Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет15/521
Дата04.10.2022
өлшемі3,76 Mb.
#151510
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   521
Байланысты:
Серик Мырзалы Философия

діни философияға
айналып кетуі мүмкін.
Философиялық білімді тек қана дүние мен танымның ең жалпы 
заңдылықтарына, универсалияларына (unіversalіs – латын сөзі, жалпы 
ұғым) теңеуге болмайды.
Өйткені көне заманда бұл пәнге берілген аттың өзі – философия 
(phіleo – грек сөзі, сүю, sophіa – даналық) оның іс жүзінде өмірге 
лайықтылық жағын көрсетеді. Шығыс пен Батыстағы филосо-
фия бастауындағы тұлғаларды (қытайдағы Кон-Фу-Цзы, Лао-Цзы, 
грек-тердің «Жеті данасы», парсы елінің Заратустрасын алсақ, 
олар, негізінен, адам бұл тіршілікте қалай өмір сүруі керек, қандай 
құндылықтарды сыйлауы керек, жақсылық пен зұлымдық, сұлулық 
пен түрсіздік дегеніміз не, адам өмірінің мән-мағынасы неде деген 
сұрақтарды қойып, соларға жауап беруге тырысқан.
Шынында да, 
даналық
дегеніміздің өзі 
білімділікпен тепе-
тең емес.
Оның өзегі – адам өмірінің мән-мағынасын анықтайтын 
мыңдаған жылдар бойы жиналған өмір тәжірибесі мен моральдық 
құндылықтардың және ережелердің біртұтастығында.
Философиядағы құндылықтар адамды айнала қоршап шектелген, 
толымсыз болмыстан 
тиістілік әлеміне 
ұмтылдырады. Қазақстанның 
белгілі ғалымы, профессор К.Әбішев философияның ерекшелігін оның 
ұсынатын бағыты болуға қажетті, болуға лайықты, болуы мүмкін, тіпті 
болуы парыз іспетті нәрселерден көреді. Мұндай пікірмен толығымен 
келісе аламыз. Өйткені адамның рухани өмірі сан алуан ойлар мен 
болжамдарға, күңгірт және әсем сезімдерге, жоспарлар мен үміттерге 
т.с.с. толы. Адам өзін қоршаған нақтылы болмыстың шеңберінен 
әрқашанда шығып кетіп, әлі өмірде жоқ, бірақ 
болуға тиіс
дүниеге 
жетуге тырысады. Сөйтіп, құндылық әлемі оның өмірінің мақсат-
мұраты мен мән-мазмұнына айналады. Бұл күрделі мәселелерді 
философияның 
аксиологиялық
(aksіos – құндылық, құндылықтар 
ілімі) жағы деуге болар еді.
Адам өмірінің құндылықтары сан алуан. Оларды, негізінен алғанда, 
екі үлкен топқа – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет