Дәріс №2 топырақтану жəНЕ топырақ туралы ғЫЛЫМ топырақ ТҮзілу процесі 1 Үгітілу және топырақтың түзілуі



Pdf көрінісі
бет7/9
Дата24.09.2022
өлшемі0,56 Mb.
#150595
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
2. Тема 2

күлдік элементтер
(С, О, Н, N-
тан басқа химиялық элементтер) оның органикалық заты құрамына 
кіреді. Өлгеннен кейін органикалық зат топыраққа түсіп 
микроорганизмдер əсерінен терең түрленуге ұшырайды, ал күлдік 


элементтердің басым бөлігі өсімдіктердің сіңіруіне қолайлы пішінге 
еніп, жаңа органикалық заттың құрамына кіреді, бір бөлігі 
топырақта кідіріліп немесе сумен төмен шайылады. Нəтижесінде 
топырақ-өсімдік жүйесіндегі күлдік химиялық элементтердің заңды 
айналымдық миграциясы, яғни 
биологиялық зат айналы-мы 
жүреді. 
14-сурет. 
Топырақ актиномицеттері мен саңырауқұлақтары: 
 
– актиномицет мицелиі (х1000); б – бірклеткалы мукорлық 
саңырауқұлақ; в – көгерткіш саңырауқұлақ (х100) 
(В. В. Добровольский оқулығынан, 1999) 
Топыраққа тек микроорганизмдердің ғана емес, сонымен катар онда 
мекен ететін көптеген зоофауналар, қарапайымдылар төменгі жəне 
жоғары сатылы жан-жануарлар, кұрт-құмырсқалардың пайдасы көп. 
Мысалы, жауын құрты əртүрлі өсімдіктер қалдығымен қоректеніп, 
денесі арқылы органикалық заттарға бай, суға шыдам-ды топырақ 
түйінділерін (капролитті құрылым) шығарып топырақ қабаттарын əрі-
бері тесіп өтіп, ондағы су ауа режимін жақсартады. Осыған 
байланысты, Ч. Дарвиннің «Топырақты адам қоғамы соңғы мыңдаған 
жылдар бойы жыртып келеді. Ал оған дейін топырақты бірнеше 
мыңдаған жылдар осы жауын құрты жыртып келген» деген тамаша 
айтылған сөзі бар (Ч. Дарвин. 1986). 
Қазіргі кезде топырақта өмір сүретін организмдерді тек оны 
мекендейтін тіршілік иесі ретінде емес, оның бір бөлігі деп қарайды, 
яғни бұлар да топырақ құрамына кіреді деген сөз. Сондықтан 
топырақты тірі дене деп есептейді. Топырақтану ғылымының 
геологиялық ғылымдар емес, биологиялық ғылымдар қатарына 
жатқызылуы да осыдан болса керек. 
Ауа райының топырақ түзудегі рөлі орасан зор. Климатқа, яғни 
ауадан түсетін ылғал мөлшеріне. ауа температурасының ыстық, 
суығына, үсіксіз уақыттың қысқа немесе ұзақтығына қарай əр жерде 
əртүрлі өсімдік, жан-жануарлар мен микроорганизмдер тіршілік 


етеді. Олардың əрекетінен əр жерде əр түрлі топырақтар түзіледі. 
Мəселен, шөлде шөл топырағы түзілсе, тундрада мəңгі тоң астында 
дамымаған, мəңгі жас, құнары аз топырақ, ал ауа райы жайлы, одан 
түсетін ылғалы мол, күн сəулесі жеткілікті аймақтарда құнары мол 
қаратопырақ түзіледі. 
15-сурет. 
Топырақ балдырлары:
 
а
 

 
жасыл балдыр; 
б – көк-жасыл жіпше балдыр; в – диатомдық балдыр (х 1000). 
Топырақ түзілу құбылысының жылдамдығы (белсенділігі) 
ғарыштан келетін күн сəулесінің қуатына тікелей байланысты. Күн 
сəулесімен қатар, тірі организмдерге ылғал қажет, осыған 
байланысты топырақ түзілу жылдамдығы, күні, жылы əрі ылғалы 
мол аймақтарда өте жоғары, ал керісінше, ылғалы аз, күні суық 
немесе ыстық аймақтарда бұл құбылыстардың белсенділігі төмен. 
Осы себептен де климат жағдайларына топырақтың химиялық жəне 
минералдық құрамдары тікелей байланысты. 
Күні жылы, ылғалы мол аймақтарда топырақ минералдары 
негізінен қатты үгілген, балшықты екінші минералдардан, ал күн 
райы ыстық немесе суық, ылғалы өте аз аймақтар топырақ 
құрамындағы минералдардың басым бөлігі, жөнді үгілмеген 
алғашқы минералдардан тұрады. 
Ылғалы мол аймақтын топырағында суға ерігіш тұздар аз 
кездессе, керісінше, құрғақ, шөл аймақтар топырақ құрамы суға 
ерігіш тұздарға бай келеді. Ауа райының жиі желді болып келуі де 
топырақтағы құбылыстарға, оның құнарына көп əсер етеді. 
Сонымен қатар айналамызды қоршап тұрған экологиялық 
факторлардың əсерлері де топырақтың түзілуіне көптеген əсерін 
тигізеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет