Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Панкреатикалық полипептид (РР)



Pdf көрінісі
бет531/599
Дата12.10.2022
өлшемі6,76 Mb.
#152853
1   ...   527   528   529   530   531   532   533   534   ...   599
Байланысты:
Жалпы патфиз

Панкреатикалық полипептид (РР). 
Бҥл пептид 36 амин-
қышқылдарынан тҧрады және ҧйқы безінің D-жасушаларымен 
ӛндіріледі. Сонымен бірге жҥйке жҥйесінде тҥзіледі. 
РР ӛт қабының жиырылуын әлсіретеді, ӛт ӛзектерінің 
межеқуатын 
кӛтереді. 
Содан 
ӛттің 
ішекке 
шығарылуы 
тежеледі. Бҧл пептид ҧйқы безінің сӛл бӛлуін тежейді, 
асқазанда тҧз қышқылы ӛндірілуін азайтады, организмге 
енгізілген глюкозаға инсулин ӛндірілуін тӛмендетеді. РР 
кӛп ӛндірілуінен іштің жоғарғы жағында ауыру сезімі, 
сарғыштану, іш ӛту, жҥдеу байқалады. 
Холецистокинин-панкреозимин. 
Бҧл 
пептид 
33 
аминқышқылынан тҧрады және ҧлтабардың, аш және тоқ 
ішектердің арнайы жасушаларымен ӛндіріледі. Холецистокинин 
ӛт қабын жиырады, ҧйқы безінің сӛл бӛлуін ширатады. Мидағы 
холецистокинин тойыну сезіміне, тәбетке әсер етеді. 
Мотилин-22 
аминқышқылдарынан тҧрады және ашішектің 
жоғары бӛліктерінің және ҧлтабардың энтерохромаффиндік 
жасушаларымен ӛндіріледі. Мотилиннің ӛндірілуі кезбе 
жҥйкенің әсерінен болады. Ол асқазан мен ішектердің 
қимылдық әрекеттерін кҥшейтеді. 
Ас қорыту жолдарының биогендік аминдері және олардың 
дерт дамуындағы маңызы.
Гистамин. 
Асқорыту жолдарында, әсіресе асқазанда, 
гистамин кӛп болады. Онда ол лаброциттерден және ЕсL-
жасушаларынан босайды. Гистамин асқазанның сӛл бӛлуін 
кҥшейтеді, оның қышқылдығын, пепсин мен шырышты кӛбейтеді. 


634
Ол кезбе жҥйкелер мен гастриннің әсерлерін арттырады. 
Ішектерде сіңірілу ҥрдісін азайтып, гистамин судың 
бӛлінуін 
кӛбейтеді. 
Ол 
ішектердегі 
Н
1
-рецепторларды 
қоздырып, олардың тегіс еттерін жиырылтады, аллергиялық 
серпілістер 
кездерінде 
ішек-қарынның 
бҥліністерін 
туындатады. 
Серотонин. 
Ішектердің энтерохромаффиндік жасушаларында 
серотонин кӛптеп ӛндіріледі. Серотонин тҧз қышқылының 
бӛлінуін тежеп, асқазанда шырыш бӛлінуін кӛбейтеді. Ол 
асқазанның пилорустық бӛлігінің перисталтикасын азайтып, 
ашішектің перисталтикасын кҥшейтеді. Ішектерде серотонин 
сіңімдікті тежеп, су мен электролиттердің ішек сӛліне 
бӛлінуін кӛбейтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   527   528   529   530   531   532   533   534   ...   599




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет