37
жатады. Дегенмен, бҥл кезде орталық жҥйке жҥйесінде қозу
ҥрдісі басым болады, адамның жӛнсіз қызбалығы, ӛз
жағдайын дҥрыс бағалай алмаушылығы, қимыл-қозғалысының
ҥйлесімсіздігі
байқалады.
Адам
тоқмейілсіп,
кӛп
жағдайларға мән бермейді, араққа мас болған адамдай кӛңіл
кҥйін шаттық билейді (эйфория).
Ары қарай 5000 м биіктіктен астам кӛтерілгенде таулық
аурудың теңгерілмеген сатысы дамиды. Бҧл кезде терең жиі
тыныс алудың нәтижесінде организмнен СО
2
артық шығарылып
кетеді. Қоректік заттардың толық тотықпауынан тіндерде
СО
2
газының тҥзілуі азаяды. Осы екі жағдайдан организмде
(қанда) СО
2
газының деңгейі тӛмендейді, гипокапния
дамиды, газдық алкалоз байқалады. Сондықтан мидағы тыныс
алу, қан тамырларының қимылдық т.с.с. орталықтардың
қозымдылығы азаяды. Енді кӛңіл-кҥйдің кӛтеріңкілігі
(эйфориясы)
қатты
тҥнжыраумен
(депрессия)
ауысады,
орталық жҥйке жҥйесінің тежелуі болады. Бҧл кезде науқас
адамның
қимыл-қозғалысы
азаяды,
тез
шаршағыштығы
байқалады, барлық шартты, шартсыз рефлекстері жоғалады,
ол терең ҧйқыға батады. Осыдан науқастың тыныс алуы
сиреп, ҥзілісті (Чейн-стокс, Биот) тыныс алу пайда
болады. Оттегінің жетіспеушілігінен, гапокапниядан және
алкалоз дамуынан мидағы тыныс алу орталығының салдануы
адамның ӛліміне әкеледі.
Достарыңызбен бөлісу: