Серік Мырзалы философия оқу құралы


§ 4. Гегель – немiс классикалық философиясының шыңы



Pdf көрінісі
бет194/521
Дата04.10.2022
өлшемі3,76 Mb.
#151510
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   521
Байланысты:
Серик Мырзалы Философия

§ 4. Гегель – немiс классикалық философиясының шыңы
Георг Вильгельм Фридрих Гегель 
(1770-1831 жж.) Германияның 
Штутгарт қаласында лауазымы биiк шен иесiнiң отбасында дүниеге 
келген. Гимназияны үздiк бiтiрiп, 1788-1793 жж. Тюбинген теологиялық 
институтында оқиды. 1801 ж. бастап Иена университетiнде ғылыми-
педагогикалық жұмыс атқара бастайды.
Негiзгi еңбектерi: 
«Рухтың феноменологиясы (құбылысы)», 
«Логика ғылымы», «Философиялық ғылымдардың энциклопедия-
сы», «Құқ философиясы», «Эстетикаға арналған лекциялар»
т.с.с.
Өзiнiң философиялық жүйесiн жасау жолында Гегель ойлау мен 
болмыстың теңдiгiнен бастайды. Ал онда оның Шеллингтiң фило-
софиясынан айырмашылығы неде деген сұрақ пайда болуы мүмкiн. 
Расында да, Шеллинг, жоғарыда көрсеткендей, Абсолюттiң ойлау 
мен болмысының тепе-теңдiгiн мойындады. Бiрақ сол тепе-теңдiктен 
шығудың қайнар көзiн ол белгiсiз бiр құдiреттi күштен көредi де, оны 
тек қана эзотериялық (құпия) жолмен сезiнуге болатынын айтады. Ал 
Гегельге келсек, ол сол ойлау мен болмыстың теңдiгiн ғана мойындап 
қоймай, оны айырмашылық ұғымымен тығыз байланыстырып, олардың 
өзара iшкi диалектикасын ұғымдық деңгейде түсiнуге болатынын 
айтады.


221
Екiншiден, Гегель Абсолюттi дамып жатқан субстанция ретiнде 
қарап, философияға тарихи көзқарасты енгiзедi. Сонымен қатар 
дамудың өзi қайшылықтың негiзiнде, заттың бүгiнгi жағдайының 
терiске шығарылып, оның қарама-қарсыға өтуi, соңғының өзi жүре келе 
терiске шығарылатыны т.с.с. ретiнде қаралады.
Көркем сөзбен пайымдай келе, Гегель «ақиқат – алдын ала құйылып, 
қалтаға салуға дайын тұрған күмiс ақша емес», оған жету үшiн жеке 
адам жалпы рухтың өткен тарихи жолымен танысып, оны егжей-тегжей 
бiлiп, игеру керек екенiн айтты.
Осындай диалектикалық көзқарастың негiзiнде Гегель өзiнiң ора-
сан зор философиялық жүйесiн тудырды. Ол Абсолюттiк идеядан 
басталады. Басқаша сөзбен айтқанда, ол – абсолюттiк бiлiм, таза 
ұғым – шынайы болмыстың өзi. Оның өз-өзiне келiп тануын, өз-өзiн 
анықтауын ол «Логика ғылымы» арқылы бередi.
Сонымен қатар абсолюттiк идея өз-өзiне тең ойлау сатысынан 
өтiп, iс-әрекет арқылы өзiнiң өзге болмысына – табиғатқа айналады. 
Ал табиғат дегенiмiз, Гегельдiң ойынша, немқұрайды сыртқы затқа 
айналған идея. Табиғаттың мақсаты – өзiнiң тiкелей сезiмдiк сатысынан 
өтiп, Феникс құсы сияқты өзiн қайта жаңару үшiн жағып, жасарып, осы 
сыртқы болмыстан рух ретiнде қайта дүниеге келу болып табылады.
Рух дегенiмiз – шектелген сана, ойлай алатын қабiлетi бар пенде, 
яғни – адам. Бiрақ ол табиғаттан шықса да, Гегельдiң ойынша, 
оның туындысы емес – ол өзiнiң өзiндiк нәтижесi. Рух өзiнiң алғы-
шарттарынан – логикалық идея мен сыртқы табиғаттан – өзiн туды-
рады. Демек, абсолюттiк идея ең алдымен таза логикалық дәрежеде 
болады, соңынан табиғатқа айналып, соның iшiнен адамзат осы 
тұрғыдан қарағанда, Гегельдiң ойынша, философия ғылымын үшке 
бөлуге болады.
Бiрiншi, ол – Логика. Ол – өзiнде және өзiне бағытталған идеяны 
зерттейтiн ғылым.
Екiншi – табиғат философиясы. Ол – өзiнiң өзгеше болмысындағы 
идеяны зерттейтiн ғылым.
Үшiншi – рух философиясы. Ол – өзгеше болмысынан қайта өзiне 
оралып жатқан идея жөнiндегi ғылым.
Сонымен, Гегельдiң абсолюттiк идеализм жүйесiнiң қабырғалары 
осылай қалыптасты. Жоғарыдан байқағанымыздай, Гегельдiң фило-
софиялық жүйесiн объективтi идеализм бағытына толығынан 
жатқызуымызға болады.
Осы арада оқырманның шыдамы бiтiп, мынандай сұрақ қоюы 
мүмкiн: Табиғатқа дейiн таза ақиқат ретiнде өмiр сүрген «абсолюттiк 
идея» – ол не? Бұл сауалды уақытында Гегельдiң лекцияларын 
тыңдаған оқушылары да қойғаны туралы аңыз бар. Әрине, ол – басқаша 


222
сөздермен айтылған Құдай идеясы. Тек христиан дiнiндегi Құдайға 
қарағанда, оның денелiк адамдық қасиеттерi жоқ, ол – таза логикалық 
идея ғана. Сөйтіп, бiз Гегельдiң жасаған философиялық жүйесiн неше 
түрлi философиялық санаттармен (ұғымдармен) әсемделген нәзiк дiни 
көзқарас десек те болғаны. Егер бiз Гегельдiң философиясындағы 
алғашқы абсолюттiк идеяны сызып тастап, өзiмiздiң дүние жөнiндегi 
ой-өрiсiмiздi мәңгi өмiр сүрiп жатқан «ұлы мәртебелi Табиғаттың» 
өзiнен бастап, тiршiлiк әлемiн, тiптi сана-сезiмi бар адамның өзiн соның 
туындысы ретiнде қарасақ, онда бiз таза материалистiк көзқараста 
болар едiк.
Алайда Гегельдiң философиялық жүйесiндегi ең құндысы – оның 
рух жөнiндегi ойлары. Ол адамзат рухын тарихи көзқарас тұрғысынан 
талдап, оның даму сатылары жөнiнде тамаша ойлар мен пiкiрлер 
айтады.
Гегельдiң ойынша, рух даму барысында өзiнiң үш сатысынан өтедi: 
1. Субъективтi рух, яғни жеке адамның санасы.
2. Объективтi рух, оған ол құқық, мораль, адамгершiлiк, отбасы, 
азаматтық, мемлекеттiктi жатқызады.
3. Абсолюттiк рух – ол өнер, дiн және философия.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет