Қосымша метаболизмді белгілейтін генетикалық ақпарат жүзе-
ге асу үшін ерекше жағдайлар керек. Жасушалардың түріне тән
ерекше заттарды синтездеу қабілетін жоғары деңгейде сақтау
үшін генетикалық деңгейіндегі әрекеттер мен жасушалық сүрып-
тауды қолданады. Ең жақсы өнімді штамдарды суспензияда өсіре-
ді, яғни қатты ортада алғашқы шыққан каллустар сүйық ортаға
көшіріледі. Өсіру тәртібі өзгергенде штамм өзінің сапасын жоғал-
тпауы керек, сондықтан ол стресс жағдайларына төзімді болу
керек. Жетінші кезеңде өнімді және түрақты штамдарды өндіріс
жағдайына жақын көлемдері жүйелі кеңейтілетін ферментерлерде
иммобилденген түрде өсіреді. Егер иммобилденген жасушалар
осындай жартылай өндіріс жағдайында өсу қарқындылығьга сақ-
тап және қажетті заттың синтезін, жинақталуьш және оньщ ор
тага бөлініп шығуын өзгертпесе, бүндай штамды ірі масштабтық
ондірісте пайдалануга болады. Сонғы кезеңде жасушалық био-
массаны алады және оны багалаудың техникалық регламентін (іс
тәртібін) жасайды.
Иммобилденген жасушаларымен қатар инженерлік энзимоло-
гия көмегімен иммобилденген ферменттерді пайдаланады. Иммо
билденген ферменттерді автомат анализаторда қолдану, көп рет
көлемді сынамалардың талдауын жүргізуге және көп көлемді сүй-
ықтықтар ағынының көрсеткішін үздіксіз тіркеуге мүмкіндік бе-
реді. Әртүрлі өндірісте төменде ферменттердің иммобилденген
түрдегі препараттарын кең пайдаланады:
— крахмалдан глюкозалық сироп алу үшін амилазаны;
— глюкозаны фруктозаға изомерлеу үшін глюкоизомераза;
— жеміс-жидек шырындарын жарықтандыру пектинметилэс-
теразаны;
— инверттік қант алу үшін инвертазаны;
— казеин гидролизатынан және алынған сүт ақуыздарын үздіксіз
коагуляциялау үшін пепсинді;
— антибиотиктердің модификациялану реающяларын катализ-
деУ үшін пенициллинамидазаны және тағы басқа ферменттерді
қо^анады .
Достарыңызбен бөлісу: