Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет351/599
Дата12.10.2022
өлшемі6,76 Mb.
#152853
1   ...   347   348   349   350   351   352   353   354   ...   599
Байланысты:
Жалпы патфиз

сҥйек кемігілік сатысы
дейді. Шеткері қанда бірен-саран нормобластар пайда 
болады, полихроматофилдік (әрі қышқыл, әрі сілтілік 
бояулармен 
боялатын) 
жас 
эритроциттердің 
немесе 
ретикулоциттердің саны кӛбейеді. Бҧл сҥйек кемігінің 
регенерациясын кӛрсетеді. Осыдан қызыл қан тҥйіршіктерінің 
ӛндірілуі тездегендіктен олардың жетілуі кеміс қалады.
Сондықтан жетілмеген (ядросы, тҥйіршіктері бар) және 
гемоглобинмен қанықпаған эритроциттер қанға тҥсе бастайды. 
Бҧл кезде жоғалған қанмен бірге темір иондары да кӛптеп 
жоғалады. Осыдан жіті қансыраудың нәтижесінде организмде 
темірдің тапшылығына байланысты гемоглобиннің тҥзілуі 
азаяды. Содан эритроциттердің гемоглобинмен қанықпауынан 
тҥстік кӛрсеткіш тӛмендейді, гипохромдық анемия дамиды.
Қорыта келгенде, жіті постгеморрагиялық анемия: 
● сҥйек кемігі қызметінің қалпына келу мҥмкіншілігіне 
қарай – регенерациялық анемияға; 
● қан ӛндірілу тҥріне қарай – нормобластық анемияға; 
● тҥстік кӛрсеткіші бойынша – нормохромдық немесе 
гипохромдық анемияға; 
● 
эритроциттердің 
кӛлемі 
бойынша 
– 
нормоциттік 
анемияға жатады. 
Созылмалы постгеморрагиялық анемия
кейбір (асқазан 
ойық 
жарасы, 
жатыр 
фибромасы, 
дисменоррея, 
кӛтеу 
(геморрой) т. б.) дерттердің нәтижесінде қан тамырлары 
бҥлінуінен және тромбоциттік-қан тамырлық, коагуляциялық 
гемостаздың бҧзылыстарынан болатын жиі қан кетулерден 
кейін дамиды, Жиі қайталанган қан кетулер кезінде темір 
иондарының 
жоғалуы 
гипохромдық 
және 
микроциттік 
теміртапшылықты анемия дамуына әкеледі. Қан жағындыларын 
зерттегенде 
анизо- 
және 
пойкилоцитоз, 
анизохромия, 
микроциттер байқалады. Қан ӛндірілу тежелгенде бҧл анемия 
гипорегенерациялық немесе арегенерациялық (аплазиялық) 
анемияға 
ауысады. 
Бҧл 
кезде 
қанда 
эритроциттердің 
дегенерациялық 
ӛзгерген 
тҥрлері 
артады 
(гипохромия, 
анизопойкилоцитоз), эритроциттердің жетілмеген жас тҥрлері 
азаяды немесе толық жоғалып кетеді (толығырақ темір 
тапшылықты анемияны қараңыз). 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   347   348   349   350   351   352   353   354   ...   599




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет