ұрпақтың 3/4 бөлігі қызыл, ал
1Л
бөлігі ақ гүлділер болып шықты.
Сонда
доминантты
өсімдіктер
мен
рецессивті
белгісі
бар
өсімдіктердің ара қатынасы 3:1 болды. Осыдан келіп Мендельдің
екінші заңы - белгілердің ажырау заңы қалыптасты.
Осы зерттеулерінің негізінде Мендель организмнің белгілері
мен қасиеттерінің тұқым қуалауына жауапты бір фактор бар деген
қорытындыға
келді.
Кейіннен,
1909
жылы
Дания
генетигі
В.Иоганнсен оны ген деп атады. Мендель тұқым қуалайтын
факторларды латын әрпімен белгілеуді ұсынды, яғни доминантты ген
бас әріппен (А), ал рецессивті ген кіші әріппен (а) белгіленеді. Бұл
факторлар эрқашанда жұп болып келеді, себебі олардың біреуі
әкесінен, екіншісі шешесінен беріледі. Гендердің мұндай жұбын
аллеломорфты немесе аллельді гендер дейді. Организмдегі бүкіл
гендердің жиынтығын генотип деп атайды. Ал сол генотип арқылы
анықталатын белгі қасиеттер фенотип болып есептеледі. Біркелкі
аллельдерден тұратын таза линиялы организмдерді гомозиготалы
организмдер дейді. Мысалы, АА - доминантты гомозигота, аа -
рецессивті гомозигота. Ал екі түрлі аллельдерден (Аа) тұратын будан
организмдер гетерозиготалы деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: