азаматтарына, 
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктерге және 
азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады.
4-бап. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет