Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет233/521
Дата04.10.2022
өлшемі3,76 Mb.
#151510
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   521
Байланысты:
Серик Мырзалы Философия

Iзгiлiк
пен 
Әсемдiк
жолында өзгертiледi. Тек 
Жарық сәулесi
ғана 
ғарыштағы қараңғы тұңғиық хаосты тәртiпке келтiре алады.
Н.К.Рерих адамның iзгiлiгi, жасампаз белсендiлiгi ғарыштың 
дамуындағы негiзгi күш екенiн паш етедi. Нәтижесiнде, адам Жара-
тушы-Құдайға ұқсайды. Тек оның ерекшелiгi – ол айнала қоршаған 
ортаны өзгертiп қана қоймай, сонымен бiрге өзiн де жетiлдiре алады. 
«Надандықтан кейiн цивилизация келедi, содан кейiн ғылымның 
дамуының негiзiнде адамдардың бiлiмi өсiп, нәзiктене келе, биiк 
мәдениеттiң есiгiн ашады», – деп қорытады Н.К.Рерих.
Н.К.Рерихтің ойынша, адамдардың арасындағы барлық ұлттық, 
нәсiлдiк, дiни, әлеуметтiк т.с.с. айырмашылықтар болмауы керек. 
Адамдардың арасындағы айырмашылық тек қана оның мәдени 
дамуының негiзiнде қаралуы керек. Адам – ғарыштың бiр бөлiгi, олай 
болса, ол – мәңгiлiк, барлығымен байланысты, бәрiне де тәуелдi, соны-
мен қатар бәрi де оған тәуелдi.
Адамның жасампаздық-шығармашылық iстерi әсемдiктiң негiзiнде 
жүредi. Әсемдiк – рухтың мәдениетi, дүниенiң зерделi тәртiбi. Әсемдiк 
дегенiмiз – ғарыштың өзi. Жалпы алғанда, ойшылдың эстетикалық, 
гуманистiк-өнегелілiк идеялары осы уақытқа шейiн өзiнiң өзектiлiгiмен 
танылады.


264
Өз бетінше дайындыққа арналған сұрақтар:
1. Ресей тарихы мен рухани өмiрiне деген славянофильдердiң 
көзқарасы қандай болды?
2. Батысшыл бағыт ұстаған ойшылдар көзқарастарының ерекшелiгi 
неде?
3. В.С.Соловьевтiң философиясының негiзгi ұғымы қандай?
4. В.С.Соловьевтiң танымда көрсеткен үш тәжiрибе түрiн атаңыз.
5. Л.И.Шестовтың экзистенциалдық философиясы туралы не біле-
сіз?
6. А.Н.Бердяевтiң философиялық көзқарастары қандай?
7. Орыс философиясындағы дiни антропологиялық ойлар кімге тән?
8. Ғарыш философиясын кім алға тартты? 
9. В.И.Вернадскийдiң «ноосфера» ұғымының ерекшелiгi неде?
10. Н.К. Рерихтiң мистикалық философиясын қалай түсінесіз?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет