Мүгедектігі бар балалардың жағдайына талдау: ҚазаҚстан республикасында инклюзивті ҚоғаМды даМыту
департаментіндегі медициналық-әлеуметтік
сарапшылық кеңес анықтайды(МӘСК).
Олар баланың мүгедектігін дәрігерлік-
консультативтік комиссияның қорытындысы
негізінде анықтайды және жеке оңалту
бағдарламасын (ЖОБ) әзірлейді және
ЖОБ негізінде кейбір ұсыныстар беріледі».
(Респондент; ИН8).
Бала мүгедектігі бар деп танылған соң және
оған жеке оңалту бағдарламасы берілген соң
жәрдемақы беру туралы өтініш қоса берілген
құжатты ұсыну керек. Жәрдемақы сұрау үдерісі
медициналық қызмет жасауға кедергі келтіруі
мүмкін, әсіресе қажетті көмекке немесе
жабдыққа әлеуметтік жәрдемақыға берілген
өтініштің өңделуі тұрып қалғанда қол жеткізу
қиындайды. Бір фокус-топтағы ата-аналар
өтінішті өңдеу жүйесіндегі тиімсіздік қате көмек
берілуіне әкелуі мүмкін екенін талқылады:
«Мысал үшін, тіпті жаялықтардың өзін айтар
болсақ. Егер оларды дұрыс берсе жақсы бо-
лар еді. Бірақ біз ешуақытта өзімізге қажетті
өлшемді ала алмаймыз. Мысалы, бізге
бесінші нөмірлі жаялық керек, бірақ бала күн
санап өсуде, енді алтыншы нөмірлі жаялық
алу үшін мен барлық құзатты қайта жинап,
өткізуім керек, себебі бесінші нөмірлі жаялық
оған тар». (3-ата-ана; ФГ6)
«Сіз барлық құжатты жинағанша, бала тағы
да өсіп кетеді». (6-ата-ана; ФГ6)
«Ұзақ күтіп отырғаннан кейін сізге бесінші
көлемді жаялық керек болмай қалады».
(2-ата-ана; ФГ6)
Кейбір ата-аналар үшін әлеуметтік көмек жүйесі
олардың балаларының қажеттіліктерімен са-
наспайды. Ішінара бұл мәселе көмек беру
құрылымының өзімен байланысты болуы
мүмкін. Үкіметтік ведомствоның өкілдерінің
бірі атап көрсеткендей, мүгедектігі бар бала-
лар кейде сатып алу жүргізу талаптарының сал-
дарынан ұзақ уақыт бойы бұйымды күтіп қалу
қиындығына ұшырасып жатады:
«…Мемлекеттік сатып алу туралы заңға
сәйкес қазіргі протездік-ортопедтік құрал-
жабдықтар сатып алынғанша күтеді. Алайда
Қазақстанда мұндай қызметерді конкурстық
сауда жүргізу рәсімдерінің сақталуын қажет
етпейтін бір ғана кәсіпорын ұсынады»
(Директордың орынбасары; ИН9).
Үдеріске одан бері түзету енгізілгенімен,
құқықтық база сөз болып отырған халық
өкілдерінің қажеттіліктеріне сәйкеспейтініне
байланысты, бұл мысал қиындықты анық
көрсетіп отыр.
Өтінішті уақытында беру және әлеуметтік
жәрдемақы алу жүйенің бірінші қадамнан бастап
соңғы қадамға дейін қалай жұмыс істейтінін жан-
жақты түсінуді талап етеді. Респонденттердің бірі
қанағаттанарлықсыз ақпаратпен алмасу өтініш
беру үдерісінің әртүрлі кезеңдерінде әлеуметтік
жәрдемақыға қол жеткізуді қалай шектейтініне
назар аудартты:
«Баласына мүгедектік деңгейі берілген ата-
анада жәрдемақы алуда және әлеуметтік
көмектің жалпы барлық түрлерін алуда
еш қиындық жоқ. Мәселенің қиындығы
сол, балалардың бәріне мүгедектік
деңгейі берілмейді. Және де мемлекеттік
қызметкерлер мүгедектігі бар балалары
бар ата-аналармен ашық, позитивті диа-
лог жүргізуге арналған ақпаратты тарата-
тын кез келген арналарды жауып тастай-
ды. Бала сырқатының соңғы деңгейінде
бұл баланың мүгедектік деңгейін алуға
және осы үшін мемлекет бөлетін барлық
әлеуметтік жәрдемақыларды алуға құқығы
бар екені анықталады ... ақпарат тарата-
тын арналардың жеткіліксіздігі, ақпараттың
жоқтығы және халықтың азаматтық
жауапкершілігінің төмендігі қиындық
туғызады...». (Директор; ИН6)
Достарыңызбен бөлісу: