210
организмге аз тҥсуінен;
●
организмнен
фосфордың
несеппен
тым
артық
шығарылуынан,
мәселен,
қалқанша
серік
бездерінің
гиперфункциясында, ауыр металдармен уланудан нефрон
ӛзекшелерінің бҥліністерінде, Д-гиповитаминозы кезінде
бҥйрек ӛзекшелерінде фосфордың бастапқы несептен қанға
кері
сіңірілуі
тежеледі;
Осылардан
гиперфосфатурия
дамиды;
● ішек-қарын жолдары арқылы фосфаттардың организмнен
сыртқа артық шығарылуынан, мәселен, антацидтерді кӛп
пайдаланудан, олар фосфаттарды байланыстырып сыртқа
шығарады;
● қаннан фосфаттардың жасушаларға артық ауысуынан,
мәселен, гликолиз ҥрдісі тым артық болғанда жасушаларда
кӛмірсуларының фосфорланған ӛнімдері кӛбейеді, алкалоз
кезінде
гликолиз
артып,
жасушалармен
фосфаттардың
тҧтынылуы ҧлғаяды.
Сонымен бірге Х-хромосомасымен тіркескен тҧқым қуатын
гипофосфатемия белгілі.
Гипофосфатемияның кӛріністері:
● гипофосфатемия кесек қуатты макроэргиялық қосылыстар
тҥзілуінің
бҧзылуына
әкеледі.
Осыдан
АТФ
және
креатинфосфаттың тапшылығы дамиды. Сондықтан жоғарғы
жҥйке әрекеттерінің бҧзылыстары: тҧнжырау, ой қызметінен
тез шаршау, естен тану т.б. әйгіленімдер байқалады.
Бҧлшықеттердің әлсіздігі, тыныс алудың қиындауы сезіледі.
Жҥрек қызметінің әлсіреу белгілері дамиды;
● гипофосфатемия кезінде РНК мен ДНҚ тҥзілуі бҧзылады,
сҥйекке
минералдардың
жиналуы
тоқталады,
балаларда
мешелдік
ауруы,
ересектерде
сҥйектің
жҧмсаруы
(остеомаляция), остеопороз, сҥйек сынғыштығы дамиды;
● фосфатурия 100 мг/л-ден астам болады.
Бҧл кезде науқас адамдардың денесінде парестезия,
саусақтардың ҧйып қалуы, бҧлшықеттерде және жҥректе ауыру
сезімі болуы, жадының әлсіреуі, тырыспа-селкілдек дамуы,
сананың жоғалуы т.с.с. әйгіленімдер пайда болады.
Гипофосфатемияның
нәтижесінде
қан
жасушаларының
тіршілік ҧзақтығы қысқарады, гемолиздік анемия, иммундық
тапшылықтық дамиды. Оған бауыр қызметінің жеткіліксіздігі
т.б. белгілер қосылады.
Достарыңызбен бөлісу: