356
Гипосенсибилизация.
Гипосенсибилизация
-
деп
организмнің
антигенге
кӛтеріңкі сезімталдығының иммундық тетіктерін тежеуге
немесе оның дамуынан алдын-ала сақтандыру жолдарына
бағытталған профилактикалық шаралардың жиынтығын айтады.
Гипосенсибилизация қҧбылысын 1907 жылы А. М. Безредка
ашты. Анафилаксиялық сілеймеден тірі қалған жануарларға
оны туындатқан антигенді бірнеше кҥннен кейін қайта
енгізгенде,
олардың
жоғары
сезімталдығы
жоғалады,
анафилаксиялық сілейме қайтадан дамымайды. Клиникаларда
сіреспеге, кҥл ауруына (дифтерияға) т.б. ауруларрға қарсы
емдік сарысуларды адамға енгізерде жоғары сезімталдықты
тӛмендететін енгізулер кеңінен қолданылады. Антигеннің
негізгі бӛлшегін енгізуден 1-2 сағат бҧрын науқастың тері
астына (қанға жіберуге болмайды!) 0,05—0,1 мл осы сарысуды
енгізу қажет. Бҧл жағдайда қайталап енгізілген антигенге
адам организмінде аллергиялық серпілістер байқалмайды.
Гипосенсибилизация спецификалық және бейспецификалық
болады.
Спецификалық гипосенсибилизация
аллергиялық ауруы
бар науқасқа сезімталдықты кӛтерген аллергеннің ӛте аз
мӛлшерін енгізу арқылы жҥзеге асырылады. Бҧл кезде
енгізілген
аллергенге
қарсы
организмде
тежегіш
(қорғаныстық)
антиденелер
(ІgG)
ӛндіріледі.
Бҧл
антиденелер арнайы аллергенмен тез байланысып:
● фагоцитозға ҧшырайтын аллерген+антидене кешенін
қҧрады;
● аллергиялық антидене ІgЕ тҥзілуін азайтады;
● аллергиялық дәнекерлерді тез бейтарапталып ҥлгеруіне
мҥмкіншілік пайда болады;
● Т-супрессорлардың белсенділігі қалпына келеді.
Бҧндай гипосенсибилизация аллергиялық серпілістердің
реагиндік I-тҥрін (поллиноздарды, атопиялық бронхиалық
демікпені, есекжемді т.с.с. ауруларды) емдеуде нәтижелі
болады.
Достарыңызбен бөлісу: