«Қазақ тілі» пәнінен (оқыту қазақ тілінде)



Pdf көрінісі
бет11/21
Дата10.10.2022
өлшемі0,82 Mb.
#152448
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21
Байланысты:
osh sor aza-tili 11 ogn

бағалау 
 
Оқу мақсаты 
11.2.4.1 
11.3.2.1 
әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми ісқағаздар, 
публицистикалық, ауызекі сөйлеу, көркем әдебиет 
стилі) мәтіндердің тақырыбын, автор көзқарасын, 
мақсатты 
аудиторияға 
сәйкес 
қызметін, 
құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау
таза ғылыми стильдің жанрлық және стильдік 
ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды 
қолданып, мақала жазу 
Бағалау критерийі 
Білім алушы 
Әртүрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын, автор көзқарасын, 
мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік 
ерекшелігін салыстыра талдайды 
Ғылыми стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай 
тілдік құралдарды қолданып, мақала жазады 
Ойлау дағдыларының 
деңгейі
Жоғары ойлау деңгейлері 
Орындау уақыты 
15-20 минут 
Тапсырма 
1. Кестені пайдаланып, берілген мәтіндерді тақырыбы, автор көзқарасы, мақсатты 
аудиторияға сәйкес қызметі, құрылымы, тілдік ерекшелігі тұрғысынан салыстыра талдаңыз. 
1-мәтін 
Өзіңіздің бизнесіңізді ашамын десеңіз идеялар толып жатыр. Қалағанын таңдай беруге 
болады. Дегенмен қазір көптеген технологиялар ойлап табылды және қандай да бір жаңалық 
ашу өте қиын. Сол себепті ешкім қайта велосипед ойлап таппай, негізінен бар идеяларды жай 
ғана түрлендіріп, пайдаланады. 
Ал әлемді өзгерткен ерекше, оригинал идеялар қандай? Тарихқа бір көз жүгіртіп 
көрейік. 
Ракета қозғалтқышы (1926) 
Физика мұғалімі Роберт Годард Уэллстің «Әлем соғысы» шығармасын қатты жақсы 
көрген. Ғылыммен айналысу барысында ол ракетаның жанармайын зерттеуге көп уақытын 
жұмсаған. Роберт сүйікті шығармасында жазылған ғарышқа сапар шындыққа айналатынына 
сенетін. Өзінің алғашқы зымыранын ол 1926 жылы көкке ұшырды. Зымыран сұйық жанармай 
құйылған қозғалтқыш арқылы жұмыс істеді. Ол кезде қондырғы тек 6,5 метрге көтеріле алды. 
Бірақ бұл адамзаттың ғарышты зерттеуіне бастама берді. 
Кардиостимулятор (1958) 
Бұл миллиондардың өмірін сақтап қалған өнертабыс аяқ астынан ойлап табылды. 
Инженер Уилсон Грейтбатч жүректің қағысын жазып отыратын транзисторды жасаумен 
айналысқан. Бір кезде ол бір резисторды қате қосып, қондырғының жүрек қағысына 
ұқсайтын ритм шығара бастағанын байқаған. Осылайша Уилсон бұл құрылғының жүрек 
қағысын қадағалап отыра алатындығын түсінген. Көптеген тәжірбиелер жүргізілгеннен 
кейін, кардиостимуляторлардың қолданысы артып, көпшіліктің өмірін құтқара бастады. 
Модем (1979) 
Егер модем болмағанда интернет те болмас еді. Қазіргі әлемді интернетсіз елестету 
қиын. Алғашқы модем Hayes Microcomputer Products компаниясымен Apple II компьютері 
үшін жасалды. Ол секундына 300 бит жылдамдықпен жұмыс істеді. Ал қазіргі модемдердің 
жылдамдығы секундына – миллион бит. Айырмашылықты байқап тұрған боларсыз. 
Технологияны үздіксіз жетілдірудің арқасында, міне, бүгінгі таңда жылдам интернетті 
пайдаланып отырмыз. 


 
17 
2-мәтін 
Пеницилин 
Александр Флеминг 1928 жылы өзінің «салақтығынан» пенициллин преператының 
негізін қалады. Ол Петри кеселерінің көгеріп кеткен біреуінің ішіне үңіліп, бактерия 
колонналарының мөлдір күйге енгенін байқайды. Соның арқасында ғылымға үлкен жаңалық 
әкеліп, бактериялық денелерді бұзатын пенициллин белсенді затын ойлап табады. 
Бастапқыда ол өзі ашқан жаңалықтың көмегімен дәрі жасауға болатынына аса сене 
қоймайды. Бірақ оның ісін Говард Флори мен Эрнст Борис Чейн деген мамандар 1940-1941 
жылдар аралығында жалғастырып, пенициллинді тазалау әдісін тәжірибеге енгізді. Олар 
алғаш болып бактериялық инфекцияларға қарсы емдеу үшін қолданған. 
Пенициллинді жаппай өндіру ісі екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жолға қойылды. 
1945 жылы А. Флеминг пен жоғарыда аттары аталған екі ғалымға физиология және медицина 
саласы бойынша Нобель сыйлығы табыс етілді. 
Қатері және сақтық шаралары 
Кейбір адамдарда пенициллин аллергиялық реакция туғызады. Қызыл таңдақтар немесе 
қызыл бөрітпелер шығып, қышуы аллергиялық реакциялардың жеңіл түріне жатады. Бұл 
көбіне пенициллин шанышқаннан кейін бірнеше сағаттан немесе бірнеше күннен кейін пайда 
болып, бірнеше күндерге созылуы мүмкін. Кейде пенициллин өзі бұрын жойып келген 
инфекцияларға қарсы әсер ете алмайтын болып қалады. Бұл бактериялардың пенициллинге 
берілмейтін қасиетінің қалыптасуынан болады, бұдан әрі пенициллин бұл бактерияларды жоя 
алмайды. Технологиялардың дамуы нәтижесінде пеницилин бүгінгі таңда сұранысы төмен 
дәрі-дәрмектердің қатарына кірген. 
Тақырыбы
1-мәтін 
2-мәтін 
Автор көзқарасы
Мақсатты аудиториясы 
Құрылымы
Тілдік ерекшеліктеріне мысалдар
2. «Зерде» журналына «Әлемді өзгерткен өнертабыстардың адамзат денсаулығына әсері» 
тақырыбында ғылыми стильде мақала жазыңыз.


 
18 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет