әрбір әйел күшті стресс жағдайында бо-
лады ... біз оларды әңгімелесу жүргізетін
психологтарға жібереміз». (Дәрігер; ИН14)
Респондент, мүгедектігі бар баланың анасы
және оның отбасы қабылданатын шешімнің
жауаптылығын жете түсінуі керек деп санайды.
Медициналық мекеме қабылданатын шешімнің
медициналық салдарлары және психологиялық
салдарлары туралы әйелге және оның отбасына
хабарлай отырып, осы процесте маңызды рөл
атқара алады. Бұл қызметтердің тиімділігі ата-
анаға байланысты. Осы тұрғыдан қарағанда
неонаталдық күтім қажеттілігі туралы ата-
аналарға хабар беру басты рөл атқара алады.
Денсаулық сақтау қызметтерін бағалау
мақсатында қиындықтарды анықтау осы
саладағы әлеуметтік интеграцияны қалай
ынталандыруға болатытын көрсетеді.
Денсаулық сақтауды талқылау қорытындылары
бойынша мынадай кедергілер анықталды.
1. Бала туылғанға дейін оның болашақ әлеуметтік
интеграциясына ана денсаулығын қорғау арқылы
қолдау көрсетіле алады. Босанғанға дейінгі және
босанғаннан кейінгі тексерулерді жүргізу бала
денсаулығына қатысты қиындықтарды және
мүгедектікті ерте кезеңде анықтауға және ата-
аналарға өздерінің балаларының болашағын
жоспарлауға көмек береді.
2. Медицина қызметкеріне мүгедектікті ерте
жастан анықтау үшін қосымша оқу қажет бола-
ды. Ерте диагностика уақытында емделуге және
тиісті емделу тәсілдерін немесе оңалту жоспа-
рын белгілеуге көмектеседі, алайда медицина
қызметкерлерінің мұндай жоспарларды әзірлеу
және түсіндіру үшін тиісті құзыреттері болуы тиіс.
3. Мүгедектігі бар баланың мүгедектік деңгейін
төмендету үшін немесе мүгедектікпен қалай
күресу керектігі туралы білімнің жоқтығы бала
денсаулығына нұқсан келтіруі мүмкін. Ата-аналар
балаға диагноз қойылғаннан кейін оларды емдеу
үшін қолданатын әр қадам туралы нақты хабар-
дар болуы тиіс. Медицина қызметкерінің тиісті
ақпарат беру үшін мүгедектік жағдайына бай-
ланысты ғана емес, сонымен бірге мүгедектігі
бар балаға көмек көрсету үшін әлеуметтік қорғау
жүйесі туралы жеткілікті білімі болуы тиіс.
4. Ата-аналар өз балсының мүгедектігін емдеу-
де басты рөл атқарады. Олар күтім жасау және
оңалту орталықтары олардың үйде жасаған ша-
раларына қосымша қашан көмек бере алады
деп күтіп отыра алмайды. Баланың кейінгі өмір
кезеңінде қолданатын қажетті қозғалыс және
когнитивтік дағдыларды дамытуы үшін үйде күтім
жасау қажеттіліктері туралы ата-аналар хабар-
дар болуы тиіс.
5. Медициналық қызмет жасау форматтарының
әртүрлілігі ата-аналардың өз балаларын емдеу
жолдарын тұрақты іздестіруіне ынталандыра
алады. Тек қана интернаттық мекеме арқылы не-
месе күндізгі күтім жасау орталықтары арқылы
қызмет көрсеткеннен гөрі, мысалы, үйге барып
көмек көрсету медициналық және әлеуметтік
көмек режимін қолдауға көмектесуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: