Мүгедектігі бар балалардың жағдайына талдау: Қазақстан республикасында инклюзивті қоғамды дамыту балалар үшін бірігейік


-кірістірме. Мүгедектікке қатысты ұстанымдардың теориялық модельдері



Pdf көрінісі
бет10/68
Дата07.10.2022
өлшемі3,63 Mb.
#152046
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   68
Байланысты:
Публикация на каз

1-кірістірме. Мүгедектікке қатысты ұстанымдардың теориялық модельдері
«Мүгедектік» термині халықтың тобына қатысты жалпы қолданыла алмайды, өйткені 
мүгедектігі бар адамдардың жынысы, жасы, әлеуметтік-экономикалық фоны, этникалық 
тиістілігі немесе мәдени дәстүрлері әр түрлі және әр тектес. Мүгедектіктің түрлері тең емес 
(ДДСҰ –Дүниежүзілік банк, 2011 ж.). Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) 
Мүгедектік туралы дүниежүзілік баяндамасында мүгедектік әрбір адам дерлік өзінің өмірінің 
белгілі бір сәтінде уақытша немесе тұрақты сезінетін қалып-күйі ретінде анықталады (ДДСҰ 
және Дүниежүзілік банк, 2011 ж.). Екінші жағынан, мүгедектік сондай-ақ үш деңгейде ту-
ындайтын бұзушылықтар ретінде сипатталуы мүмкін: организм, белсенділік немесе қатысу 
функцияларында. Мұндай бұзушылықтар жеке немесе бір уақытта туындауы мүмкін. 
(ЮНИСЕФ-ДДСҰ, 2012 ж.).
Соңғы он жылдықта мүгедектікті зерттеу жалпы алғанда екі негізгі – медициналық 
және әлеуметтік модельге бөлінді (Пэлмер мен Дэвид, 2011 ж.). Медициналық модель 
мүгедектікті аурумен немесе басқа патологиялармен байланысты физиологиялық немесе 
психологиялық бұзылыстардың салдары ретінде қарастырып, оны «емдеуді» қажет ететін 
«қалып, күй» деп санады. Сондықтан медицина немесе психология мүгедектікті «емдеудің 
негізгі құралы» ретінде қарастырылды. Денсаулығында бұзылыстары бар балалар мен ере-
сектер бұл модельде автоматты түрде кемістігі бар адамдар болып есептеледі, олардың от-
басыларына да көбінесе осындай көзқараспен қарайды. Медицина мамандары мүгедектік 
мәселесін диагностика негізінде шешті, мұнда басымдық оны жоюға немесе емдеуге (не-
месе «қалыпқа келтіруге») берілді. Бұл сондай-ақ босанғанға дейінгі генетикалық тестілеу 
мен ішінара жасанды түсік секілді аспектілерді қамтыды. Медициналық модель мүгедектігі 
бар адамдар мен олардың отбасыларының барынша «қалыпты» адамдарға айналуын талап 
етеді, ал қоғам негізінен оларға «медициналық» ем ұсынады.
Мүгедектіктің әлеуметтік моделі мүгедектікті жеке контексте емес, әлеуметтік контек-
сте айқындайды. Сөйтіп, ол мүгедектіктің алғашқы емі ретінде әлеуметтік бейімделу мен 
әлеуметтік өзгерістер туралы ой-пікірлерге, пайымдауларға көбірек көңіл қояды. Мұндай 
көзқарас шын мәнінде жеке медициналық модельден құрылымдық әлеуметтік модельге 
көшу болды. Әлеуметтік модель тұрғысынан келгенде, адамдар көбінесе мүгедектікті өзінің 
денесінен емес, қоғамдық себептердің нәтижесінен алады. Бұл модель мүгедектікті дара-
ландырмау және тек медициналық мәселеге айналдырмау мәселесінде табысқа жетуге бо-
латынын көрсетті (Пэлмер мен Дэвид, 2011 ж.; ДДСҰ және Дүниежүзілік банк, 2011 ж.). 
Солай бола тұрса да, әлеуметтанушылар әлеуметтік модель мүгедектігі бар адамдардың па-
тологияларын емдеуде және өмірлерін жақсартуда сәтсіздікке ұшырауы мүмкін екендігін 
растайды (Томас, 2002 ж.). Мүгедектігі бар адамдардың денсаулық жағдайларына байла-
нысты қиындықтары, сондай-ақ олардың мұқтаждықтарына қарай бейімделмейтін, қоғамда 
олар ұшырасатын проблемалары болуы мүмкін (ДДСҰ және Дүниежүзілік банк, 2011 ж.).
Халықаралық саясат деңгейінде адам құқықтарына негізделген мүгедектікке көзқарас 
(мүгедектіктің әлеуметтік моделіне негізделеді) балалардағы шектеулерден (патология-
лармен байланысты) қоғамдағы кедергілерге (баланың негізгі әлеуметтік қызметтерге қол 
жеткізуіне кедергі келтіретін) басымдық беруді басынан кешірді. Екі халықаралық конвен-
ция: (i) барлық балалар үшін (оның ішінде мүгедек балалар үшін де) адам құқықтарын та-
нитын Бала құқықтары туралы конвенция (БҚК); және (ii) Мүгедектер құқықтары туралы 
конвенция (МҚК) (2006 жылы желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 
қабылдады) бұл көзқарасты ілгері апару үшін қажетті негіз береді. Екі конвенция да 
мүгедектігі бар балаларды қоғамға араластырудың негізін салды. Қоғамға араласты-
ру «барлық балаларды жасына, жынысына, ұлтына, тіліне, кедейлігіне немесе шектеулі 
мүмкіндіктеріне қарамастан, қоғамның толық құқылы мүшелері ретінде тануға және 
олардың құқықтарын құрметтеуге» қатысты. Мұның үстіне, «қоғамға араластыру дегеніміз 
осы құқықтарды жүзеге асыруға бөгет жасауы мүмкін кедергілерді жоюды білдіреді және 
тиісті қолайлы әрі қорғаушы орта құруды талап етеді» (ЮНИСЕФ және «Инноченти» ғылыми-
зерттеу орталығы, 2006 ж.).
14


Мүгедектігі бар балалардың жағдайына талдау: ҚазаҚстан республикасында инклюзивті ҚоғаМды даМыту
дар (және олардың отбасылары) үшін ортақ 
инклюзивті ортаны құрумен байланысты. 
Балалар мүгедектігі немесе тұтастай алғанда, 
адамдардың мүгедектігі, әсіресе оның 
әлеуметтік және интеграциялық аспектілері 
бүкіл әлемдегі күрделі проблемалардың бірі 
болып табылады. 2012 жылғы мәлімет бой-
ынша бүкіл дүние жүзінде миллиардқа жуық 
мүгедектігі бар адам саналды. Олардың ішінде 
110-нан 190 миллионға дейінгі адамның жүріп-
тұруы қиын. Мүгедектігі бар адамдардың 150 
миллионға жуығы – бес жасқа дейінгі бала-
лар. 400 миллионнан астам мүгедектігі бар 
балалар табыс деңгейі төмен және кедейшілік 
шегінен төмен елдерде тұрады (Лэнсдаун, 
2012 ж.; ЮНИСЕФ-ДДСҰ, 2012 ж.). Бұған қоса, 
жаһандық және салыстырмалы зерттеулердің 
шектеулілігіне байланысты мүгедектік бой-
ынша көрсетілген мәліметтер жарияланған 
мәліметтерге қарағанда әлдеқайда көбірек 
болуы мүмкін. Мұндай шектеулер мүгедектікті 
сәйкестендіру және өлшеу үшін пайдаланыла-
тын анықтамалардағы, санақты шектеудегі, 
зерттеулердегі айырмашылықтардан 
және әдістемелер түрлерінің көптігінен 
мүгедектігі бар адамдарды анықтау жүйесінің 
қабілетсіздігімен байланысты. (Шнайдер, Леб 
және т.б., 2001 ж.; ЮНИСЕФ, Висконсин штаты 
университеті, 2008 ж.).
Халықаралық көзқарас тұрғысынан қарағанда, 
түрлі халықаралық конвенциялар балалар 
құқықтарының, атап айтқанда, мүгедектігі 
бар балалардың құқықтарының мәселелерін 
қарастырады. Бала құқықтары туралы конвен-
ция (БҚК) мүгедектігі бар балалар туралы нақты 
ережелерді қарастырған алғашқы шарт болды 
(БҰҰ Бала құқықтары туралы конвенциясының 
2 және 23-баптары). Ең бастысы, БҰҰ Бала 
құқықтары туралы конвенциясының 23-бабын-
да мүгедектігі бар бала «өзінің қадір-қасиетін 
қамтамасыз ететін, өзіне деген сеніміне ықпал 
ететін және оның қоғам өміріне белсенді 
қатысуын жеңілдететін жағдайларда толымды 
және лайықты өмір сүруге тиіс» екені туралы ай-
тылады. Солай бола тұрса да, Бала құқықтары 
туралы конвенцияны әзірлеу мүгедектік жеке 
индивидтің шегіндегі мәселе болып саналған 
80-жылдары орын алған болатын (БҰҰ, 2011 ж.; 
Лэнсдаун, 2012 ж.). Мүгедектігі бар адамдардың 
құқықтары туралы конвенция (МҚК) тек 
мүгедектігі бар адамдардың құқықтарына ғана 
арналған. Конвенция 2008 жылы күшіне енді 
және 2013 жылдың қыркүйегіне қарай (оған 
қол қойған 156 елдің) оны 134 ел ратификаци-
ялады. Конвенцияның 1-бабы мүгедектігі бар 
адамдарды «түрлі кедергілермен өзара әрекет 
жасаған кезде олардың басқалармен бірдей 
қоғам өміріне толық әрі тиімді қатысуына 
кедергі келтіруі мүмкін тұрақты физикалық, 
психикалық, интеллектуалдық немесе 
сенсорлық бұзылыстары бар» адамдар ретінде 
анықтайды. Жоғарыда берілген анықтама 
«тұрақты» бұзылыстардың анықтамасын 
шектегені үшін және тек бұзылыстары бар 
адамдардың сынына ұшырады (Пэлмер 
мен Дэвид, 2011 ж.). Солай бола тұрса да, 
Конвенция мүгедектікке 3-бапқа сәйкес өзінің 
жалпы қағидаттарындағы «эволюциялаушы 
ұғым» ретінде сілтеме жасайды (ДДСҰ және 
Дүниежүзілік банк, 2011 ж.).
Бұдан бөлек, мүгедектікке берілген басқа да 
алуан түрлі анықтамалар қолданылады, бірақ 
жалпы алғанда мүгедектіктің үш деңгейін бөліп 
көрсетеді: бұзылыс, функционалдық шекте-
лу және шектеулі қатысу (Сассер, 1990 ж.; 
ЮНИСЕФ, 2008 ж.). Соңғы деңгей мүгедектіктің 
мынадай факторлардың, мысалы, қозғалыстағы 
шектеуліліктің (ғимараттарға қолжетімділіктің 
болмауы немесе көлік құралдарының жоқтығы), 
әлеуметтік оқшауланудың (факторлар не-
месе саяси факторлар таңбасының (стигма-
сы) салдарынан, яғни мүгедектігі бар адам-
дарды үзбей жүргізіліп отыратын білім беру 
бағдарламаларына қолжетімділіктен айыру 
және т.б.) салдарынан сезілуі мүмкін деп бол-
жайтынын атап өту маңызды. 
Сондай-ақ, жалпы алғанда балалар мен ересек-
тер мүгедектігіне берілген анықтамалар арасын-
да да айырмашылықтардың бар екенін атап өту 
маңызды. Балалар мүгедектігі немесе дамудағы 
бұзылыстар жас ерекшелігіне байланысты 
нормаларға қатысты психикалық, әлеуметтік 
және/немесе физикалық функциялардағы 
шектеулер ретінде анықталды (Дуркин, 2001 ж.; 
ЮНИСЕФ, 2008 ж.). Мұндай мүгедектік жүйке 
жүйесінің дамуындағы бұзылыстардың сал-
дары болып табылуы мүмкін және ол дүниеге 
келмей жатып-ақ, дүниеге келіп жатқан кезде 
немесе дүниеге келгеннен кейін қалыптасуы 
мүмкін. Мұндай бұзылыстардың салдарлары 
таным, қозғалыс, сөйлеу және тіл, есту, көру 
және мінез-құлық секілді функционалдық са-
лалардан байқалуы мүмкін (Дэвидсон және тең 
авторлар, 2003 ж.).
Барлық балалар ұшырауы мүмкін әлеуметтік-
экономикалық, мәдени, экологиялық фак-
торлардан басқа, мүгедектігі бар балалар 
өздерінің мүгедектігіне қарай қосымша қауіп-
қатерлерге және аямай ұрып-соғуға тап болуы 
мүмкін. Сонымен қатар кейбір мүгедек бала-
15


лар жынысына, әлеуметтік-экономикалық шығу 
тегіне, бірнеше бұзылыстарының болуына, 
географиялық жағынан алыс ауданда немесе об-
лыста тұратынына, ауылдық жерде тұратынына, 
қақтығыстар аймақтарында тұратынына не-
месе азшылық ұлтқа тиістілігіне байланысты 
оқшаулануға немесе қолайсыз жағдайларға 
тап болуы мүмкін. Бүкіл әлемде мүгедектігі бар 
балалар мен олардың отбасылары мүгедектігі 
жоқ балаларға қарағанда кемсітушілікке, 
кедейлікке, әлеуметтік оқшаулануға және басқа 
ұрып-соғу түрлері мен зорлық-зомбылыққа 
көбірек ұшырайды (әлеуметтік оқшаулану, 
таңба және дәрменсіздік мүгедектігі бар 
балаларға қатысты зорлық-зомбылық жасауға 
әкелетін себептер болып табылады). 
Институционалдандыру – мүгедектігі бар ба-
лалар тап болатын тағы бір маңызды мәселе. 
Мүгедектігі бар балалардың сондай-ақ вакцина 
егуден қалып қою, тойып тамақ ішпеу, өлім-жітім 
секілді қауіп-қатерлерге ұшырау қаупі жоғары, 
мектепке ересек тартқан кезде барады, оқуды 
ұзағырақ оқиды. Мүгедектігі бар жасөспірімдер 
қызметтерге қол жеткізуде, сондай-ақ 
сексуалдық және репродуктивті денсаулық 
туралы ақпарат алуда үлкен қиындықтарға 
тап болады (БҰҰ, 2001 ж.; Лэнсдаун, 2012 
ж.; ЮНИСЕФ-ДДСҰ, 2012 ж.). Ата-аналардың 
көбінесе өз балаларына тиісті қолдау көрсетуге 
көмектесуі мүмкін ақпараттарға қолжетімділігі 
шектеулі болады, оның үстіне олар әлеуметтік 
қолдау көрсетудің жоқтығынан зардап шегеді 
(БҰҰ, 2001 ж.; Лэнсдаун, 2012 ж.; ЮНИСЕФ-
ДДСҰ, 2012 ж.).
Жақын арада болған заңнамалық іс-
әрекеттерге қарамастан, мүгедектігі бар адам-
дарды, әсіресе балаларды интеграциялау 
және қоғамға әлеуметтік араластыру әлемнің 
көптеген елдеріндегі ең үлкен мәселелердің 
бірі болып табылады. Бұл мәселелерді тек 
социумның мүгедектігі бар адамдардың 
ерекшеліктеріне бейімделуі арқылы ғана ше-
шуге болады, бірақ ешбір жағдайда оларды 
қоғамнан оқшаулау арқылы емес. Мүгедектігі 
бар балаларға білім беру, жас адамдарды 
кәсіби дайындықтан өткізу, жұмыс орындарын 
қамтамасыз ету, тегін медициналық қызмет 
көрсету, әлеуметтік жәрдемақылар және 
тиісті инфрақұрылым мүгедектігі бар адам-
дар мен олардың отбасыларының өмірлерін 
айтарлықтай жеңілдетеді. 
Ол үшін ықпалдасқан және инклюзивті 
білім беру бағдарламалары арасындағы 
айырмашылықтар назарға алынуы тиіс. 
Мысалы, мүгедектігі бар балаларға арналған 
ықпалдасқан білім беру бағдарламалары, әдетте, 
қатысу көрсеткіштеріне басымдық береді, 
ал инклюзивті білім беру бағдарламалары 
осы балалардың білім алу нәтижелеріне на-
зар аударады. Инклюзивті бағдарламалар тек 
балаларға ғана емес, сонымен қатар мектеп 
мұғалімдеріне де, сондай-ақ олардың білім беру 
бағдарламаларын мүгедектігі бар балалардың 
мұқтаждықтарына қаншалықты бейімдей ала-
тынына да бағытталған (Рэм мен Пойа, 2009 
ж.). Инклюзивті бағдарламалар философия-
сы мүгедектігі бар балалар арасындағы және 
мүгедектігі жоқ балалар арасындағы теңдікті 
қамтамасыз етуге арналған. 
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) 
елдерінің көпшілігінде мүгедектігі бар балалар 
тап болатын мәселелер бойынша баяндама-
лар көптеген ережелердің (заңдық, сондай-
ақ қаржылық) тек әлеуметтік жеңілдіктерге 
қатысты екенін көрсетеді. Сөйтіп, қоғамдағы 
мүгедектігі бар балалардың интеграциялануы 
мен теңдігіне байланысты басқа мәселелер 
бұрынғыша өз шешімін күтеді (БҰҰ, 2011 ж.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет