Серік Мырзалы философия оқу құралы


рационализм (ratіo – латын  сөзі, ақыл). Бұл ағым адамның  ақыл-ойын, зердесін



Pdf көрінісі
бет31/521
Дата04.10.2022
өлшемі3,76 Mb.
#151510
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   521
Байланысты:
Серик Мырзалы Философия
РУКОВОДСТВО ПО ИНТЕРПРЕТАЦИИ ОБНОВЛЕННЫХ СТАНДАРТОВ АМБУЛАТОРИЯ, Фил тезисы, Отбасы ж не азіргі заман Отбасыны леуметтік ызметтері
рационализм
(ratіo – латын 
сөзі, ақыл). Бұл ағым адамның 
ақыл-ойын, зердесін
танымның өзегі, 
негізі ретінде қарайды.
Рационализм таным тұжырымы ретінде ХIХ ғ. дүниеге келеді. 
Тарихи рационализмнің негіздері сонау көне заманда пайда болады. 
Грек ойшылы Парменид сол көне заманда: «Сезімдік таным тек қана 
жалған пікірлер туғызады, ал ақыл-ой арқылы ғана нағыз ақиқатқа 
жетуге болады», – деген ой айтқан. 


33
Жаңа дәуірдегі математика, жаратылыстану ғылымдарының дамуы 
адамның ақыл-ойының құдіретін, оның табиғаттың ішкі сырын 
ашудағы зор мүмкіншіліктерін көрсетті.
XVII-XVIII ғ. ғылымның дамуы тіпті Европа топырағында үлкен 
идеологиялық ағымды – француз ағартушыларының ақыл негізінде 
дүниені тануға, қоғамды қайта құруға, адамдарды тәрбиелеудегі ақыл-
ойдың құдіретті күшіне зор сенім артуына әкеліп жеткізді.
Бұл замандағы рационализмді қолдайтын ойшылдар дүниені ақыл-
оймен қорытудың сезімдік танымнан анағұрлым терең екенін көрсете 
білді. Егер сезімдік таным жеке құбылыстарды, кездейсоқ нәрселерді 
ғана танып, шегіне жеткен жалпылық, қажеттілік деңгейіне көтере 
алмаса, ақыл-ой, зерде арқылы адам ондай дәрежеге көтеріле алады. 
Сөйтіп, ғылыми білімнің қайнар көзі, ақиқаттың анықтамасының 
бары – ақыл-ой, зердеде. Сондықтан Лейбниц сен-суализмнің «Алғашқы 
сезімде болмаған – ақыл-ойда да жоқ» деген тұжырымдамасына 
«ақылдың өзінен басқа» деген сөздерді қосып, адамның рационалдық 
танымының құдіретін көрсеткісі келді.
Әрине, ғылымның ары қарай дамуы рационализмнің біржақтылығы, 
сезімдік таныммен санаспауы ақыл-ойдың өзінің шындықтан алшақ 
кетіп қалып, оның адамды адастыруы мүмкіндігін көрсетті.
Сондықтан И.Кант: «Сезімдік таным ақыл-ойсыз толық емес, 
ақыл-ой сезімдік танымсыз – мазмұнсыз», – деген пікір айтып, таным-
ның екі жағын бір-біріне ұштастырды. Алайда Кант мұндай көзқарасты 
тек қана құбылыстар әлеміне таратып, «заттың өз ішіндегісін» танудан 
бас тартты.
Рационализмнің ең биік шыңы ретінде Гегельдің философиясын 
алуға болады. Бұл кісі дүниені абсолюттік идеяның басқа болмысы 
ретінде қарап, таным үдерісінің өзі абсолюттік идеяның өз-өзін танып-
біліп, өзіне жаңа дәрежеде – абсолюттік рух ретінде қайтып оралуы 
деп түсінді. Сондықтан дүниенің дамуын, адамзат тарихын Гегель 
абсолюттік идеяның логикалық жолмен өз-өзіне тереңдеуі деп түсініп, 
панлогизмді
(pan – бәрі, logos – білім, ілім, ақыл-ой) тудырады.
ХIХ ғасырдың өзінде-ақ рационализмнің, соған негізделген ағарту 
идеяларының көбі сынға алынып, олардан күткен көп сенімдер жоққа 
шықты, өйткені ақыл-ойға негізделген тамаша қоғамнан адамдар үміт 
үзе бастады.
Осы кезде рационализмді сынға алған, панлогизмге қарсы 
бағытталған философияның түрлері дүниеге келді. Олардың бірі – 
иррационализм
бағыты. Егер А.Шопенгауер «Ерік философиясын», 
ал Ф.Ницше «билікке деген ерікті» алға қойса, З.Фрейд адамның 
«бейсаналық» күштерін зерттей бастады.


34
Марксизмде «эмпиризм мен рационализмнің арасындағы қайшылық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет