Мүгедектігі бар балалардың жағдайына талдау: Қазақстан республикасында инклюзивті қоғамды дамыту балалар үшін бірігейік



Pdf көрінісі
бет38/68
Дата07.10.2022
өлшемі3,63 Mb.
#152046
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   68
Байланысты:
Публикация на каз

3.2. білім беру
Уақыт өте келе мүгедектік деңгейі алуан түрлі 
балаларды жүйелі түрде әлеуметтік оқшаулау 
екі түрлі теңсіздікке әкелуі мүмкін, мұның екеуі 
де әлеуметтік даму үшін тең дәрежеде бұзушы 
болып табылады, олар: өмірдегі сәттіліктер мен 
мүмкіндіктердің теңсіздігі және нәтижелердің 
теңсіздігі. Білім беру саласындағы теңсіздіктің 
екі түрінің де балалар үшін әсіресе зардапты 
болуы мүмкін, өйткені теңсіздік әрі қарайғы 
өмірдегі әлеуметтік жинақылыққа айналуы 
мүмкін. Баланың білім алуы мен әл-ауқаты 
деңгейлерінің арасындағы мықты өзара бай-
ланысты, мысалы, алдағы өмірдегі денсаулығы 
мен мүмкіндіктерін (өз кезегінде, төмен табыс 
деңгейімен байланысты) ескере отырып, білім 
беру секілді әлеуметтік араласу саласында ба-
лалар кездесетін кедергілерді, сонымен қатар 
негізгі білім беретін мектептерге қосуға ықпал 
ететін оң факторлар ды түсіну ерекше маңызды. 
Жартылай құрылымды сұхбаттар барысын-
да сұралған адамдар мен фокус-топтарға 
қатысушылар жалпы білім беретін оқу орын-
дары мүгедектігі бар балалармен жұмыс 
істеген кезде сәтсіздікке ұшыраған бірқатар 
нақты салаларды анықтады. Бұл кедергілер 
оқу орындарына қолжетімділік, мектептің 
физикалық құрылымы, берілетін білімнің са-
пасы, оқытуда жеке әдістердің жоқтығы және 
т.б. секілді бірнеше деңгейлерден кездеседі. 
Кейбір кедергілер барлық балаларға қатысты 
болса да, тіпті, кейбір жағдайларда, мүгедектігі 
жоқ балаларға қатысты болса да, мүгедектік 
деңгейі алуан түрлі балалар айрықша, ерекше 
кедергілерге кездеседі.Топ ретінде «мүгедектігі 
бар балалардың» әркелкі сипатын барынша 
ескерсек, бұл мүгедектік деңгейі алуан түрлі 
балалардың мұқтаждықтары мен шектеулерін 
бағалаудың кілті болып табылады.
3.2.1. Мектеп орын-жайлары мен 
сынып бөлмелерінің құрылымы
Мүгедектігі бар балалардың әркелкілігін 
тану қажеттілігінің қарапайым мысалы мек-
теп орын-жайлары мен сынып бөлмелерінің 
құрылымына келіп тіреледі. Балалар фокус-
топтарына қатысушылар жалпы білім беретін 
мектептердің негізгі кемшіліктерінің бірі сы-
ныптарда оқушылардың көп екендігін атап 
өтті. Бұл сондай-ақ мүгедектігі жоқ балалардың 
үлгеріміне де әсер ететін мәселе, өйткені ол 
бір мұғалімге бірнеше баладан келетінін және 
жеке оқытуға аз көңіл бөлінетінін білдіреді, 
бірақ мүгедектігі бар балалар үшін бұл 
сәйкессіздіктер оқудан шығарып жіберу үшін 
оп-оңай негіз болуы мүмкін. Нашар көретін 
балаларға арналған арнайы мектептің балала-
ры жалпы білім беретін мектептердегі тақтаның 
сынып мөлшерінің ыңғайымен өте төмен 
орналасқанын атап көрсетті. 
Бір бала «олар сені артқы партаға отырғызып 
қояды, одан кейін ештеңе көрсе алмайсың» 
(3-бала; 1-ФТ) деп атап өтті. 
Екіншісі: «Олар сені ең артқы партаға 
отырғызады. Одан не көруге болады? Олар 
сіз [тақтаға]келе аласыз ба?» деп сұрай 
ма? Олар, жоқ, өзіңіздің партаңызда отыра 
беріңіз?» дейді деп қосты. (5-бала; 1-ФТ). 
Соңғы дәйексөз оқуды шектеуі мүмкін түрлі 
құрылымдық жетіспеушіліктерді атап көрсетеді: 
балаларды отырғызу көзі нашар көретін ба-
лалар үшін қиындық туғызса, ол тақта алдын-
да не болып жатқанын көрмесе, балаларға 
тақтаға жақындауға мүмкіндік бермейтін 
мұғалімдердің оралымсыздығы шешімше қол 
жеткізуді қиындатады. Ата-аналар сондай-ақ 
бұл шектеуді мойындайды. Инклюзивті мектеп-
ке баратын мүгедектігі жоқ баланың ата-анасы 
былай деп мәлімдеді: 
«Мысалы, мен сыныбында отыз оқушысы 
бар мұғалімге нашар көретін баламен нақты 
айналысу қиын болады деп санаймын. Оған 
бәрібір болғандықтан емес,тіпті оған бала-
ны тыныштандырудың өзі қиынға соғады». 
(2-ата-ана; 7-ФТ). 
57


Басқа ата-ана былай деп қосты: 
«Иә, мұғалімге мамандандырылған білім 
қажет» (4-ата-ана; 7-ФТ).
Мүгедек емес балалардың ата-аналары да 
мүгедектігі бар балалардың қатысуы жалпы 
білім беру сапасын төмендететініне байланы-
сты алаңдаушылық білдірді: 
«Иә, бұл балалар біздің балаларымыздан 
қалмай, қатар жүре алмайды, сондықтан 
бұл біздің балаларымыздың үлгеріміне кері 
әсерін тигізеді». (5-ата-ана; 8-ФТ). 
Бұл пікір мүгедектігі жоқ балалардың ата-
аналарының ортақ пікірі болып табылмаса 
да, кейбір ата-аналар бәрібір мүгедектігі бар 
балаларды жалпы білім беретін оқу үдерісіне 
қатыстыруға байланысты ашу-ызасын білдірді.
көмекші құралдар 
- жалпы білім беретін және 
инклюзивті мектептермен салыстырғанда 
мамандандырылған мектептердің нақты 
артықшылықтары болатын сала. Барлық 
сұралғандар мектептердің ерекше 
мұқтаждықтары бар балалардың, әсіресе 
мүгедектігі бар балаларға арналған арбалар-
ды пайдаланатын балалар мен басқышты пай-
далана алмайтын балалардың қажеттіліктерін 
қанағаттандыру үшін көмекші құралдармен си-
рек жабдықталғанын айтты. Инклюзивті білім 
беру бағдарламасының үйлестірушісі мынадай 
жарқын мысал келтірді:
«Мұнда балалардың сал ауруымен ауыратын 
бір қыз бала оқыды, оның әкесі біздің мек-
тепте еңбек сабағынан дәріс берді…Ол өзі 
келіп, қызын бір сабақтан екінші сабаққа 
көтеріп апаратын, мүгедектігі бар адамдарға 
арналған арбаны өзі әкелетін, оған ба-
лалар көмектесетін. Енді осындай екі-үш 
оқушы болғанын елестетіп көріңіз. Мұндай 
жағдайда не істеу керек? Мұғалімдер, әрине, 
мұндай балаларға көмектесе алмайды. Яғни, 
бізде мүгедектігі бар балаларды қабылдауға 
жағдай жоқ». (Мұғалім; 12-ИН). 
Басқа мектептің оқушысы толық араласу 
үшін айтарлықтай қайта құру талап етілетінін 
мәлімдеді: 
«...бізде пандустар жоқ. Мектеп дені сау 
балаларға арнап салынған, мүгедектігі бар 
балаларға арналған мектебіміздің есігін аш-
пас бұрын, біз көптеген нәрселерді өзгертуге 
тиіспіз; мүгедектігі бар балалардың асықпай 
және ешкімге кіріптар болмай жүріп-тұруы 
үшін толығымен жабдықталатын жаңа мектеп 
салу мақсатты болған болар еді». (4-мұғалім; 
9-ФТ)
Респонденттердің көпшілігі мектептер 
мен ондағы жабдықтар кеңестік кезеңнің 
қалдықтары болып табылатынын, оларды 
жаңартуға жеткілікті ресурстардың жоқ екенін 
атап көрсетті. Мүгедектігі бар адамдарға 
арналған арбалар өту үшін есіктің ойықтары, 
әдеттегідей, тым тар, табалдырықтар биік. 
Парталар тым тар және теңгерімсіз, қабаттар 
арасында ешқандай лифтілер немесе пан-
дустар жоқ. Нашар көретін адамдар үшін 
жарықты көрсететін жолақтар немесе 
тіректер онатылмаған. Респонденттердің бірі 
мұғалімдердің өздері инфрақұрылымның 
жаңартылуын көтермелеуде белсенді насихат-
таушы рөлін атқара алар еді деп санайды: 
«Біз мынау мүгедектер арбасына таңылып 
қалдық. Олар балалар бірінші қабатта қала 
алады деп ойлайды. Маған олар неге тек 
бірінші қабатта бола алатыны қызық. Онда 
0-ден 3 жасқа дейінгі 
балаларға арналған 
мамандандырылған сәбилер 
үйінде, Астана қ. 
58


Мүгедектігі бар балалардың жағдайына талдау: ҚазаҚстан республикасында инклюзивті ҚоғаМды даМыту
бізге екінші, үшінші қабаттар не үшін қажет? 
Олар бұл қабаттарды балаларға арналған 
дейді. Ал бұл адам оқушы емес пе? Ол да 
дәл қалғандары секілді оқушы. Неге оның 
екінші, үшінші қабаттарға шығуға құқығы 
да, рұқсаты да жоқ? Екінші қабатта химия, 
физика сыныптары бар. Үшінші қабатта ба-
лалар тарих пен географияны оқиды. Бұл 
оқушы мүмкін болашақтағы тарихшы неме-
се географ шығар? Мемлекет неліктен бұл 
оқушыға осы кабинеттерге қол жеткізу та-
лап етілмейді деп шешті? Олар өздері ересек 
адам болғандықтан және бұл кабинеттерге 
кіруге тыйым сала алатындықтан ғана ма? 
Бәрі өзіміздің қолымызда. Біз солай болуын 
қалауымыз керек». (Директор; 3-ИН)
Респондент мүгедектігі бар балаларды шығарып 
жіберуді негіздеу үшін сәйкес келмейтін 
инфрақұрылым пайдаланылды деп есептейді. 
Мүгедектігі бар балалардың жинақылықпен 
байланысты мұқтаждықтарына жауаптың 
болмауы олардың инклюзивтілігіне қатысты 
жалпы енжарлықтың көрінісі сияқты. Мұндай 
жағдай жетілдірудің қажет екендігін көрсетеді, 
бірақ аталған мәселе мемлекет тарапынан 
айтарлықтай қаржыландыруды және қолдауды 
талап етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет