ТЕОРИЯ ЖИНАҚ 11-СЫНЫП МҰХАМЕДЖАН НҰРБОЛАТТАН
54.
Салыстырмалы сыну көрсеткіші
– жарықтың бірінші ортадағы таралу
жылдамдығы екінші ортадағы таралу жылдамдығынан неше есе артық екенін
көрсететін физикалық шама.
55.
Линзаның қосымша оптикалық өсі
– линзаның оптикалық центрі арқылы өтетін
кез келген түзу.
56.
Телескоп
– аспан денелерін бақылауға арналған көру түтігі.
57.
Сызықтық
ұлғайту
– кескін биіктігінің дене биіктігіне қатынасына тең физикалық
шама.
58.
Оптикалық аспаптың бұрыштық ұлғайтуы
– денені оптикалық аспаппен
қарағандағы көру бұрышының тангенсінің жақсы көру қашықтығынан қарағандағы
көру бұрышының тангенсіне қатынасы.
59.
А.Эйнштейннің салыстырмалылық теориясының постулаттары
Барлық физикалық құбылыстар әртүрлі инерциялық жүйелерде бірдей жүреді.
Вакуумдағы жарық жылдамдығы барлық инерциялық санақ жүйелерінде бірдей. Ол
жарық көзінің жылдамдығына да, бақылаушының жылдамдығына да тәуелді емес.
60.
Жарық
жылдамдығы
– абсолют шама, санақ жүйесін таңдауға тәуелсіз.
61.
Кирхгоф заңы
: барлық денелердің сәулелену қабілеттілігінің жұту қабілеттілігіне
қатынасы абсолют қара дененің сәулелену қабілеттілігіне тең, ол жиілік пен
температураның функциясы.
62.
Достарыңызбен бөлісу: