Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет61/521
Дата04.10.2022
өлшемі3,76 Mb.
#151510
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   521
Байланысты:
Серик Мырзалы Философия

Гераклит
(Vқ-Vб.ғ.д.). Ол Эфес қаласында дүниеге кел-
ген.
Гераклиттің нақыл сөздерінің мәнін түсіну қиын болғаннан кейін, 
оған «күңгірт» деген ат қойылған. Гераклит: «Бұл – ғарыш, барлық 
өмір сүргенге бірдей, еш Құдай, я болмаса адам жаратпаған, болған, 
болып жатқан және болатын жарқыраған тірі от, өлшемді түрде сөніп, 
жанып отырады», – дейді.
«Алтын – тауарларға, тауарлар алтынға алмастырылғандай, бәрі
де – отқа, от бәріне алмастырылады».
Гераклит дүниенің мәңгілік өзгерісте, қалыптасу үстінде екенін 
ашық көрсетеді. 
Пан та реи
(pan ta rheі) барлығы да қозғалыста, бәрі 
де ағым, еш нәрсе қозғалмай, тұрақты тұрмайды, барлығы өзгеріп, 
басқаға айналады деген терең пікір айтады. «Өзен суына екі рет кіруге 
болмайды. Біз өзен суына кіреміз, сонымен қатар кірмейміз, біз сол 
өзімізбіз, сонымен қатар басқамыз».
Ойшылдың бұл ойлары бізге түсінікті. Бір қарағанда өзен сол өзен 
болып көрінгенмен, оның суы өне бойы ағыста болғаннан кейін жаңарып 
отырады. Сондықтан екінші рет өзенге түскенде, алғашқы сулар ағып 
кеткен. Сонымен қатар біздің өзіміз де осы уақыт шеңберінде өзгердік.
Гераклиттің шәкірті Кратил: «Біз бір рет те өзенге түсе алмай-
мыз, өйткені біз суға кіріп жатқанда, олар сол сәтте ағып кетеді, оның 
орнына жаңа су толқындары келеді, біз өзіміз де сол сәтте өзгеріп жата-
мыз», – дейді.


67
Гераклит дүниенің мәңгілік қалыптасу екенін көрсетіп қоймай, 
сонымен қатар оның қайнар көзін іздейді. Гераклиттің түсінігінше, 
қалыптасу дегеніміздің өзі – қарама-қарсылықтың бір-біріне өтуі: 
суық ыстыққа, ыстық суыққа, дымқыл құрғаққа, құрғақ дымқылға, 
жас карыге, тірі өліге т.с.с. айналады. Өмір садаққа, лираға ұқсайды 
(лира – гректердің музыкалық аспабы, әртүрлі тартылған ішектерден 
тұрады). Заттардың қарама-қарсы жақтары өшпейтін күресте. «Соғыс – 
бар заттың анасы және басқарушысы», – дейді Гераклит. Бірақ ол 
біржақтылықтан аулақ. Соғыс белгілі бір уақытта бейбітшілікке, не 
үйлесімділікке айналады. «Олар (надандар) түсінбейді: айырмашылығы 
бар нәрсе ғана өз-өзіне келеді. Ауру саулықтың тәттілігіне, аштық 
тоқтықтың жақсылығына, ауыр еңбек демалысты бағалауға кепіл. 
Әділеттіліктің не екенін біз ренжу болмаса білер ме едік», – дейді ұлы 
ойшыл.
Қарама-қарсылықтардың бәрі бір-біріне өтіп, үйлесімге келеді. 
Жоғарыға кететін жол мен төменге кететін жол – сол бір жол, өлі мен 
тірі – біреу. Сөйтіп, «Бәрі де – бір, біреуден – барлығы шығады». Бұл 
дүниенің үйлесімін қадағалайтын – Логос. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет