54
Артросиндесмология
ұшымен — шынтақ сүйектің біз тәрізді өсіндісіне бекінеді.
Дисталды кәрі жілік-шынтақ буыны пішіні бойынша цилиндр
тәрізді, айналу білігі вертикалды және осындай проксималды
буынмен қызметі жағынан тұтас үйлесімді буын түзеді.
Сүйек аралық жарғақ,
membrana interossea,
мықты фиброзды
жылтыр табақша (синдесмоз), кәрі жілік пен шынтақ сүйектердің
margo interossea-лары
арасында керілген және білек бұлшықеттері
бекінуі үшін негіз болып табылады. Жарғақтың жоғарғы жиегінің
астында тесік орналасқан, ол жерде
art. interossea posterior
өтеді.
Жарғақтың төменгі бөлігінде де тамырлар өтетін бірнеше тесік
болады; олардың ішінде ең үлкенінен
a. interossea anterior
өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: