5
1
Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беруге қажеттілігі бар
балаларды қолдауды ұйымдастыру бойынша халықаралық тәжірибе
Қазіргі таңда әлем елдері инлюзивті білім беруді балаларды кез келген
түрде шеттетуді болдырмайтын, барлық тұлғаларға тең қарым-қатынасты
қамтамасыз ететін және ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға арнайы
жағдай жасауды қарастыратын идеологияға негізделген оқытуды
ұйымдастырудың перспективті формасы ретінде мойындайды. Осы орайда
«инклюзивті қоғамға көшу» адамдар арасындағы айырмашылықтар тұрақтылық
қауіпі ретінде емес, өзара бір бірін байыту қоры ретінде қарастырылатын
әлеуметтік қарым-қатынастарды қалыптастыру терең және күрделі процесс
екендігін түсінген жөн.
Инклюзивті білім беруді әрбір адамға өз қабілеттерін іске асыруға және
әлеуметтік, саяси, экономикалық процестерге араласу мүмкіндігін берумен
байланыстыра отырып, бала мен оның қажеттіліктері проблема болып
табылмайтынын ұғынған жөн. Білім жүйесі, білім беру кеңістігіндегі
адамдардың ойлау жүйесі өзгеріп, трансформация процесіне ұшырауы керек.
Инклюзивті процестерді іске асыратын заманауи мектеп толерантты
қоғамның және жоғары инклюзивті мәдениеттің нышаны бола отырып, ең
алдымен толығымен және сөзсіз инклюзивті білім берудің сегіз негізгі
принциптерін қабылдап сақтауы қажет:
1. Адам құндылығы оның қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен
анықталмайды.
2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.
3. Әрбір адам қарым - қатынасқа құқылы.
4. Барлық адам бір - біріне қажет.
5. Білім шынайы қарым - қатынас шеңберінде жүзеге асады.
6. Барлық адамдар құрбы - құрдастарының қолдауы мен достығын қажет
етеді.
7. Әрбір оқушы үшін жетістікке жету - өзінің мүмкіндігіне қарай орындай
алатын әрекетін жүзеге асыру.
8. Жан - жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.
Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беруге қажеттілігі (ЕБҚ)
бар балаларды қолдауды ұйымдастыру бойынша шетелдік тәжірибеге шолуды
жүзеге асыруда кеңестік дефектологиялық ғылым мен арнайы білім жүйесінің
бай мұрасы бар таяу шетелдің тәжірибесіне ерекше көңіл бөлінді. Бүгінгі таңда
кеңестік жүйеден шыққан барлық елдер трансформация мен интеграция
процестерінен тұратын білім беру жүйесін жаңғырту жолымен жүріп келеді.
Бұл процестердің мәні бір болғанымен, әрбір ел өз жолын ұстанып келеді.
Көптеген тиімді кіріктіру модельдері арасындағы айырмашылықтар инклюзивті
білім беру қоғамдастығын ұйымдастыру әдістері оқыту технологиялары, көмек
беруші қызметкерлердің рөлі, оқыту бағдарламаларын өзгерту тәсілдемелері,
жағымсыз мінез-құлықты түзету және алдын алуға қатысты болады.
6
Инклюзивті білім беру
Достарыңызбен бөлісу: |