АЯҚ СҮЙЕКТЕРІНІҢ ҚОСЫЛЫСТАРЫ
ЖАМБАС СҮЙЕКТЕРІНІҢ ҚОСЫЛЫСТАРЫ
Жамбас сүйектерінің қосылыстары,
адамда тік жүруіне бай-
ланысты ішкі ағзалардың ұсталып тұратын жері және түлғаға
түскен жүктеменің аяқтарға ауысатын жері болып табылады,
сондықтан да бұл жерге өте үлкен жүктеме түседі. Шеміршек
арқылы қосылысқан жеке сүйектер бір сүйекке бітісіп жамбас
сүйегін құрайды, яғни синхондроз синостозға айналады. Бірақ екі
қасаға сүйектерінің қосылған жеріндегі синхондроз синостозға
ауыспайды, симфиз түрінде қалады.
Екі жамбас сүйегінің сегізкөзбен қосылысы қозғалғыштық пен
мықтылықты қажет ететіндіктен, шынайы буын — диартроз құрап,
байламдармен (синдесмоз) мықтап бекітіледі.
Адамның жамбас сүйегінде қаңқаның даму кезеңдерін көр-
сететін қосылыстардың барлық түрі кездеседі: синдесмоздар
(байламдар) түріндегі синартроздар, синхондроздар (жамбас
64
Артросиндесмология
сүйектерінің бөліктері арасында) және синостоздар (олар біртұтас
жамбас сүйегіне біріккеннен кейін), симфиз (қасағалық) және
диартроздар (сегізкөз-мықындық буын). Жалпы жамбас сүйектері
арасындағы қозғалғыштық үлкен емес (4-10°).
1.
Сегізкөз-мықын буыны,
art. sacroiliaca,
қатты буындарға
(амфиартроз) жатады, сегізкөз және мықын сүйектерінің
бір-біріне жанасатын қүлақ тәрізді буындық беттерінен
түзілген. Оны
tuberositas iliaca
және сегізкөз арасында
орналасқан адам денесіндегі ең мықты байламдар болып
табылатын қысқа будалар,
ligg. sacroiliaca interossea,
бекітеді. Бұдан басқа бұл буынды сегізкөз және мықын
сүйекті байланыстыратын мына байламдар да бекітеді:
алдынан —
ligg. sacroilfaca ventralia,
артынан —
ligg.
sacroiliaca dorsalia,
сонымен қатар V бел омыртқасының
көлденең өсіндісінен
crista iliaca-ға
қарай керілген,
lig.
iliolumbale.
Сегізкөз-мықын қосылысы қан тамырларын
аа. lumbalis,
iliolumbalis et sacrales
laterales-терден алады. Тамырлық қа-
ны аттас тамырларға құйылады. Лимфасы терең лимфа
тамырлары арқылы
nodi lymphatici sacrales et lumbales-ке
құйылады. Буынның жүйкеленуі бел және сегізкөз өрімінің
тармақтары арқылы.
2.
Қасаға симфизі,
symphysis pubica,
ортаңғы сызық бойында
орналасып, екі қасаға сүйекті өзара байланыстырады. Бұл
сүйектердің бір-біріне қараған
facies symphysis-тері
гиалин
шеміршегімен жабылған, олардың арасында талшықты-
шеміршекті табақша,
discus interpubicus
, болады, ондағы
синовиалды саңылау (жартылай буын) 7 жастан бастап пайда
болады. Қасаға симфизі тығыз сүйек қаппен және
байламдармен бекітілген; жоғарғы жиегінде —
lig. pubicum
superius
және төменгі жиегінде —
lig. arcuatum pubis.
3.
Lig. sacrotuberale
және lig. sacrospinale —
екі берік сүйек
аралық байламдар, сегізкөзді екі жағынан жамбас сү-
йектермен байланыстырады: біріншісі —
tuber ischii-мен,
екіншісі —
spina ischiadica-мен.
Аяқ сүйектерінің қосылыстары
65
Осы айтылған байламдар жамбастың сүйекті негізін артқы
төменгі бөлімінде толықтыра отырып, үлкен және кіші
шонданай тіліктерін аттас тесіктерге:
foramen ischiadicum
majus et minus-қа
айналдырады.
4.
Жапқыш жарғақ,
membrana obturatoria, —
фиброзды та-
бақша, жамбастағы
foramen obturatum-ды
жауып тұрады, тек
жоғарғы латералды бұрышында ғана тесік үшін орын қалады.
Қасаға сүйектегі
sulcus obturatorius-тің
жиектеріне бекініп,
аттас өзек,
canalis obturatorius,
пайда болады, бұл жерден
жапқыш тамырлар және жүйке өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: |