Тақырыбы: Қазақстандағы туризм түрлері дамыған орындар



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата07.10.2022
өлшемі0,54 Mb.
#152060
1   2   3
Байланысты:
Документ

БУРАБАЙ 
 


Тарихи-археологиялық ескерткіштердің туристік-
экскурсиялық сапарлардағы орны ерекше. Археологиялық 
ескерткіштердің кез-келген нысандары туристік-экскурсия 
жұмыстарында маңызды орын алады. Соның ішінде 
Жетісудағы 
Сақ
 қорғандары, 
Талхиз
 қалашығы, Оңтүстік 
Қазақстандағы Отырар, Сайрам, Батыс Қазақстандағы 
Сарайшық, т.б. көне қалалардың орнына туристердің 
қызығушылығы мол. Археологиялық-тарихи 
ескерткіштердің қазірге дейін жеткен нысандарының ішінде 
қорғандар мен мазарлардың маңызы зор. Қола дәуір 
ескерткіштеріне жартастағы петроглифтерді атауға болады. 
Оларға әйгілі бірегей ғибадатханалар: Аңырақай тауының 
Таңбалы сайындағы, Көксу өзеніндегі Ешкіөлмес 
ғибадатханасы, сондай-ақ Шолақ, Кіндіктас, Баянжүрек 
тауларындағы тастағы суреттер жатады. Біздің дәуірімізге 
дейінгі 6 – 3 ғасырлардан қалған сақ қорғандары, Бесшатыр 
қорымындағы жерлеу камерасы және сақ әскері киімін 
киген “Алтын адам”, 2001 – 2002 жылдары Шығыс 
Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданының Бергіел (Берел) 
қорғанында табылған “Сақ патшайымы” археол туристік 
нысандарға жатады. Ортағасырлық 
Түркістан
, Отырар, 
Тұрбай, Құлан, Мерке, Талхиз, Жаркент қалалары, т.б. елді 
мекендер қазіргі туристік нысандар болып табылады. 
Отырар


Тәуеп ету (діни) туризм нысандары республика аумағында 
көптеп кездеседі. Оларға түркі әлеміндегі қасиетті Түркістан қаласы, 
Қожа 
Ахмет Иасауи
 кесенесі, Абаб-Араб мешіті, Гауһар-ана зираты, Әли-Қожа 
бейіті, т.б. жатады. Адамдар бұл қасиетті жерлерге тәуеп етіп, Аллаға сиыну 
үшін келеді. Одан басқа Қоғам а. маңында (Отырар ауданы) 
Арыстан баб 
кесенесі
, Ибраһим-ата бейіті, Қарашаш ана кесенесі, Тұраба ауданыннда – 
Ысмайыл-ата мазары орналасқан. 
Жамбыл облысында
 – 
Айша бибі
 кесенесі 
мен Қарахан кесенесі, Қызылорда облысында – Артық, Айтман 
кесенелері, 
Балқаш
 көлі маңында – Тектау ата, Әуез бақсы, т.б. киелі 
орындар бар. Қазақ халқының азаттық күресі жолындағы батырларға, 
қолбасшыларға деген құрмет белгісі мемориалдар мен ескерткіштерде 
көрсетілді. Бұларға 
Райымбек
 пен 
Қарасай батыр
 ескерткіштері (Алматы 
облысы) Қордайдағы (Жамбыл облысы) Өтеген батыр, 
Ақтөбедегі
 Есет 
батыр, Солтүстік Қазақстандағы Ағынтай мен Қарасай 
ескерткіштері, 
Астанадағы
 
Қаракерей Қабанбай
 ескерткіштері, т.б. жатады. 
Ордабасы мен Аңырақай сағасының жазығы, 
Ұлытаудағы
 үш жүздің басын 
қосқан жер, тарихи орындар ретінде Жошы және 
Алаша хан
 кесенелері, 
Алматыдағы тәуелсіздік монументі, Астанадағы үш би ескерткіштері 
қастерлі орындар санатында туристік нысандарға қосылады. Қазақ 
тарихындағы құнды мәдени ескерткіштер қатарына: 
Қозы Көрпеш - Баян 
Сұлу

Еңлік-Кебек
 кесенелері, Ш.Уәлиханов, Қ.Мұңайтпасұлы 
мемориалдары, Сұлтан Бейбарыс, Құрманғазы және Д.Нұрпейісова, Абай, 
Абылайхан, Әлия мен Мәншүк, А.Иманов, І.Жансүгіров, С.Сейфуллин, 
М.Әуезов, т.б. көптеген естелік орындар жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет