142
қатты
кеңіп
кетеді.
Олар
катехоламиндерге
жауап
қайтармайды.
Гиповолемия
кезінде
катехоламиндердің
әсерінен артериялық қан қысымы кӛтерілудің орнына,
керісінше, кҥрт тӛмендеп кетуі мҥмкін.
Бҧл кезде гипоксия барлық ішкі ағазаларда,
сонымен
қатар мида дамиды. Осыдан тыныс алу және қан тамырларының
қимылдық
орталықтары
салданады,
науқас
адам
жан
тапсырады.
Жарақаттануға дейінгі жҥрек аурулары,
коронарлық қан
айналымның жеткіліксіздіктері шок кезінде жҥйелік қан
айналымның бҧзылыстарын одан сайын кҥшейтеді. Коронарлық
тамырлардың склерозы бар қарт адамдарда шок кезінде жҥрек
қызметінің бҧзылыстары ӛте ауыр ӛтеді. Сонымен,
шокқа
себеп-салдар тізбегі тән. Шоктың қызбаланыстық сатысында
жҥйкелік-эндокриндік серпілістердің ҥлкен
маңызы бар, ал
сілеймелік сатысында бҧған жҥрек-қантамырлар жҥйесінің
бҧзылыстары
қосылады,
артынан
зат
алмасуларының
ӛзгерістері мен гомеостаздың бҧзылыстары ҥлкен орын
алады.
Сонымен қатар шоктың патогенезінде жарақаттың тҥрі мен
орналасқан жерінің маңызы бар. Мысалы, кеуде қуысы
ағзалары жарақаттанғанда тҧншығу,
пневмоторакс, жҥрек
қызметінің бҧзылыстары, ал іш қуысы ағзалары бҥлінгенде
ішек-қарын жолдарынан болатын улану т.с.с. жағдайлар
сілейменің дамуына ҥлкен ықпал етеді.
Организмнің бірнеше мҥшелері
жарақаттанғанда немесе
жарақаттану басқа әсерлермен қабаттасқанда (радиация, қан
кету, дене мҧздауы, қызыну, гипоксия, тағамдағы нәруыздар
мен витаминдердің тапшылығы т. б.) шок тым ауыр тҥрде
ӛтеді. Балаларда және қарттарда ол қатты дамиды.
Сілеймеден кейін кӛптеген қоздырғыштарға организмнің
тӛзімділігі тӛмендейді.
Достарыңызбен бөлісу: