440
свободного духа., М., Мысль, 1994). Расында да, «Сенің осы Құдайың
бар ма?» – деп ашына айтқанымызда, адам руханиятының тайыздығын
көрсетпейміз бе? Олай болса, адам руханиятының өзегі неде деген сұрақ
пайда болады. Бұл талай ойшылдарды тебіренткен сұрақ болатын.
Орыстың ұлы ойшылы Ф.М.Достоевский: «Дүниені сақтап қалатын
әсемдік қана», – дейді. Әрине, көбінесе, әсемдікке ұмтылған адам
зұлымдыққа бармайтыны хақ. Сонымен қатар біз өмірде «салқын лебі»
бар, адамды адамнан алшақтататын әсемдікті көріп жүрген жоқпыз ба?
Рухты білім, ғылыммен де теңеуге болмайды. Ядролық физиканың
жетістіктерін пайдалану жолында адамзат атомдық электр стансала-
рынан басқа неше түрлі жан түршігерлік қару-жарақ жасаған жоқ па?
Қазақтың ұлы ойшылы Шәкарымнің ХХ ғ. басында-ақ ар-ұжданның
бақылауынан шыққан ғылымның адам түршігерлік салдарларға әкелуі
жөніндегі идеяларын еске алсақ та болғаны.
Сондықтан Шәкарым рухтың өзегін ар-ұжданнан көрген болатын.
Бұл пікірді ұстаған философия тарихындағы И.Кант, Абай, С.Л.Франк
сияқты ойшылдарды келтіруге болады. ХХ ғ. экзистенциализмнің
көрнекті өкілі В.Франкл: «Ар-ұждан – адамның ішкі Құдайы», – деген
болатын.
Біршама зиялылар рухтың өзегін махаббат, сүйіспеншіліктен көреді.
Ортағасырдағы Августиннің айтқанындай, «сүй, содан кейін не істесең
де болады». Тек қана сүю арқылы басқа адамның жан дүниесін ақтара
ашуға мүмкіндік аламыз. Нағыз махаббат сүйген адамның әлі де болса
ашылмаған жақтарын сыртқа шығарып, оны гүлдетіп, шығармашылық
жолға итереді. Дүниені тану – тек қана табиғаттың заңдылықтарын
ашу ғана емес, сонымен бірге оны шын жүрегіңмен сүюге тең. Бұл –
танымның онтологиялық терең іргетасы. Тек қана сүю арқылы өзіңді
осы дүние деген мұхиттың бір құрамдас тамшысы ретінде сезінгенде
ғана, зерттелетін заттың ішкі сырын ашуға мүмкіндік аласыз.
Оқырман өз дүниесезімінің ерекшеліктеріне байланысты өз
руханиятының өзегін табар деген ойдамыз. Ал қалам иесіне келер
болсақ, рухтың өзегі ретінде ар-ұжданды қарайды. Бүгінгі қай-
шылыққа толы адамзат мәселелерін шешу тек саясаттың қолында емес,
ол әр адамның рухани-адамгершілік жетілуімен байланысты деген
ойдамыз. «Мұндай қилы заманда тек ар-ұжданын жоғары қойған адам-
зат өз өмірін сақтап қалады», – дер едік.
Достарыңызбен бөлісу: