№3 ДАУЫССЫЗ ДЫБЫСТАР
1.Мәтіннен дауыссыз дыбыстардың астын сыз.
Абай - өз заманының жаршысы. Оның шығармалары - сол заманның
шежіресі. Оларда сол кездегі қазақ қауымының тұрмыс-тіршілігі барлық
ерекшеліктерімен, тек өзіне ғана тән белгі-бедерімен, өзіндік бояу
өрнектерімен мейілінше айқын да толық бейнеленген. Абайға баратын жол -
ұзақ жол.
(Ж. Смагұлов)
2.Төмендегі сөздерге керекті дыбыстарды жаз және қандай дыбыс екенін
айт.
Бота...өз, ше...ара, бейс...бі, қысты...үні, Жомарт...ек, қа...арман, гау...ар,
Сар...арқа, ба...ыт.
3.Мәтінді көшіріп жаз.
Дәріден де күшті ем
Нағима апай бүгін ауырып отыр. Дәрігер шақыртқан жоқ. Сабақты тастап
кете алмады. Балаларды ойлайды. Сабақта көңілсіз, үнсіз отыр . Балалар да
мұғалімнің ауырғанын білді. Олар тыныш отыр. Мұғалімнің үстелінің үстіне
біреуі алма, біреуі кәмпит, енді біреуі тоқаш, құрт қойып жатыр.
- Апай, мынаны жеңізші. Мүмкін, жазылып кетерсіз, - дейді балалар.
Нағима апай оларды құшақтап:
- Сендерге рақмет, балалар. Маған алма, кәмпит емес, сендердің
түсінгендерің дәріден де күшті ем,- дейді.
__________________________________________________________________

_____________________________________________________________

__________________________________________________________

__________________________________________________
|