ГЕНДЕРДЩ ТІРКЕСУІ
Бір хромосом ада ғана шоғырланған түрлі гендердің бірігіп
түқым қуалауын гендердің тіркесуі дейді. Мендель тәжірибелерінде
көрсетілгендей аллельді емес гендер бір-бірімен толық төуелсіз болу
үшін олар әртүрлі хромосомаларда орналасуы керек. Сонда ғана олар
мейоз кезінде тәуелсіз ажырай алады.
Бірақ кез-келген эукариотты организмде гендердің саны
хромосомалар санынан артық болады. Мысалы, 20 ғасырдың бас
кезінде Морган мен оның шәкірттері дрозофила шыбынынан
жүздеген ген ашты. Қазіргі кезде оның төрт жұп хромосомасында
7000 - дай ген бар екені белгілі. Адамның 46 хромосомында 50
мыңдай ген болады деген болжам бар.
Екі геннің әрқайсысы әр хромосомада орналасып, олардың
аллельдерінін біреуі екіншісіне толық доминанттылык көрсететін
жағдайды алып қарастыратын болсақ, «осы гендердің доминантты
және рецессивті аллельдері бойынша гомозиготалы ата-аналық
формаларды бір-бірімен будандастырғанда алынатын будандар неше
типті гамета түзе алады?» - деген сүрақ туады.
Р ААВВ х аавв
Достарыңызбен бөлісу: