Артросиндесмология
11
талшықтар азайып, жүктеме кезінде периодонт зақымдалады да,
қандануы мен жүйкеленуі бұзылып, тістер босап және түсіп
қалады.
Шеміршекті қосылыстар — синхондроздар. Бұл қосылыстар
гиалинді немесе фиброзды шеміршектен тұрацы. Бұл ше-
міршектерді бір-бірімен салыстыратын болсақ, гиалинді ше-
міршек серпімді, бірақ мықтылығы төмендеу болып келеді. Гиа-
линді шеміршек арқылы түтікті сүйектердің метафиздері мен
эпифиздері және жамбас сүйектің жеке бөліктері қосылысады.
Фиброзды шеміршек негізінен коллагенді талшықтардан тұрады,
сондықтан мықтырақ, бірақ серпімділігі төмендеу болады. Мұндай
шеміршекпен омыртқалардың денелері байланысады. Шеміршекті
қосылыстардың мықты болуының тары бір себебі, бір сүйектің
сүйек қабы үзілместен екінші сүйекке ауысады. Шеміршек
тұсында ол шеміршек қабына айналады да, ол шеміршекпен тығыз
бітісіп, байламдармен бекітіледі (1-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: