2 .2 Деректер қорымен жұмыс істеуге арналған нұсқауларды құру
ДҚ программист пен администраторды сүйемелдейтін пайдаланушының
нұсқаулары құрастырылады.
Пайдаланушының нұсқаулары интерфейс формаларының түрлерінің
иллюстрацияларымен бірге соңғы пайдаланушы үшін қолданбамен жұмыс
істеуге арналған нұсқаулар болуы керек.
Жасайтын программистке арналған нұсқаулар қажетті техникалық және
бағдарламалық құралдардың сипатталуы, жүйе файлдарының сипаттамасы,
оларды сақтау құрылымы болуы керек.
ДҚ администраторына арналған нұсқаулар жүйеге кіруге арналған
парольді сақтау мен өзгерту тәсілдері туралы, ДҚ әкімшілік ету әдістері мен
құралдары туралы нұсқаулар болуы керек.
Қорытынды
Деректер қорының технологияларын оқытумен және web-бағдарламалау
пәндерімен байланысты пәндер бойынша курстық жұмысты орындау нақты
ДҚБЖ негізінде анықталған пәндік аймақ үшін қорғау мен қауіпсіздік
әдістерін пайдалана отырып, ДҚ құру және ДҚ қолданбаларын құру бойынша
практикалық дағдыларды қамтамасыз етеді.
Курстық жұмысты орындау үрдісінде студенттер деректер қорын
жобалау әдістері мен принциптерін білуге, деректер қорының қолданбаларын
жобалау принциптері мен әдістерін, ДҚБЖ тілдік құралдарын, нақты ДҚБЖ
ортасында жұмыс істеуге қажетті практикалық білім алуға иеленеді.
Курстық жұмысты орындау үрдісінде алынған білімдер мен дағдылар
келешекте деректер қорының және web-бағдарламалау технологияларының
негізіндегі түрлі жүйелерді құрастырумен байланысты пәндерді оқу, сонымен
қатар дипломдық жобалауды орындау кезінде пайдаланылуы мүмкін.
.3 Жұмысты тапсыру мен қорғау уақыты
2
Жұмыс екі этапта қорғалады
Бірінші этапта студент жобаның алғашқы файлы мен деректер қорының
sql-скрипт файлының жұмыс өнімділігін тексерту үшін оқытушыға көрсетуі
тиіс.
Жобаны қорғағаннан соң студент құжаттаманы (түсінік хат) көрсетуі
тиіс. Екінші этапта қорғау процесінде курстық жұмысты орындауда
қолданылған технологияға байланысты сұрақтарға студент жауап беруі тиіс.
|